Реферат: Қазақ әдебиеті | Хамит Ерғалиев
Хамит Ерғалиев(1916 —1997) (14.10.1916 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Новобогат селосында туған) — қазақ ақыны.
Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқыған. Ұлы Отан соғысына қатысты (1941-45). Тұңғыш өлеңдері Гурьевтің облыстық газетінде 1936 жылы жарияланды. Ол көптеген өлеңдер, публицистикалық мақалалар, эпикалық поэмалар, прозалық шығармалар жазды.
Шығармалары
Хамит Ерғалиев — 20-дан астам кітаптың авторы. Ақын шығармашылығының тақырыбы әр алуан. Ол қазақ халқының өткен өмірін, Октябрь революциясынан кейінгі азат заманның, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы майдан мен тылдың бірлігін, жауынгерлердің ерлігі мен тыл адамдарының еңбегін, соғыстан кейінгі коммунизмге қарыштай қадам басқан бүкіл халықтық қозғалысты жырлады. "Әке сыры" (1947) поэмасында ақын совет адамдарының Ұлы Отан соғысы жылдарындағы ересен ерлігін, халықтардың бейбітшілік жолындагы жанқиярлық күресін жырлады. "Үлкен жолдың үстінде" (1949) поэмасында социалистік өмірді жаңа қарқынмен орнатып жатқан жұмысшы табының қажырлы еңбегін суреттеді. Хамит Ерғалиевтің бұл поэмасында Мойынты-Шу темір жол құрылысындағы еңбек адамдарының ерлік істері, рухани өскендігі бейнеленген. "Біздің ауылдың қызы" (1950), "Сенің өзенің" (1953) поэмаларында қуаңшылық жайлаған шөл даланы суландырған, жасыл орман өсіріп, сол даланы гүл-бақшаға айналдырған адамдардың еңбегі суреттелген. Бүл төрт поэма да— эпикалық екпінмен жазылған, қазақ поэзиясында белгілі орын алған көркем туындылар. "Оралдағы отты кун" (1956) поэмасында азамат соғысында аты аңызға айналған Чапаевты, оның майдандас серіктерін жырлады. "Аңыз ата" (1965) поэмасын украин халқының ұлы ақыны Тарас Шевченкоға арнады. Ал "Құрманғазы"(1962) поэмасында қазақ халқының ұлы композиторы Қ.Сағырбаевтың, "Күй дастан" (1970) поэмасында академик композитор А.Жұбановтың бейнесін жасады. "Жылдар, жылдар" (1966) дастанында коммунистік дәуірді жырлады. X.Ерғалиев көркем очерк, публицистикалық мақалалар арқылы заманымыздың көкейкесті мөселелеріне үн қосып отырады. Таңдамалы прозалық шығармалары "Шындық шырқайды" деген атпен 1966 жылы жеке кітап болып шықты.
Ақын аударма саласында да еңбек етеді. Д.Байронның, В.Шекспирдің, П.Неруданың, Н.Хикметтің, А.Пушкиннің, М.Лермонтовтың, А.Некрасовтың, В.Маяковскийдің, Д.Бедныйдың, А.Сурковтың, Р.Ғамзатовтың таңдаулы шығармаларын қазақ тіліне аударды. Қырғыздың "Манас", қарақалпақтың "Қырыққыз" эпостарын қазақ тіліне аударушылардың бірі болды. Ерғалиевтың негізгі шығармалары орыс тіліне, басқа да туысқан халықтар мен шетел тілдеріне (чех, венгр) аударылды.
Екі поэма. А., ҚМ КӨБ, 1949;
Біздің ауылдың қызы. Поэма. А., ҚМ КӨБ, 1950;
Сенің өзенің. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1953;
Жайық жырлары. Өлеңдер мен поэма. А., ҚМ КӨБ, 1955;
Құрманғазы. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1958;
Дәуір дабылы. Өлеңдер, поэмалар. А., ҚМ КӨБ, 1963;
Өз көзімен өмірдің. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965;
Күн күмбез. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968;
Күй дастан. Поэма, өлеңдер. А., «Жазушы», 1970;
Құтты қоныс. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1974;
Санаттағы сарбаз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975;
Жанарымда жұмыр жер. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978;
Алтын зерең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981;
Таңдамалы. Шығармаларының үш томдығы. 1982—1984;
Өмір өрнегі. Эссе, очерк, публицистика. А., «Жалын», 1986;
Жедел толғау. Өлеңдер, балладалар, поэмалары., «Жазушы», 1988;
Демарш. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1992;
Шер толғау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1993;
Сонеттер. А., «Жалын», 1995;
Ғұмырнама. Естелік-эссе. А., «Өлке», 1996;
Жақсы дап шарапат. Эссе, очерк, көркемсөз. А., «Қайнар», 1996;
Ұлтым дедім, ұлғай дым. Жыр кітабы. А., «Жазушы», 1997.[1][2]
Марапаттары
Хамит Ерғалиев 2-дәрежелі Отан соғыс ордені
Еңбек Қызыл Ту ордені
"Құрмет Белгісі" ордені
Пайдаланған әдебиет
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. "Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: "Аң арыс” баспасы, 2009

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: