Реферат: Биология | Антидиурездік гормон

Реферат:  Биология | Антидиурездік гормон

Антидиурездік гормон (көне грекше: anti — қарсы; көне грекше: diuresis — зәр бөлу) — гипоталамустың алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядроның) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін нонапептидгік нейрогормоны. Антидиурездік гормонының қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни ол организмдегі тамырлардың бірыңғай салалы ет ұлпасы қабық тарының жиырылуына, сөйтіп, олардың арнала- рының тарылуына әсер етеді. Сондыктан, антидиурездік гормонды вазопрессин (тамыртарылткыш) деп те атай- ды. Тамыртарылткыш гормон қан тамырларының қабырғасын тарылтып қысу арқылы қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондарының төменгі өзекшелері (дистальды бөлімі) мен жинағыш түтікшелері кабырға- ларын астарлайтын эпителиоциттердің өткізгіштігін күшейтіп, алғашқы несеп (зәр) құрамындағы судың бүйрек тамырларына қарай кері сорылуына ықпал етіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады да, организдегі судың алмасуын реттеуге қатысады. Вазопрессин гормоны- ның жетіспеушілігі — организмді қантсыз сусамыр (диа- бет) ауруына (зәрдің қалыпты мөлшерден көп бөлінуіне әсер етеді) шалдықтырады. Антидиурездік гормон - супраоптикалық ядро нейропитгерінен бөлінгеннен ке- йін, гипоталамустың алдыңғы бөлімі нейроциттерінің аксондары бойымен жылжып ағып, гипоталамустың медиальды дөңесі мен гипофиз аяқшасы арқылы гипофиздің артқы бөлігі — нейрогипофиздің қан капиллляр- лары қабырғаларымен жанаса орналасқан ұсақ жина- ғыш денешікгерде (Херринг денешіктері) жиналып, қажетгі мөлшерде қанға өтіп отырады


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Антидиурездік гормон туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Антидиурездік гормон на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]