Реферат: Антропология | АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
АДАМЗАТ ҚОҒАМЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
5.1. Қоғамның қалыптасу кезеңдері
Адам эволюциясына байланысты палеолит жоғарғы және төменгі болып екіге бөлінеді. Төменгі палеолит – архантроптар мен палеонтроптардың тіршілік ету кезеңі болып табылады. Бұл кезеңнің өзінде бірнеше археологиялық кезеңдер алмасқан, атап айтқанда: 2.5 млн жыл бұрын олдувай, 0.85 млн жыл бұрын ашель, 0.2 млн жыл бұрын мустьер кезеңдері. Жоғарғы палеолит – Homo sapіens – тің тіршілік ету кезеңі. Бұл кезең небәрі 100-40 мың жылға созылып, адам баласы осы кезең ішінде тастан балта жасаудан компьтерлерге дейінгі жетістіктерді басынан өткізді.
Археологиялық кезеңдер еңбек құралдарын жасаудың техникасы мен материалдарының түрленуіне негізделді. Ертедегі қытай және рим философтарына белгілі болған көне тарихтың үш ғасырға (тас, қола және темір) бөлінуінің ғылыми негізі Х1Х ғасыр мен ХХ ғасырдың басында жасалды.
Ойкуменнің көп бөлігінде төменгі, ортаңғы палеолит-100 мың, палеолит 45-40 мың; жоғарғы палеолит – 12-10 мың, мезолит 8 мыңға дейін және неолит 5 мың жыл бұрын бітті. Қола дәуірі біздің эрамызға дейінгі 1 мыңыншы жылдың басына дейін, темір ғасыры басталғанға дейін созылды. Қола дәуірінен бастап алғашқы қауымдық қоғамда қалыптасқан көне дәуір өркениетінің ескерткіштері негізінде уақытты календар бойынша белгілеу пайда болды .
Тарихи кезеңдер Археологиялық кезеңдер Палеоантропологиялық кезеңдер
Алғашқы қауым кезеңі Төменгі (100) және ортаңғы палеолит
(45-40) Архонтроптар мен
палеонтроптар
кезеңі
Алғашқы қауымдық
Туыстық
қауым
кезеңі Ертедегі алғашқы қауымдық кезеңі Жоғары палеолит
(12-10) және
мезолит (8) Неонтроптар
кезеңі
Кейінгі алғашқы қауым Неолит (5) Энеолит немесе ертедегі металдық ғасыр
(4,5 –5)
Таптар түзілу кезеңі Қола (3)
Темір
Атом ғасыры (ХХ ғасыры)
Қоғамның құрылуының алғашқы нысаны көбіне "алғашқы қауым” деп аталды. Бұл сөз үйлесімі ертедегі және өте ертедегі адамдардың ұйымдарының ерекшеліктерін; олардың жануарлардан нағыз адамға өтпелі кезеңіндегі күйлерінің дәл мағынасын білдіреді. Алайда, "алғашқы қауым” термині әрі қысқа, әрі ыңғайлы. Алғашқы қауым қоғамы адамзат тарихындағы ең ұзақ, 2 млн жылға созылған кезең болды. Алғашқы қоғамдағы туыстық қауым 10-12 мың жыл бұрын басталып, ойкуменаның негізгі бөлігі үшін 5-8 мың жыл бұрын аяқталса, алғашқы қауымның соңғы кезеңдері кейбір қоғамдарда әлі күнге дейін аяқталған жоқ.
Алғашқы қауымның ерте кезеңінде тіршілік үшін қажетті негізгі өнімдер өндіретін шаруашылық болды.
Бұл типологиялық қатар – алғашқы қауым (алғашқы адам үйірй отары), ертедегі және кейінгі (ертедегі туыстық және кейінгі туыстық), қауым бұдан кейін алғашқы қауымдық көршілес (протошаруа) қауым – алғашқы қауымдық тарихтың негізгі кезеңдеріне сәйкес келеді.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, алғашқы қауым кезеңін, яғни антропосоциогенезді адамзаттың әлеуметтік және биологиялық даму барысында адамзат қоғамы қалыптасуының бастамасы болып саналатын бүкіл әлемдік тарихи процестің ерекше кезеңі деп қарастыруға болады. Алғашқы қауымдық туыстық қауым кезеңінде әлеуметтік құрылымның алғашқы реттелген түрлері – туыстар мен туыстық қауымлар пайда болды. Дәл осы кезеңде алғашқы қауымдық туыстық қауымдық құрылымның негізгі белгілері - өндірістегі ұжымшылдық, жалпы меншік пен тұрмыстағы теңдей бөлу, т.б. пайда болды. Бұл белгілер әсіресе ертедегі алғашқы қауымдарда анық байқалып, кейінгі алғашқы қауымдарда да сақталып қалды. Бұл кезеңнің ең төменгі шегі – ортаңғы палеолит (палеонтроптар кезеңі) және неолит.
Алғашқы қауымдық кезең - қалыптасу кезеңі, ал алғашқы қауымдастық туыстық қауым – кемелдену кезеңі болса, таптардың түзілу кезеңі – алғашқы қауымдық құрылымның ыдырау кезеңі болды. Бұл соңғы кезең шаруашылық іс-әрекеттің барлық салаларының қарқындап дамуымен және өнім қорларының өсуімен сипатталады.
Туыстар мен қауымның ортақ меншігі жеке үй шаруашылығы меншіктері мен теңдей бөлу еңбегіне қарай бөлумен алмасып, қауымдық-туыстық байланыстар үзіліп, алғашқы қауымдық - көршілік түрлері пайда болды. Эксплуатацияның алғашқы нысандары пайда болып, олармен бірге негізгі өнім қоры - қосалқы өнімге айнала бастады, яғни жеке меншіктің, қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің бастамасы түзіле бастады. Кезеңнің төменгі шегі, кейбір қарқынды дамыған қоғамдарда неолит кезеңіне, ал нашар дамыған қоғамдарда металдық кезеңнің біршама бөлігіне сәйкес келеді. Кезеңнің жоғарғы шегі - қоғамдық таптар мен мемлекеттіліктің пайда болуы – 5 мыңдай жыл бұрын байқалған делінеді. Ал нашар дамыған қоғамдар бұл кезеңді әлі күнге дейін өткен жоқ.
Жалпы дәуірдік кезеңдерді археологиялық және палеоантропологиялық схемалардың аса маңызды буындарымен төмендегіше салыстыруға болады. Бұл кезеңдердің абсолютті (нақты) жасын айту қиын, себебі, біріншіден, олардың археологиялық және палеоантропологиялық кезеңдермен арақатынасы жөніндегі көзқарастар түрліше, екіншіден, ертедегі алғашқы қауымдық кезеңінен бастап, адамзат қоғамы біртекті дамыған жоқ, соның әсерінен жоғарыда айтылған әртүрлі қоғамдар қалыптасты.
Кестеде берілген шкала адамдар жасаған және қолданған құралдар негізінде жасалған. Тас дәуірі – тастан жасалған құралдарды пайдалану кезеңі болды да, ол палеолит (ертедегі тас дәуірі), төменгі палеолит (австралопитектер мен "тік жүретін адам” ), ортаңғы палеолит (неандерталдықтар), жоғары палеолит (38 мың жыл) - "саналы адамның” үңгірлерде тіршілік етуі кезеңдеріне бөлінді. Мезолитте (ортаңғы тас) қоғамдық құрылымның аң аулау, жинау түрі басым болды.
Неолитте (жаңа тас дәуірі) 9-5 мың жыл бұрын аса маңызды оқиға орын алғандығы белгілі, ол неолит революциясы деген атқа ие болды. Нақты айтқанда – жабайы жануарларды қолға үйретті, өсімдіктер өсіру, бір орында тұрақтап тіршілік ету қалыптасты. Аң аулау – жинау шаруашылығы мал, егін өсіру шаруашылықтарына айналды. й жануарлары мен мәдени өсімдіктердің жасанды сұрыптау мен гибридтеу нәтижесінде алынған тұқымдары мен сорттары, мата тоқу, металлургия т.б. пайда болды.
Мәдени дамудың келесі кезеңдері "үштік ғасыр” деп аталатын – мыс, қола, темір ғасырларынан тұрады. Олардың әрқайсысы кейіннен белгілі болғандай, белгілі бір кезеңдерді басынан өткізіп, жекелеген мәдениеттің даму кезеңдері болып, олардың уақыты әр мәдениеттің даму уақытына сәйкес болды. Осы "ғасырлардың” ауысу реті әр жерде және жалпы бұл жүйені қазіргі кезде көпшілік мойындамай отыр, бірақ оның орнына жетілдірілген басқа жүйе әлі жасалған жоқ.
5.2 Жыныс ерекшелігіне байланысты қатынастар және отбасы эволюциясы
Қарапайым еңбек түрлеріне ауысу тек ұжымда және мінез-құлықтың қоғамдық нысандары жағдайларында мүмкін болады.
Мінез-құлықтың қоғамдық нысандары ұжымдардың сақталуына жағдай жасаған табиғи сұрыптау әсерінен күшейе түсті. Әлеуметтік байланыстар мен өзара көмек қарым-қатынастар жақсы дамыған ұжымдарда олардың жаулары мен стихиялық апаттарға қарсы тұру мүмкіндіктері жоғары болды.
