Реферат: Биология | Автоподий
Автоподий (autopodium; гр. autos — өзім, өздігінен; лат. podium — аяқ, негіз) — қол мен яқтың еркін қозғалатын бөлімінің төменгі бөлігі. Адамда автоподий колбасы және аяқбасы, ал жануарларда алдыңғы аяқбасы және артқы аяқбасы деп аталады. Автоподий өз кезегінде үш бөліктен.Азиподийден (грек, basis — негіз), (жоғарғы бөліктің) қаңқасын бірнеше қатарда орналасқан қысқа сүйектер: адамның қол қаңқасындағы білезік сүйектері, аяқ қаңқасындағы тілерсек (толарсақ) сүйектері; жануарлардың алдыңғы аяғындағы тізе сүйектері, артқы аяғындағы тілерсек сүйектері құрайды.Метаподийдің (ортаңғы бөліктің) қаңқасын үзын түтікше сүйектер: адамның қол қаңқасындағы алақан және табан сүйектері; жануарлардың аяқтары қаңқасындағы: алдыңғы және артқы жіліншік сүйектері.Акроподийдің (грек, akron — аяқ, соңғы) (төменгі бөліктің) қаңқасын: адамның қол қаңқасындағы саусақ сүйектері, жануарлардың аяқтары қаңқасындағы бақай (түяқты жануарларда) және тырнақ (жыртқыш жануарларда) сүйектері құрайды
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: