Реферат: Биология | ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ
ЖАНУАРЛАРДЫҢ ТІРШІЛІК ОРТАСЫ ЖӘНЕ МЕКЕН ОРТАСЫ
Жер ғаламшарында тірі ағзалар, олардың ішінде жануарлар үш түрлі ортада тіршілік етеді. Сулы ортада, мысалы, балықтар, киттер, т. б.; құрлық-ауада – өрмекшілер, бунақденелілер, құстар, аңдар; топырақта – құрттардың кейбір түрлері (шұбалшаңдар), кейбір аңдар (мысалы, көртышқан) тіршілік етеді. Жануарлардың паразит түрлері үшін басқа жануарлар мен адам денесі тіршілік ортасы болып саналады. Мысалы, паразит құрттар мен кенелер жануарлардың денесінде (сыртқы, ішкі мүшелерінде) тіршілік етеді. Күйкентай орманды дала аймағында кездеседі (тіршілік ортасы). Бірақ орманға кірмейді; ашық, ағаштары сирек өскен жерлерді мекендейді. Ондай жерлер дала тышқандарын аулауға, ағаш басына ұя салуға қолайлы.
Өз тіршілігінде бір ортада ғана емес, екі түрлі ортада тіршілік ететін жануарлар да бар. Мысалы, безгек масасы, бақалар – суда да, құрлықта да; ал дала тышқандары топырақта да, жер үсті-ауа ортасында да тіршілік етеді. Іркінді суы бар батпақты жер безгек масасының мекен ортасы, мұнда оның көбеюіне қолайлы жағдайлар бар.
Жануарлар тіршілік ортасындағы өзінің тіршілік етуіне қолайлы жағдайлары бар нақтылы үлескілерді мекендейді. Олар қоныстанған осындай нақтылы бір үлескіні сол жануарлардың мекен ортасы дейді.
Мысалы, ормандағы қарағай, шырша көбірек өсетін аймақтары тиіннің мекен ортасы болады. Бұл мекенде тиіннің сүйікті азығы – бүр жеткілікті, саңырауқұлақ та көп; тоңса – паналайтын, қорықса – тығылатын, ағаш діңіндегі қуыстар – баспана болып табылады.
Әрбір мекен ортаны жануарлардың көптеген түрлері қоныстанады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Биология | ЖАНУАРЛАРДЫҢ МЕКЕН ОРТАСЫНА БЕЙІМДЕЛУІ
» Реферат: Биология | Жануарлар дүниесін қорғау
» Реферат: Биология | ЖАЛҒАНАЯҚТЫЛАР КЛАСЫНА ЖАТАТЫН ЖӘНДІКТЕРДІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
» Реферат: Биология | БІРЖАСУШАЛЫЛАРДЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ
» Реферат: Биология | БІРЖАСУШАЛЫ ЖӘНДІКТЕР

Іздеп көріңіз: