Реферат: Қазақ әдебиеті | Шәріпхан Әбдәлиұлы

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шәріпхан Әбдәлиұлы

Шәріпхан Әбдәлиұлы - Аға зерттеуші көрнекті әдебиет-мәдениеттанушы .
Өмірбаяны
Шәріпхан Әбдәлиұлы - 1956 жылы қарашаның 26-сында ҚХР ШҰАР Іле Қазақ аутономиялық облысы Күнес ауданында дүниеге келген. 1976 жылы орталауды бітірген, 1978 жылдың қазанында Тянь-Жин қаласындағы Нанькай университетнің қытай тіл факультетіне түскен. 1982 жылы шілдеде оқу тамандаған соң, ШҰАР қоғамдық ғылым академияның ұлттар әдебиеті иниститутында әдебиеттанумен шұғылдана бастаған. Оның зерттейтін басты тақырыптары Шыңжаң қазақтарының осызаман әдебиетіне жүйеден әдебиет теориясымен мәдениеттануына арналған. Ол өз еңбектерін қытай тілінде, қазақ тілінде жазады, ағылшын және орыс тілдерінде меңгерген. Жүйеден ағылшын тілін біршама жатық меңгерген. Шәріпхан Әбдәлиұлы 1997 жылы науырызда Шыңжаң қоғамдық ғылым академиясы кітапханасының меңгерушінің орынбасары болып тағайындалған. 2000 жылы желтоқсанда Шыңжаң қоғамдық ғылым академиясы парткомына жора және академияның орынбасар бастығы болып міндетке тағайындалды. Шыңжаң қоғамдық ғылым академиясы « батыс өңірді зерттеу » ( қытай тілінде) журналы редакция алқасының орынбасары, « Шыңжаң қоғамдық ғылымы » журналының бас редакторы болған. Кәсіптік мамандық бойынша 2002 жылы қазанда аға зерттеуші(профессор) атағын алған.
Еңбектері

Өзі дербес орындаған ғылыми зерттеу жетістіктері : мемлекеттік қоғамдық зерттеу тақырыбы, «Шыңжаң қазақ мәдениетінің жаңаруды зерттеу ». оның бұл монографиясы 2000 жылы қабылданып, 2003 жылы ғылми сараптаудан бірінші дәрежемен өтті. Енді бірі Шыңжаң қоғамдық ғылым академиясының ғылми зерттеу тақырыбы « түзім экономика тұрғысынан мәдениеттегі жаңаруға көз тастаудың қажеттілігі мен маңызы » басқалармен бірге қатынасқан мемлекеттік ғылми зерттеу тақырыптары : «қытай қазақ әдебиетінің тарихы » ( осы заман томы ), « Шыңжаң аз санды ұлттарының осы заман әдебиеті », « қазақ мәдениетінің айдыны », басқалармен бірлікте қатынасқан міндеттемелі зерттеу тақырыптары : « 21- ғасырға беталған Шыңжаң »( мәдениет томы ), « қазақтардың осызаманғы салт-санасындағы өзгерістер », « Шыңжаңдағы жас өспірімдерге отандық тәлім-тәрбие жүргізу жөнінде зерттеу » атты ғылми ( орталық одақ комитеті ) тақырыбын ұйымдастырушылардың және оған басшылық етушілердің бірі болады. Басты еңбектері : « қазақ әдебиеті жасампаздығының шеп бұзу назариясы »( монография қытай тілінде ), « өре мен өріс » ( ғылми мақалалар жинағы), бұдан сырт, ол неше ондаған зерттеу мақалаларын жәриялады.
Бастыларынан : « Шыңжаңдағы қытайша оқыған қазақ жастарындағы қосалқы мәдениетке қысқаша талдау », « Шыңжаң аз санды ұлттар әдебиетінде ашық ойлалықпен басып озу санасын қалыптастыру », « поэзиялық ұлыттан фиолсофиялық ұлт өресіне көтерілу заман талабы » «мәдениеттігі бұрылыс және аз ұлт әдебиеті жасампаздығы » т.б. әсіресе оның « поэзиялық ұлыттан фиолсофиялық ұлт өресіне көтерілу заман талабы» атты мақалысы Жақып Мырзақанов жетекшілігінде жүрілген « қазақтану талқысының » өрістенуіне бастамашылық рол өтеген еді. Аға зерттеуші Шәріпхан Әбдәлиұлы неше ондаған публистикалық сипаттағы жай мақалаларды да жазды жәнеде монография, әңгіме, диссертатция қатарлыларды қамтыған жирмадан аса аударма еңбек жасады. Мысалы : Жақып Мырзақановтың « қазақ халқы және оның салт–санасы » атты монографиясы оның табысты аударуымен қытай тілінде жарық көрді.
Оның жазған еңбектері мен диссертатциялары « Шыңжаң аз санды ұлттар әдебиетінде ашық ойлылық пен басып озу санасын қалыптастру» атты мақаласы ШҰАР төртіншілік саралауда « үздік туынды » болып бағаланды. « қазазқ әдебиеті жасампаздығының шеп бұзу назариясы » өзекті философия қоғамдық ғылым таңдаулы жетістіктеріатты монографиясы қоғамдық ғылым таңдаулы жетістіктерін саралауда екінші дәределі шығарма силығын еншіліді. «мәдениеттегі бұрылыс және аз ұлт әдебиеті жасампаздығы »атты диссертатциясы Шыңжаң қоғамдық ғылым академиясының тұңғыш кезекті академия силығын бағалауда екінші дәределі диссертатция силығын алды. « қазазқ әдебиеті жасампаздығының шеп бұзу назариясы » 2003 жылы аз санда ұлттардың бүкіл мемлекеттік бесінші кезекті әдебиет тану жөніндегі еңбектерді саралауға « үздік жетістік » силығын жеңіп алды. Ол қатынасқан «21- ғасырға бет алған Шыңжаң » атты көп томды еңбектің мәдениет томы ШҰАР бесінші кезекті фиолсофия қоғамдық ғылым таңдаулы жетістіктерін саралауда, Үшінші дәрежелі шығарма силығын еншіледі. Ол он шақты халқаралық сипатты ғылми-проктикалық конференцияларға қатынасты, мұның ішінде « ұлттардың фолклорлық мәдениеті және осы заманғы қоғам» атты халқаралық конференция, « қытай жаңа әдебиеттану қоғамының төртінші кезекті жораларының кеңейтілген мәжілісі және батыс бөлік әдебиеті» жөніндегі конференцияларды атауға болады.
Аға зерттеуші Шәріпхан Әбдәлиұлы кезекте Шыңжаң қоғамдық ғылым академиясы ғылми комитетінің мүшесі, Шыңжаң қоғамдық ғылым академиясы мәдени тану орталығының меңгерушісі автономиялы районға қоғамдық ғылми зерттеу саласы бойынша орта және жоғары ғылми атақ бағалау комитетінің мүшесі, автономиялы райондық кітапхана саласы бойынша жоғары ғылми атақ бағалау комитетінің мүшесі, Таңжарықтану ғылми қоғамның жорасы, Шыңжаң қазақ тіл-мәдениет қоғамының жорасы.[1]
Пайдаланылған әдебиеттер

Қытайдағы қазақ мамандары,ШҰАР "Жастар" баспасы

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Шәріпхан Әбдәлиұлы туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Шәріпхан Әбдәлиұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]