Бұл жағдайлар антропогенездің ең ертедегі кезеңдері мен алғашқы қауымдық қоғам тарихында адамдардың қорек табу, бөлу, жыныстық қатынастар, т. б. реттелуінде үлкен маңызы болды. Ертедегі қауымның биологиялық және әлеуметтік бастамаларының өзара күресу бағыттарының негізгісі бала табу немесе жыныстар арасындағы қарым-қатынастар болу керек еді. Бұл жерде жануарлардағы инстинктер күшті дамуы қажет.
Осыған жақын ұқсастықты приматтардың қарым-қатынасынан көруге болады. Қазіргі заманғы маймылдардың кейбір түрлері, шимпанзе мен гориллалар жұптасып, отбасы болып тіршілік етсе, басқалары гаремдер құрып, 10 шақтысы бір үлкен көсемнің басқаруымен бірге тіршілік еткен. Гаремде көсемнен басқа да жас аталықтар болғанымен, олар көбею процесіне қатыса алмайтын болған.
Әдетте ашық жерлерде тіршілік ететін маймылдардың дене бітімі күшті болып жетіледі. Осы маймылдардың барлық қауымдарының ішінде ең тұрақтысы саваннада тіршілік ететін павиандар қауымдастығы. Қауым болып тіршілік ететін жануарлар бірлесіп жауларынан қорғанып, саванналарда жақсы көбейіп өскен. Бұл қауымдар алғашқы адамдар бірлестігінің бір ғана түрі болып, ол барлық индивидтерді қамтыды.
Басымдылық. Әрбір жануарлар түрі өз инстинктісін неғұрлым толығырақ қанағаттандыруға тырысады. Бұл сол түрге жататын басқа жануарлармен қарама-қайшылықтардың пайда болуына себеп болады. Жануарлар арасындағы қатынастардың басымдылығы кезінде олардың біреуі екіншісінің қажеттіліктерін ескермей, кейде тіпті солардың арқасында өз инстинктілерін қанағаттандыруға мүмкіндік алады. Бұл кезде екінші жануарлардың өз инстинктілерін қанағаттандыруы тежеліп, біріншісі - үстемдік құрып (доминантты болып), екіншісі – бағынышты күйге ие болады. Үстем рөлге ие болатыны – неғұрлым күшті, ал бағынышты болатыны - әлсіз жануарлар. Осы екі түрлі күйді анықтайтын негізгі әдіс – төбелесу болды. Дегенмен, көп жағдайда, басымдық етуші қарым-қатынастар күш жұмсаусыз, не күрессіз-ақ қалыптасады, кей жағдайда жануарлардың бірі екіншісін күш жұмсамай-ақ бағындырып алады.
Басымдылық қарым-қатынастар барлық жануарлар арасында қалыптасып, барлық ересек жануарлар белгілі бір орынды иеленетін күрделі иерархиялық жүйе түзеді.
Басымдылық - қауымда тіршілік ететін организмдердің арасындағы қалыптасқан қарым-қатынастарды және сондағы оның ішінде тәртіп пен салыстырмалы түрде тыныштық жағдайды қалыптастырады. Алайда бұл тәртіп пен тыныштық салыстырмалы ғана. Басымдылық ұрыс-керісті болдырмаудың негізгі әдісі бола отырып, сонымен бірге оларды туғызу құралы болып табылады.
Басымдылық жүйесі жоғары статустағы жануарларда осы статусты сақтап қалуға, ал төменгі статустағы жануарларда оны көтеруге ұмтылушылық туғызды, дегенмен басымдылық жүйесі олардың алдын алуға көбірек себеп болады.
Алғашқы адамдардың қауымы барынша берік, тұрақты құрылым болды, бұл оларда қатаң иерархиялық жүйенің болғандығын байқатады.
Жыныстар арасындағы қатынастар. Маймылдар туралы мәліметтер алғашқы адамдар қауымындағы жыныстар арасындағы қатынастардың құрылымын түсіндіруге мүмкіндік береді.
Маймылдардың көбею физиологиясы адамдардың көбею физиологиясынан басқаша. Негізгі ерекшелігі, маймылдардың ұрғашылары– эструс деп аталатын - әрбір циклде бірнеше күнге созылатын жыныстық күйді басынан өткізеді. Бұл күй олардың жыныстық жүйесінде осы кезде болатын өзгерістерге байланысты. Маймылдардың әр түрлерінде эструс түрліше, мысалы, тау гориллаларында 3-4 күннен, павиандарда 19 күнге дейін созылады. Басқа кездерде табиғи жағдайда маймылдарда шағылысу үрдісі жүрмейді. Басымдылық қарым-қатынастар нашар дамыған қауымдарда жыныстар арасындағы қарым-қатынастар тек жыныстық қатынас түрінде іске асады.
Ғалымдардың пікірінше, палеолит пен мезолит дәуірінде әйелдер ерлерге қарағанда қысқа өмір сүрген, оның себебі бала туу кезіндегі әртүрлі жағдайлар әсерінен деп түсіндіріледі. Осыған байланысты, алғашқы адамдардың қауымдарында ересек аталық организдер аналықтарға қарағанда көбірек болған.
Конфликтілер. Табиғи жағдайларда тіршілік ететін маймылдарда ұрғашылары үшін таласу кездеспейді. Павиандардың қауымдарында ересек аталықтары мен аналықтары сандарының қатынасы 1:2 немесе 1:3 болған. Бұндай қауымдарда павиандар бұл үшін таласпаған. Тек бір ғана қауымды үш аталық басқарған және онда үстемдік етуші көсем болмаған, олардың алтауына 7 аналықтан келіп, әдетте белгілі бір кезеңде бос аналықтардың біреуі ғана экструс күйін басынан өткізіп, аталықтарының арасында осы аналық үшін талас туатын. Осындай таластар кезінде олар бір-біріне біраз зақым келтіретін болған.
Бұл қауымдағы күрестер мен конфликттердің негізгі себебі, ондағы павиандардың жыныстық арақатынастарының ерекшелігінен болды.
Сонымен, алғашқы адамдардың қауымдарында аналықтарға қарағанда аталықтары көп болды, олай болса олардың арасында аналықтар үшін күрес те жиі болған болуы керек.
Оңтүстік африкалық австралопитектердің Р.Дарт сипаттаған материалдарында Стеркфонтейн мен Макапансгаттан табылған 16 бас сүйектердің барлығында да жарақаттар болған. Бұл алғашқы адамдардың сол кезде – ақ түрлі қарулар қолданғандарын көрсетеді.
Эволюцияның ең ертедегі кезеңдерінде нағыз қарапайым отбасының пайда болуы туралы концепциялар екі түрлі бағытта қалыптасты.
Бірінші бағытқа сәйкес, қарапайым отбасылар алғашқы адамдар қауымының жалғыз ғана түрі болды деп саналады. Питекантроптарда да осындай жағдай қалыптасты. Екінші көзқарас бойынша, алғашқы адамдардағы қарапайым отбасы анағұрлым үлкен құрылымдардың құрамына кірген.
Алғашқы адамдар және қалыптасып келе жатқан нағыз адамдар қарапайым отбасылар құрып тіршілік еткенімен, ол өз алдына жеке құрылым болған жоқ және ол тұрақты бола алмаған болар еді. Қауымдағы ересектердің бірі қайтыс болса, қалғандары ары қарай өз беттерінше тіршілік етуге қабілетсіз болды. Бір ғана ересек көсемі бар топтағылар жауларынан қорғана алмаған, себебі, ол аң аулауға кеткен кезде топта тек кішкене балаларымен аналық қорғанышсыз қалады.
Бұндай топтарда кәмелетке жеткен индивидтер қауымды тастап, біраз уақыт өз беттерінше жеке тіршілік етулері қажет. Ал бұндай жағдайда ересек индивидтер жеке өздері жыртқыш аңдарға қарсы тұра алмайды. Осы себептерден ертедегі алғашқы адамдарда жеке құрылым ретіндегі қарапайым отбасы болуы мүмкін емес. Ал олардан кейінірек пайда болған табиғи заттарды пайдаланып қана қоймай, сонымен бірге құралдар жасай білген алғашқы адамдарда бұндай қарапайым отбасылар тіпті де болмаған.
Өндірістік әрекеттердің жетілуі ұрпақтан ұрпаққа өз тәжірибелерін беру арқылы жүзеге асырылатын үлкен, тұрақты бірлестіктерде ғана мүмкін болды. Кейінгі пайда болған алғашқы адамдардың бірлестіктер тіршілік еткенін археологиялық мәліметтер дәлелдейді. Бұл бірлестіктердің құрамында бірнеше ересек индивидтер болған. Алайда архантроптарда басымдылық жүйесінің сақталуы туралы айтудың да қажеті жоқ. Азықтың бөлінуі саласында қоғамның қалыптасуына байланысты үстемдік құру да жойылды. Нәтижесінде үстемдік ету жүйесі тіршіліктің басқа салаларында да жойыла бастады.
Егер азықтың бөлінуі саласында ескі, биологиялық қатынастардың орнына жаңа, әлеуметтік мінез-құлықтың белгілі ережелеріне тән түрлері пайда болса, алғашқы қоғамға өтуге байланысты жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін әлеуметтік нормалар болған жоқ. Сондықтан үстемдік құру жүйесінің жойылуына жыныстар арасындағы қарым-қатынастарға байланысты бәсекелестік әлсіреген жоқ. Тіпті алғашқы қауымдастыққа өту осы бәсекелестіктің өршуіне себеп болған болуы керек. Өйткені үстемдік құру жүйесі жануарлар қауымдастықтарында ішкі тәртіпті сақтаушы ролін атқарды. Бұл жүйенің жойылуы нәтижесінде қауымдастықтардағы жыныстар арасындағы қарым-қатынастар саласында белгілі бір тәртіпті қамтамасыз етудің ескі әдісі жойылды, ал жаңа әдіс пайда болған жоқ.
Статустардың біртіндеп жоғалуына байланысты конфликттер де жиілеп, қатая түсуі мүмкін. Осылайша алғашқы қауымдастық эволюциясының ерте кезеңдерінде жұптар пайда болып олардың арасында азықты бөлу не пайдалану жөнінде ешқандай қатынастар қалыптасқан жоқ. Сондықтан да бұл жұптар жеке ұйымдар немесе құрылымдар түзе алған жоқ. Жұптардың түзілуі не тіршілік етуілерінің негізі тек қана жыныстық инстинктерін қанағаттандыру болды.
Осы адамдардағы жыныстық қатынастардың алғашқы түрі ретсіз – промумискуитетті болды деп сипаттауға болады.
Алғашқы қауымдар эволюциясының ертедегі кезеңдерінде жұптар болғанымен, олардағы жыныстық қатынастардың қалыптасуын немесе ыдырауын реттейтін ешқандай әлеуметтік нормалар (ережелер) болған жоқ. Оның үстіне, олардағы ерлердің саны әйелдерге қарағанда көп болды. Бұндай жағдайда жұптардың болуы еркектер арасында бәсекелестік туғызды. Ер адамдардың бас сүйектеріндегі жарақаттарды зерттей отырып, архантроптардың ертедегі қауымында әйелдер үшін қанды қақтығысулар болып тұрғанын аңғару қиын емес. Әрине, бұндай конфликтілердің барлығының себебі біреу ғана болды деу дұрыс бола қоймас. Дегенмен, көпшілік конфликтілер жыныстық инстинктер негізінде болған деуге толық негіз бар.
Ғалымдардың көпшілігінің пікірінше, қоғамдық құрылымның бастапқы формасы түрінде ертеқауым зоологиялық отбасылардан шыққан. Бұл гипотезаны жақтаушылар кейбір этнографиялық мәліметтерге сүйеніп, жыныстар арасындағы бастапқы еркіндіктің қалдықтарын көрсетеді.
Бұдан басқа екінші теорияны жақтаушылардың пікірінше, ертеқауым өздеріне дейінгі жануарлар қауымдарынан гаремдік отбасыны алып қалған болуы керек. Егер бұл пікір дұрыс болса, онда ертеқауымдар оларға қарағанда тұрақсыз бірнеше гаремдік құрылымдардан құралған болуы мүмкін.
Ертеқауымдардың дамуы жыныстық саладағы жыныстық жіктелушіліктің жетілгенін көрсетеді. Ал осы үрдістің қалай жүргені адамзат тарихының құпияларының бірі болды.
Жоғары палеолитте өндіргіш күштердің дамуы қоғамдық құрылымның өзгеруіне себеп болды. Адамның табиғатпен күресіндегі оның техникалық жағынан жетілуі нәтижесінде салыстырмалы түрде тұрақты шаруашылық ұжымдар қалыптасты. Күрделенген еңбек құралдары мен біліктіліктерін жетілдіру, оларды тиімді пайдалану ертеқауымдар үшін қиын болды. Сондықтан да ертеқауымның орнын оларға қарағанда әлдеқайда тұрақты, мықты қоғамдық құрылым алуы тиіс еді.
Жаңа қоғамдық құрылымның сипаты бірнеше негізгі жағдаймен сипатталды. Біріншіден, сол қоғамның өте төмен дәрежедегі даму деңгейінде әлеуметтік байланыстарды бекітудің бір ғана негізі туыстық түріндегі көзқарастардың жалпылығын сезініп, түсіну. Екіншіден, ол кездегі коллективтердің анағұрлым тұрақты бөлігі әйелдер болды. Олар ұрпақтар үшін қамқорлық жасауда және үй шаруашылығын жүргізуде үлкен рөл атқарды.
Үшіншіден, жыныстар арасындағы қарым-қатынастардағы белгісіздіктер әсерінен туыстық қатынастар матримониалдық тармақ негізінде қалыптасты. Сондықтан ертеқауымды алмастырған қоғамдық құрылымның реттелген формасы аналық тармақ бойынша туыс болып табылатын индивидтерден құралған ұжым болды.
Туыстық қауымның ертеқауымдардан айырмашылығы –қалыптасқан адамзат қоғамы еді. Бұл қоғамда алғашқы қауымдағы ұжымшылдық бастамалары мен адамдар арасындағы тығыз қатынастар жоғары дәрежеде дамыды, оның үстіне этнографиялық аналогиялар негізінде байқалғандай, туыстық қатынастар экономикалық қатынастар ретінде, ал экономикалық қатынастар – туыстық қатынастар ретінде қалыптасты.
Жоғары палеолитке өту кезеңінде туыстық құрылымның пайда болғанына кейбір археологиялық мәліметтер қосымша дәлел бола алады. Мысалы, жоғары палеолитік Венералар деп аталатын әйелдердің мүсіндері.
П.П.Ефименкодан кейін көптеген археологтар оларды алғашқы аналық культтің дәлелі деп қарастырды. С.А.Токарев бұл мүсіндер туыстық топтардағы тіршілікті білдіретін от басының қорғаушысы, иесі деп қарастырды. Екінші бір көзқарасты жақтаушылар, көптеген этнографиялық мәліметтерге сүйенді. Осы пікірлердің барлығы да бұл мүсіндер тіршіліктегі және қоғамдық көзқарастағы әйелдің ролін білдіріп, аналық-туыстық культтің пайда болғанын көрсетеді.
Туыстардың тағы бір маңызды белгісі – зкзогамия, туыстастардың бір-біріне үйленуіне тиым салу болды. Ю.И.Семенов экзогамияның шығуы алғашқы қауымдық ұжымдар ішіндегі шаруашылық тіршіліктің реттелуі үшін қажет болды деп түсіндіреді. Олардың пікірі бойынша, жыныс аралық қатынастар кезінде үздіксіз қақтығыстар болып, олар ертеқауымның қоғамдық және шаруашылық роліне нұқсан келтірді. Осыған байланысты қоғамда біртіндеп жыныстық шектеулер енгізіліп, соңында топ ішіндегілер арасындағы жыныстық қатынастарға тиым салынды.
Жыныстық шектеудің бір түрі – инициация деп аталатын жасөспірімдерді кәмелетке толуына байланысты ересектер қатарына қабылдау болды.
Инициацияның негізгі мақсаты – жастарды отбасылық өмірге дайындау болды. Инициация кезінде оларға түрлі әдет - ғұрыптар туралы айтып қана қоймай, сүндетке отырғызу, т.б. рәсімдер жасалатын болған. Әсіресе ер балаларды сүндетке отырғызу кең тарап, ол иудаизм мен ислам дінінде осы кезге дейін сақталып қалды. Бұл әдет-ғұрыптың шығу себебі ғылымда түсініксіз. Кейбір жорамалдар бойынша, осы арқылы жасөспірімдердің жыныстық өмірге мерзімінен бұрын ерте араласуына тиым салынған болуы мүмкін. Бұдан басқа әдет-ғұрыптар, мысалы, Австралияның аборигендерінде жасөспірім қыз балалардың кеудесін маймен сылау арқылы оның өсуін жақсартуға болады деп санаған.
Кейбір ертедегі алғашқы қауымдарда ересектер - әйелдер бір бөлек, ерлер бөлек топтанып өмір сүрген. Жекелеген ерлер үйлері болып, оларда түрлі әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер (инициациямен қоса) жүзеге асырылатын болған. Бұған Сібірдегі Мальта қалашығынан табылған археологиялық қазбалар дәлел бола алады.
Неке және отбасы. Туыстық құрылымның және оған тән экзогамияның пайда болуына байланысты алғашқы қауымдық қоғамда неке, яғни жыныстар арасындағы қатынастарды реттейтін ерекше институт пайда болды. Онымен бірге және кейбір басқа да түсініктер бойынша, кейінірек, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қатынастарды реттейтін отбасылық институт пайда болды.
Некенің алғашқы түрі жөніндегі мәселе әлі күнге дейін толығымен шешілген жоқ. Этнографиялық мәліметтер бойынша, тарихи реконструкциялар екі түрлі. Біріншісі, некенің алғашқы түрі – топтық неке болып, ол кейінннен жеке неке мен отбасының түрлі нысандарына алмасты. Екіншісі - қоғам дамуының ең алғашқы кезеңінен - ақ жеке отбасы болған деген пікір.
Бірінші пікірді ең алғаш ұсынған Л.Г.Морган. Ол біртіндеп алмасып отырған отбасының 5 түрін атады. Олар: қандас туыс, пуналуалды (индусша: пуналуа -құрдастар), жұптық, аралық патриархалдық және моногамды. Алғашқы екі түрі топтық некеге, ал қалғандары жеке некеге негізделеді.
Ғалымдардың екінші бір тобының пікірі бойынша, дамуы жөнінен артта қалған ертедегі аңшылар, балықшыларда және т. б. жұптық неке мен отбасы болған. Осы кезеңде жұптық неке мен отбасының болғанын бірқатар археологиялық мәліметтер дәлелдейді.
Алғашқы қауымда сақталып қалған еңбектің табиғи бөлінуі жыныстары мен жастарына байланысты ерекшеленген топтардың тіршілік етіп, олардың құқықтары мен міндеттері, әдет-ғұрыптары қалыптасты. Дамудың дәл осы кезеңінде жалпы мәдени деңгейдің жоғарылауына байланысты осындай топтардың институттары құрылды (жеке бастылар, жігіттер, қыздар, әйелдер үйлері, т.б.). Бұлардың ішіндегі ең маңыздылары – ерлер топтары, әсіресе, еркектер үйлері болды. Оларда еркектердің жиналыстары өтіп, түрлі әдет-ғұрыптарға байланысты жұмыстар жүргізілді, қонақ күтілді және т.б. Әйелдер мен иниципияланған жасөспірімдерге еркектер үйіне кіруге рұқсат берілмеді. Көп туысты қауымдарда әрбір туыстың жеке еркектер үйі болды.
Жынысқа байланысты бөліну тек кеңістіктік қана болған жоқ, көбіне еркектер мен әйелдер бөлек жұмыс істеп, бөлек тамақтанды да, олардың жеке меншіктері де өз алдына бөлек болды. Көптеген папуас тайпаларында еркектер өздері отырғызған ағаштарға, малдарға, еңбек құралдарына иелік етсе, әйелдер өздері еккен бақша дақылдарына, ас үй жабдықтарына иелік етті. Тек қана балалар мен әйелдердің тұратын үйлері ортақ болып саналды.
Жыныстары мен жастарына байланысты бөлінген топтардың орны олардың еңбекті бөлудегі рөлінен және туыстық жеке меншікке қатынасына байланысты анықталды. Егін және мал шаруашылығында тек қана еркектер емес, әйелдер де жұмыс істеді. Осы кезеңде адамдар өмірінің ұзақтығының жоғарылауына және әлеуметтік-экономикалық іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты ересек еркектердің басқаруы анығырақ байқалды.
Алғашқы қауымның соңғы кезеңдерінде де жұптық неке үстем болды. Бұл неке екі жақтың кез келгенінің ұйғарымы бойынша оңай бұзылатын еді. Кейбір тайпаларда көп әйел алушылық жиі кездесті. Ал екінші бір тайпаларда полиандрия (бірнеше күйеу болу), әсіресе левиратты – ағайындыларға күйеуге шығу көп кездесті. Алғашқы кезде шаруашылықтың екі түрі де болғандықтан кейде полигиния мен полиандрия қатар жүрді.
Мысалы, ХVІІғасырдағы егін шаруашылығымен айналысатын гурондар мен ирокездерде ерлерінің қосымша әйелдері, ал әйелдерінің қосымша күйеулері болды, ал гурондарда бұлардан басқа аңға шыққанда әйелдері ретінде алып жүретін аңшы қыздар болған. И.Е.Вениаминовтың айтуы бойынша алеуттер мен тлинкиттерде әйелдердің екі күйеуі, біреуі негізгі, екіншісі көмекшісі болған. Бұл кездері біраз уақыттарға дейін некелер кросскузенді болып, қауымдық туыстық ұжымдар арасындағы байланыстардың ұлғаюына байланысты кросскузендік некелер бірте-бірте жойылып кетті. йленудің түрлі дәстүрлері, некені заңды түрде тіркеу, екі жақтың ата-аналарының арасында бір-біріне сыйлық ұсыну, т.б. пайда болды.
5.3 Билік эволюциясы
Ертедегі туыстық қауымдарда оның мүшелерінің мүддесін көздейтін халықтық билік қағидасының рөлі шешуші болды, және ерекше беделге ересек, тәжірибелі адамдар ие болды. Олардың арасынан ұжымның шаруашылық, қоғамдық және идеологиялық өмірін басқаратын көсемдер қалыптасты.
Ертедегі алғашқы қауымдарда билік - шаруашылық, әскери және сот билігі болып бөлінген жоқ. Ұсақ әскери қақтығыстарда қауымды осы көсемдер басқарды. Осы көсемдер топтағы әдет-ғұрыптарды сақтаушы және қорғаушы болды. Кейбір қоғамдарда (мысалы, Австралия аборигендерінде) ерекше емшілер мен сыйқыршылар болды. Әдетте, көсемдер өндіріске ғана араласып қоймай, онда ерекше жеңілдіктерге ие болды. Алайда осы ересек көсемдердің кейбір белгілі артықшылықтары да болды. Мысалы, көп әйел алу тұрақты қалыптасқан қауымдарда көсемдердің онға дейін әйелі болды.
Қауым мен туыстарды олардағы ересек мүшелері, көсемдер мен басшылардың кеңесі басқарды. Әлеуметтік нормалар, яғни мінез-құлықтың міндетті, қоғаммен қорғалатын ережелері болып, бұл нормалар - еңбекті бөлу, бірлесіп қызмет ету, өзара қорғаныш, экзогамия, т.б. ұжымның аса маңызды мүдделерін көздеп, әдетте қатаң сақталды. Ұрпақтан ұрпаққа сақталып отырып, олар бірте-бірте әдет-ғұрып, дәстүрге айналды. Ең соңында, бұл нормалар идеологиялық жағынан діни тұжырымдар не мифтер болып бекітілді. Дегенмен кейбір жағдайларда осы қабылданған жалпы нормаларды бұзушылар да табылды. Сондықтан бұндай жағдайда қоғамдық шаралар қолдану қажет болды. Қоғамдық шаралардың бірнеше түрлері, тіпті күш жұмсауға дейін қолданылды. Тәртіпті өте ауыр бұзушылырға қатал жазалар - ұрып-соғу, өлтіруге дейін немесе ұжымнан қуып жіберу қолданылды.
Мысалы, Австралия аборигендеріндегі веддтер мен сенойларда экзогамияның ережесін бұзған адам ұжымнан кетуі керек немесе өлім жазасын алатын еді. Инициацияның құпияларын таратқан жігітке де қатаң жаза қолданылды. Бұл жағдайларда жазалау түрін ұжымдағы көсемдер белгілеп, олардың өздері немесе жазаланушының жақындары жүзеге асыратын болды. Ал керісінше, аса маңызы жоқ тәртіп бұзушылықтар кезінде оның себептерін екі жақ өзара бірлесіп қарастыратын болған.
5.4 Өркениет пен алғашқы қауымдық қоғамның коэволюциясы
Бұдан 5 мың жыл бұрын алдымен ертедегі, кейіннен орта ғасырлық өркениет қалыптаса бастады. Біздің эрамызға дейінгі 4 мыңыншы жылдардың соңында Египет пен Месопотамияда, 3 мыңыншы жылдардың орта кезінде – Индияда, 2 мыңыншы жылдарда – Эгей теңізі бассейнінде, Кіші Азияда, Оңтүстік Арабстанда, Қытайда, 1 мыңыншы жылы және біздің эрамыздағы 1 мыңыншы жылда – Көне Әлемнің көп бөлігінде, Орталық және Оңтүстік Америкада таптар қалыптаса бастады. Алғашқы өркениеттің пайда болуы адамзаттың алғашқы қауымдық тарихының соңы және таптар тарихының басы болды. Бірақ тарих тұрғысынан қарағанда таптардың түзілу кезеңінен өтпеген жекелеген елдер мен халықтар үшін бұл өркениетке дейінгі кезеңнің соңы мен өркениет тарихының басы болып саналады. Олар тұрақты таптар түзілу кезеңінен өтіп кеткен елдер мен халықтар да алғашқы қауымдық құрылымның қалдықтарынан толық арылған жоқ. Сондықтан өркениет кезеңіне тән құндылықтарды екі түрлі аспектіде қарастыру қажет: біріншіден, таптық қоғамның біртіндеп жіңішкеріп отыратын перифериясы ретінде, екіншіден, осы қоғамның өз құрылымдары.
Алғашқы қауымдық периферия мен оның өркениетпен байланыстарының түрлері. Феодалдық мемлекеттердің көпшілігі қалыптасқан біздің эрамыздың 1 мыңыншы жылдарының екінші жартысына дейін алғашқы қауымдық периферия өзінің көлемі жағынан ертедегі өркениет ошақтарынан әлдеқайда үлкен болды. Содан кейін де ол бірталай жерді алып тұрды. Көне әлемде оған адам аяғы баспаған биік таулы және шөл далалы аймақтарды қоспағанның өзінде Арктика, Субарктика және Евразияның тропиктік орманды аймағы жатты. Жаңа әлемдегі Мезоамерика мен Анд тауларының кейбір ерте қоспағанда осы көне әлемге қарады.
Европалық колонияландыру уақытына дейін бұл аймақта таптық қоғамның қалыптасуы қарқынды жүріп жатқанымен, тек европалықтардан кейін ғана ол қоғам толығымен орнады.
Алғашқы қоғамдық қауымдық құрылымның бір бөлігінің адамзат қоғамында осыншама ұзақ уақыт, екінші бөлігінің өркениет сатысына өткеннен кейін сақталуы бүкіл әлемдік тарихи үрдістің әртектілігіне байланысты болды.
Өркениет және оның алғашқы қауымдық перифериясы оның әртүрлі түрлері мен түрлі байланыстардың түзілуіне әкеп соғатын, сол сияқты әлем тарихының бірін-бірі ауыстыратын баспалдақтары арқылы бөлінеді өркениет орталықтарны қарағанда орналасуына байланысты.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: