Реферат: Биология | Анималькулисттер
Анималькулисттер (көне грекше: апіmalculum - жануар төлі) - "шәуеттегі сперматозоид — жетілген дайын тым кішкентай организм, ұрықтың дамуы - осы тым кішкентай организмнің мөлшері жағынан ғана өсуі" - деп қате түсінікге болған XV1I-XVIII ғасырлардағы биолог-эмбриологтар. Бұлардың түжырымы бойынша жұмыртқа тек дайын организмнің дамуына қолайлы қоректік ортаның қызметін атқарады. Ұрықтың дамуы туралы ертедегі эмбриолог-ғалымдар арасында екі түрлі теория болған. Олар: преформизм және эпигенез. Көне грек ғалымдары Гиппократ эмбриологияның преформизм (көне грекше: рrае — алды, алдында; және "форма"), ал Аристотель — эпигенез (көне грекше: ері - соңы; көне грекше: genesis — шығу тегі) теорияларының негізін салды. Преформизм теориясының қағидасы бойынша "ұрықта даму және жетілу процестері жүрмейді, ол көзге көрінбейтін тым ұсақ дайын ағза, қолайлы жағдайға түскен бойда ол тек мөлшері жағынан өседі. Предормист ғалымдар: анималькулистгер және овисттер болып екі топқа бөлінді. XVII жөне XVIII ғасырларда еңбек еткен эмбриолог—оқымыстылар А. Левенгук, Я. Сваммердам, М. Мальпиги, А. Галлер, Ш. Бонне — преформисттік көзқарастағы ғалымдар. Қар. Овисттер
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: