Реферат: Мәриям Хакімжанова (1906–1995)
15 қарашада Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Қобланды селосында туған.
Рабфакта оқыды (1931–1932). «Әйел теңдігі» журналында әдеби қызметкер (1929–1932), жауапты хатшы (1932–1934). Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі (1935–1937), Қазақстан Жазушылар одағының бөлім меңгерушісі (1939–1944), Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында редактор, аға редактор (1945–59) болып істеді.
Тұңғыш өлеңі («Женотделге») 1929 жылы, алғашқы өлеңдер жинағы 1935 жылы жарияланды. 1945 жылы жеке кітап болып шыққан «Мәншүк» атты поэмасы 1947 жылы орыс тіліне аударылып, басылды, поэма бойынша жазылған телесценарийі 1963 жылы теледидар арқылы көрсетілді.
Балаларға арналған «Бөбегім менің – өлеңім менің» атты суретті кітапшаның, «Ана мейірімі» (1961) жинағының және бірнеше ән мәтінінің авторы. Қырғыз ақыны А.Тоқамбаевтың І томдық өлеңдер жинағын аударып бастырды (1960). Орыстың балалар жазушысы И.Диктің «Отты бұлақ» повесін аударған (1953). Өлеңдері орыс, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, қытай, белорус, армян, т.б. тілдерге аударылды.
Екі рет «Құрмет Белгісі», Еңбек Қызыл Ту орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған. 1986 жылы «Қазақстанның Халық жазушысы» атағы берілді. Алматы қаласы көшелерінің біріне есімі берілген.
Шығармалары: Жеңешем. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1935; Мәншүк. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1945; Ана махаббаты. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953; Ана жүрегі. Өлеңдер. (орыс тілінде.) А., ҚМКӘБ, 1958; Ана көктемі. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Намыс. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1973; Өткелдер. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1976; Перевалы. А., «Жазушы», 1981.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: