Реферат: Қазақ әдебиеті | АБЫЛАЙ ХАН
АБЫЛАЙ, Әбілмансұр (1711 [Ресейдеректеріңде 1713] - 23.5.1781, Оңтүстік Казақстан, Арыс жағасы) - ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі - Жошы хан, бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. А. - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады. Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады. Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке шыкқана жауы шақ келмейтін батыр болып, Канішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) "ақтабан шұбырынды" жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған "Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.
Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай 20 жасында қан майдвнда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға "Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің" деуі осының дәлелі. Қай жылы туса да, 1730 - 33 ж. аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансүр жекпе-жекке шығып, қалмақгың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.
Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансүр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сүлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады. Абылайдың 20 жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайкасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине, Абылай катысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайкасына катыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730 - 33 ж. болған бір ірі шайқаска қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930 ж. да, 1731 ж. да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 ж. жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады (Ресей сыртқы саясатының архиві, Жоңғар істері қоры, 113/1-т., 1-іс, 95—96 парақ). Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 - 40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бүқар жырау "Калданменен ұрысып, Жеті күндей сүрісіп..." деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Каракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақгың белгілі батырлары тізе қоса катысады. Бұл да Абылайдың жауға карсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан (ол да Салқам Жәңгірдің әулеті) өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас үрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып калып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.
18 ғ-дың 30-жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен катар аталады. Орыс тарихшысы А.И. Левшин: "1739 ж. Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларлы билсді) ханның орнына хан сайлаудан бүрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдіей хандық билік жүргізген", — деп жазды. Ш. Уәлиханон та осы пікірді қолдайды. 1738 - 41 ж. Абылай бастаған казак, қолы жонгар басқыншыларына бірнеше мәрте соққы берді. 1742 ж. Абылай түтқиылдан шабуьл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күресетін ең белеснді үйымдастырушыларының біріне айналған Абылайдың жау колына түсуі қазақ, қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналады. Тарихи жырларда қазақ, билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге өтініш жасайды. Бұл дерктің шындық екенін осы кезенде Орынбор генерал-губернаторы И.И.Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазыскан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би басгап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743 ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен калмақтар бітімге келліп, бірігіп кете ме деген кауіп те білдірілген і (Ресейдің сыртқы саясат архиві. Жоңгарлар ісі коры, 113/1-т., 3-іс, 14-н.). Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат. жоддарды да тиімді пайдаланады. 1740 ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен тағы да баска 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің "камқорына" кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде.қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де карым-қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды (1757-77 ж. Пекинге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Кытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745 ж. Калдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бүрынғы әскери куатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түрікстанмен іргелес өңірдегі ойратгардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нүқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.
1745 ж. Орта жүздегі Әбілмәмбет, Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем өзгерді. 1749 ж. тамыз айында Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: "бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып жатыр, ел басқарудан калған. Барақ сұлтан зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр", - деп көрсетті. Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына карсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың калмақпен соғысуға мәжбүр болса, (Қаратал өз. бойында), сол жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты түтқынға алып келген.
1756 ж. Абылайдың бастауымен казақтар кытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп (Абылай жаралы болады), екіншісінде жеңіске жетеді.
1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады.
1753 - 54 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен катысады. Абылай бірде Калдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеуріңді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының үлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының| нәтижесінде Абылай әскері 1771 ж, Мойынты өз. бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста| жаңа жеңіске жетті.
Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен ымырасыз күрес жүргізді. 1754 — 55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ| пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу| және Шу бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755, 1765І жылдары Қырғыз ұлысына карсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады (қ. Жайыл ,қырғыны пен қырғыздың Ңарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінге дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765 — 67 ж. Абылай қолының Қокан билеушісі Ерденбекпен | соғысының нәтижесіңде Түркістан Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан казақтар иелігіне өтті,| Ташкент алым төлеп болды.
