Реферат: Биология | Жасушалық иммунитет жүйесі

Реферат:  Биология | Жасушалық иммунитет жүйесі

«Жасушалық иммунитет жүйесі (I). Т-лимфоциттердің негізгі қызметтері. Т-лимфоциттердің дифференциялануы»

2. Мақсаты: Студенттерді иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметтерімен таныстыру, Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді дифференциялануын, тимустағы Т-лимфоциттердің оң және теріс сұрыпталу рөлін қарастыру.

3. Дәріс тезисі:
1. Иммунитеттің Т-жүйесінің қызметтері.
2. Т-лимфоциттердің дифференциялануы.
3. Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы.
4. Тимустағы Т-лимфоциттердің оң және теріс сұрыпталуы.

Иммунологиялық серпілістің түзілуінде иммунитеттің Т-жүйесі басты рөл атқарады. Себебі, ол көптеген табиғи антигендерді тануына қатыса отырып, гуморалды және жасушалық иммундық жауапты қалыптастырады және реттейді. Сонымен қатар, иммунитеттің Т-жүйесі иммунологиялық есте сақтау және имунологиялық төзімділіктің дамуына жауапты. Нәтижесінде сол ғана бөгде жасушаларға цитотоксикалық қызметін атқарады.
В-лимфоциттің дифференциялануы кезеңі сияқты Т-лимфоциттің де дифференциялануының екі кезеңі бар: антигенге тәуелсіз және антигенге тәуелді дифференциялануы.
Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы тимуста жүреді, оған ізашар Т-лимфоциттердің тимусқа өтуі, тимоциттердің пролиферациясы, антигентанушы рецепторлардың түзілуі, Т-лимфоциттердің клондарының оң және теріс сұрыпталуы (МНС антигендері бойынша рестрикцияланған клондардың сақталуы және ағзаның өзінің антигендерімен әсерлесуге қабілеті бар клондарының жойылуы), бір-бірінен қызметі және беткей CD-маркерлері бойынша ажыратылатын Т-лимфоциттердің әр түрлі субпопуляцияларының қалыптасуы жатады.
Рецепторлары МНС-дің меншікті нәруыздарына сәйкес келмейтін Т-лимфоциттер клондары (олардың саны басымырақ) апоптоз (жасушалардың жоспары бойынша жойылуы) нәтижесінде жойылады. Тек МНС-дің меншікті нәруыздарына сай рецепторалары бар клондар сақталады. Бұл Т-лимфоциттер керекті дифференциялапну белгісін алғандықтан апоптозға ұшырамайды және әрі қарай даму сатысына өтеді. Сонымен, өзінің ағзасынжа жұмыс істеуге қабілеті бар (МНС-рестрикция) Т-лимфоциттер клондарының сұрыпталуы өтеді.
Бұл үрдісті оң сұрыпталу деп атайды. Оң сұрыпталудан кейін кортикалды тимоциттердің шамамен 5% қалады, олар кортикомедуллярлы аймақ арқылы тимустың милы қабатына жылжиды.
Аталған жасушалардыі әрқайсысының немесе I класс МНС нәруыздарымен, немесе II класс МНС нәруыздарымен әсерлесуге қабілеті бар. Оң сұрыпталу үрдісі кезінде I класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD8 корецепторын сақтап қалады, ал CD4 нәруызының экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-киллердің фенотипіне CD2+3+8+ (CD8+) ие болады.
II класс МНС нәруыздарына сәйкестігі бар тимоциттер CD4 корецепторын сақтайды, ал CD8 нәруызының экспрессиясын тоқтатады. Бұл жасушалар Т-хелпердің фенотипіне CD2+3+4+ (CD4+) ие болады. Осылайша Т-лимфоциттердің екі негізгі функционалды субпопуляциялары қалыптасады.
Тимустың кортикомедуллярлы аймағында және мезенхимасында оң сұрыпталудан сақталып қалған Т-лимфоциттер бірнеше цитокиднрдің және тимус гормондарының (бірінші кезекте тимозин), сонымен қатар жасушааралық әрекеттесулеркөмегімен пісіп-жетілудің келесі кезеңіне өтеді және теріс сұрыпталу үрдісіне ұшырайды.

4. Иллюстратциялық материал: №5 мультимедиялық дәріс

5. Әдебиет
1. А.А. Шортанбаев, С.В. Кожанова «Жалпы иммунология», Алматы, 2008, 120-127 беттер
2. А. Ройт. Основы иммунологии. М., 2007, 105-127 беттер
3. T.Y Kindt, R.A. Goldsby, B.A. Osborne «Kuby Immunology», N.Y., 2007.
4. A.L. De Franco at all «Immunity», London, 2007.

6. Бақылау сұрақтары (кері байланыс)
1. Иммунитеттің Т-жүйесінің негізгі қызметтері.
2. Қай жерде Т-лимфоциттердің антигенге тәуелсіз дифференциялануы жүреді?
3. Тимус гормондарын атаңыздар.


Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Жасушалық иммунитет жүйесі туралы реферат биология казакша на казахском, реферат Жасушалық иммунитет жүйесі на казахском языке биология скачать бесплатно, биология пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар биология рефераты на казахском referat

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]