Екі жүз жылға созылған халкының жоңгар шапқыншылығына қарсы азатгық күрессінің соңғы жаңғырығы алаш жұртының санасыңда "Шанды жорық" деген атпен белгілі. Бұл 1771 ж. Еділ калмақтарының (170 - 180 мың адам; 40 мыңдай әскері бар) жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып, Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған қазақтың қалың қолы калмақтарды қоршауга алды. Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа қабылдауды сұрап, елші жібереді.Кіріптар үсынысты талқылау үшін шақырылған әскери кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, жеңілген жауды қырып-жоюдың кажеті жоқ екендігін дәлелдеуге тырысады.Еділден ауған калмакпен келіссөзге келіп, тым кұрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақ тағы қарым-катынасты ойлау жатар. Жоңғардан азат етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай саясатының терендігін, кемеңгерлігін айқын көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының бүтіңдігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға бағытталды.Билікке таласкан Барақ сұлтан Әбілкайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін ойлап қынжыльш, Төле бимен Іізе қоса кимылдап, бұзық сұлтанды жазаға тарту жағыңда болады. Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде катаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жүрты мен ата мекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықгарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні катгы болған. Абылай сан жағынан әлдекдйда басым жаумен шайкасудан еш тайынбасган және көбіне үстем шығып отырган. Абылай казақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан куатты мемлекетке айнылдырды.
1771 ж. жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбетгің інілерінің бірі, не үлкен үлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз калауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) үлы ханы бодцы. Тарихи деректер, аңыз-жырлар да Абылайдың Үш жүздің әміршісі ретінде ардақталғанын көрсетеді. Қытай императоры, Жонғария хаңдығы, Орта Азия мемл-тері Абылайды бүкіл қазақ ханы деп ресми түрде танығанымен, Абылай ханның беделінің өсіп бара жатқанынан сескенген Ресей патшасы Екатерина II Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-сыяпат көрсетті. Бұл бір жағынан "Бөліп ал да, билей бер" саясатының көрінісі еді. И.И. Негопоевтің: "Қырғыз халқында бас ханның болуы пайдалы болмайтыны былай тұрсын, зиянды да болуы мүмкін" деген пікірі мүны айғақтай түседі.
Ш. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, оның мемл. билігін орталықтандырып, нығайту бағытындағы әрекеттерін, "ханның бшлігін алкалы кеңес арқылы шектеп отыратын ру басылар мен сұлтандардың өркөкірек үстемдігін" тыйғандығьш жазды. Шоұадн: "Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай айрықша касиеті бар киелі, керемет қүдірет иесі болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары және батырларының көзсіз ерлігімен каһармаңдығы жыр дастандардың арқауына айналған", — деп атап көрсетті. Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып отырып, оған ақыл-кеңес айтумен өткізген Бұқар жырау Қалқаманүлының ханға "Алтын тақтың үстіңде, Үш жүздің басын құрадың" деуінің негізіңде тарихи шындық жатыр. Абылай Ресей мен Қытай империяларының арасында орналасқан Казақ елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат жүргізді. Кытай әскерлері жоңғарларды жойып, Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде мүсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен катынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 ж. қазан айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. Пугачев соғысы кезінде 3 мың әскерімен "Қасірет белдеуі" ("Горькая линия") бойындағы орыс бекіністерін шапты. Ш. Уәлиханов: "1771 жылы хан сайланғанда да, ол орыс шекарасына барып, ант бергісі келмеді. Сөйтіп ол өзін халық қалап, баяғыда-ақ бұл дәрежеге лайықты қойғанын, Көктің үлының және өкілеттік қағазы барын желеу етті", - деп жазды. 1779 ж. 4 казанда Орынбор әкімшілігіне жолданған патша жарлығыңда: "Ордадағы Абылай ықпалын әлсірету мақсатында, онымен тайталасқа түсе алатын адам табу" шаралары да қарастырылады.
Абылай каһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани касиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі.Ол — "Ақтолқын", "Алабайрақ", "Бүланжігіт", "Дүние қалды", "Жетімторы", "Қайран елім", "Қара жорға", "Қоржынқақпай", "Майда жел", "Садаққаққан", "Сары бура", "Шандыжорық", т.б. күйлердің авторы. Абылай өмір жолын ат үстінде жорықтарда өткізіп, Арыс өз. жағасыңда қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қ-ндағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 үл, 40 қызы қалды (қ. Абылай хан әулеті). Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемл. қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік үранға айналды.
Азаттық күрестің жалынды басшысы Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-парасаты Бұкар, Үмбетей, Шәді төре Жәңгір ұлы жырларында, ақындар Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың дастандарында, I. Есенберлиннің, Ә. Кекілбаевтың Қ. Жұмаділовтың, т.б. туыңдыларында сомдалды. Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, сыртқы саясаты отандық және шетел ғалымдарының (Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд, Н. Мыңжани, Р.Б. Сүлейменов, М. Мағауин, М.Б. Ожотт, Дж. Уилер, т.б.) назарын аударып келеді.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: