Реферат: Қазақ әдебиеті | Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би)
Ақтайлақ Байғараұлы (Ақтайлақ би) 1720-1816 жылдары аралығында ғұмыр сүрген, қазақ халқының атақты шешен биі, әрі төкпе ақын. Ақтайлақ бидің туған ауылы, шыққан ата-тегі жөнінде оның бүгінгі ұрпақтарының бірі, әдебиет зерттеушісі Серікқазы Қорабаев өзінің Ақтайлақ биге арнаған кітабында былай жазады: ... "Семей облысының Жарма, Аякөз, Таскескенаудандарын мекендеп отырған найман ішіндегі Сыбан руының Жангөбек тармағынан шыққан Нарынбай сөзге шешен, әділ би болған екен. Оның баласы Құттыбай қазақ шежіресінде асқан шешендігіне орай "Қу дауысты Құттыбай" деген атпен белгілі болған. Құттыбайдан Байғара, Боран, Ботақара, Сейтен тарайды. Шетінен сөзге жүйрік, шешен болғандықтан бұл төртеуін ел арасында "Бас ауыл" деп атаған. Сол төрт Құттыбайдың Байғарасынан туған Ақтайлақ би заманында алдына жан салмайтын, үлкен рулардың шешендігімен бас қосқан алқалы жиындарда сөйлесіп қағысқанда бір ауыз мақалмен немесе толғау жырымен ел тоқтататындықтан қазақтың қара тілі атаныпты. Ақтайлақ би шамамен 1720 жылы қазіргі Семей облысының Абай, Жарма аудандары ортасындағы Құндызды өңірінде туып, жүзге қараған шағында дүниеден өткен екен. Зираты Аягөз ауданының "Ақши" кеңшарының жерінде. Ақиық ақынның ғасыр жасағанына оның:
Екі қырық, бір он бестен асып тұрмын, Аяқты апыл-тапыл басып тұрмын, - дейтін өлең жолдары куә болады" [3].
Ақтайлақ биден тарайтын Әкімбай, Кеңсебай, Жарасбай, Сабырбай ұрпақтары бүгінде өсіп өнген. Семей, Талдықорған, Оңтүстік Қазақстан, Алматы облыстарында еңбек етеді.
Ақтайлақ жас кезінде батасын алайын деп Ұлы жүз Шымыр биге барыпты. Үйге сәлем беріп кірген соң, Шымыр би:
- Шырағым, қай баласың? - деп жөн сұрапты. Сонда Ақтайлақ:
- Жангөбек, қу дауысты Құттыбайдың немересі, Байғара бидің баласымын. Сізге сәлем беріп, батаңызды алайын деп келдім, - депті... Шымыр би:
- Е, е, қу дауысты Құттыбайдың болайын деп тұрған немересі бар деуші еді, сол сен боларсың. Көш бастап көсем, сөз бастап шешен болайын деген екенсің. Онда балам, жолдастың жүзін алма, бірін ал. Бір кісі жүз кісіге олжа салады. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Өгізді өрге салма, қанатыңды талдырады. Жаманға ісің түссе, сағыңды сындырады. Жауға сырыңды айтпа, пәлеге қалдырады, - деп өсиет айтыпты да, сөзін әрмен жалғай беріпті. - Балам бір-екі ауыз сөз сұрайын, білсең айта қойшы?
- Арзан не, қымбат не? Алыс не, жақын не? Жаман не, жақсы не? Қатты не, тәтті не? - депті. Сонда Ақтайлақ бала:
- Арзаныңыз - өтірік, қымбатыңыз - шындық. Алысыңыз - ұжмақ... жақыныңыз - өлім. Жаманыңыз -қиянат, жақсыңыз - адалдық... Қаттыңыз - жоқшылық, тәттіңіз - бала. Бала үшін отқа да, суға да түсесің, - деп жауап беріпті. Ақтайлақ баланың бұл жауабына риза болған Шымыр би:
- Балам қолыңды жай, бата берейін, - депті. Ақтайлақ орнынан ұшып тұрып:
- Ие, Нарынбай, Құттыбай, Байғара бабаларымның аруағы қолдай гөр? - деп қолын жайыпты. Шымыр баба:
- Балам, сол айтқан ата-бабаларыңның аруағы қолдасын. Ақ сөйле, әрбір іске әділ бол. Бір сөзді бол. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Алған бетіңнен қайтпа. Аумин! - деп ақ батасын беріпті.
Байғара би дүние салып жылы берілген соң, елі-жұрты бас қосып, ақылдаса отырып Ақтайлақты әкесінің орнына би сайламақ болады. Сонда Едіге деген ауыл ақсақалы жас Ақтайлақты сынамақ болып мынандай бір жұмбақ бастайды:
- Айдаһар ауызды, құс қанатты, бота тірсекті, жылан құйрықты бір пәле қара бұлттай қаптап, өсімдік, көкті, егісті жайлап, жалмап, жердің шаңын шығарады екен бұл не? - дейді. Сонда Ақтайлақ бала көп кідірместен:
- Мұныңыз көк қасқа шегіртке ғой, - дейді отырған көпшілік баланың тапқыр, зеректігіне тәнті болып, бәрі бір ауыздан би сайлапты.
"Ақынды ақын көрсе арқасы қозып, тілі қышыр" дегендей, Ақтайлақ пен Дулат бір-бірімен кездесе қалса-ақ сөз қағыстыра береді екен. Сондай бір сәтте Ақтайлақ Дулатты былай деп қағытыпты.
Мұз байланған тоқтыдай,
Саудырлаған Жарасқұл.
Жапырақ жеген ешкідей,
Жаудырлаған Жарасқұл.
Бұл сөзге Дулат:
Аққа илеген терідей,
Төңкерілме, Жангөбек!
Жалбыраңқы Жангөбек!
Ұстараның жүзіндей,
Мосыға артқан бақырдай,
Аударылмалы Жәнгөбек, -
деп қарымта сөзді артылта қайтарыпты.
Ақтайлақ би Дулаттың әкесі Бабатайға: Солтабайдың Барағы әкесінен өте туып, ел билеп, аға сұлтан атанды. Айбарынан ешкім аса алмады, алыптығына да жан тең келтірмеді. Батыр атанып қол бастады. Ал, сенің ұлың Дулат қолдағы бар дәулетіне ие болмай, ел кезіп, сөз қуғаннан аса алмады. Әкеден кете туды, - дегенде. Бабатай:
Жақсы да болса қарағым,
Жаман да болса қарағым.
Солтабай маған бере ме,
Жақсы туған Барағын?
деп Ақтайлақты сөзден тосылдырса керек. Бабатайдың бұл сөзі халық арасына кеңінен тарап, қанатты сөзге айналған.
Ақтайлақ бидің жасы алпыстан асқан кезі екен. Өзбектер қазақ арасына келіп, тоғанақ пен қос тігіп жатып сауда жасауды кәсіпке айналдырыпты. Саудагерлердің пұлына бағаны "қойға пәлен кез, ешкіге түген кез" деп малға шағып, жергілікті қазақтарға өздері баға қояды екен. Сауданың пұлын елу үй старшын бөлісіп көтеріп алып, несиеге тарататын ауылдар көп болған. Келген саудагерлер Тобықты ішіндегі бір руға кедейсің деп несиеге пұл бермепті. Өшіккен рудың адамдары саудагерлердің пұлын бір түнде тонап кетіпті. Бұл төңіректегі елге атақ-даңкы тарап, абыройы жүріп тұрған Ақтайлақ биге келген саудагерлер, одан дауды шешіп беруді, билік айтып, пұлдарын өндіріп берулерін өтінеді.
Би: - Жарайды, Семейдегі ұлықтарға айтпасаңдар, істі өзім бітіріп берейін, - деп келіскен екен. Шыдамсыздық жасаған саудагерлер Семейге барып хабарлап, қаладан бір екі стражник шығып, Ақтайлақтың ауылына келеді. Мұны естіген кінәлі ауыл үрейленіп, бәрі бір жерге жиналып, дегбірсізденеді. Ақтайлақ ұлық адамдарын:
- Ендігі істі өзім бітіремін, - деп, қайтарып жіберген екен. Мұны да Тобықты елі мен үріккен ауыл естіп, біліп отырады. Шыңғыстағы Байыстың сары шоқысындагы өз ауылынан шыққан Ақтайлақ би Тобықты еліне, Ералы жазығына дейін жаңадан қонған бұл ауылға таянғанда алдарынан гүл теріп жүрген екі қыз көрінеді. Ақтайлақ бидің келе жатқанын естіген Тобықты елінің бетті-беделділері "өз руынан шығып, өзбекке болысты" дегендей ғып, намысына тиетіндей өлең шығарыңдар деп екі қызды Ақтайлақтың бетін қайтарып, сағын сындыру үшін оның жолына әдейі шығарған екен... Ақтайлақ бастаған топ екі қызды көріп, аттарының басын тежеп тұра қалысады.
- Ералының ауылы қайсы? - деп жөн сұрайды, Ақтайлақ екі қыздан.
- Ералыны сұрап тұрған сіз кім едіңіз?
- Мен Ақтайлақ би едім...
Сонда қыздың бірі:
Ақтайлақ би сен бе едің ақ найзалы,
Ақылыңнан көрмедім еш пайданы..
Алпыс пенен жетпістің арасында,
Есек мінген талқы аяқ сарт айдады, - деп,
Ақтайлаққа жасқанбай қарап өлеңдетеді.
Ақтайлақ екі қызға былай депті:
Сарт айдаса обалым Тобықтыға,
Қой дегенге ұрлығын болып тұр ма?
Ауыл жөнін сұрауға бұрылып ем,
Қатынсынған бір қарға жолықтым ба?
Ел ағадан азады, тон жағадан,
Аңғал бәрі жортады тау сағадан.
Ақтайлақ би бастаған он жеті ақын,
Не деп үміт қылсын, мұндар-ау Байғарадан.
Ақтайлақтың найзадай ұзын сақалынан, терең мағыналы, өтімді сөзінен беттері қайтып, ұялған екі қыз беттерін басып сырт айналған дейді. Сол барған бетінде Ақтайлақ би дауды шешіп, екі жақты келістіріп қайтқан екен.
Ақтайлақ пен Солтабай сайысқа түсіпті. Ел көп жиналыпты. Сонда Ақтайлақ би Солтабай биге былай депті:
Бай қонысын сұрасаң,
Батбақ сұлы даласы.
Қой қонысын сұрасаң,
Кекірелі жантақ саласы,
Құйсадағы таусылмас,
Қыдырлы байдың сабасы,
Сірә да ұшпақ көрер-ау
Осыны тапқан анасы -
деп, өзінің кеудесін түртіп:
Сен төрт кісі күмән ұстасаң,
Бүгін керей өлгенде
Мен тоқсан түйе құн кестім.
Ертең найман өлмей ме?
Сөзімнің болса расы,
Өлімді жанның мұрасы, -
деп тоқталады.
Бұл сөзді Солтабай ұнатпағанда, тағы да Ақтайлақ:
Әуелі бағыра ашылса,
Ақ сандықтың түбінде.
Аққу қонар көлдерге.
Бәрін айт та, бірін айт
Туысқаны кімнің көп болса,
Солтанжан-ау, қарашы,
Үлкен медеу белдерге.
Сарықасқа ат тұр ғой белдеуде,-
Қырық кез торғын жатыр ғой,
дейді. Солтабай тосыла беріпті.
Ақтайлақ би Қанай шешенді сынамақ болып:
- Ер басында бақыт нешеу?
- Кемдік нешеу?
- Құлазу нешеу? - деп сұрайды.
Сонда қарауыл Қанай шешен былай деп жауап береді:
- Ер басында бақыт бесеу, кемдік үшеу, құлазу төртеу.
Енді атап-атап айтайын:
-Астыңдағы атын жүрдек болса,
Жалғанның пырағы
Алғаның жақсы болса,
Үй мен қонақтың тұрағы.
Әкең - асқар тау,
Шешең - қайнар бұлақ.
Балаң жақсы болса,
Екі көздің шам-шырағы,-
Міне - бес бақыт осы.
- Атың шабан болса,
Жалғанның азабы.
Алғаның жаман болса,
Дүниенің тозағы,
Балаң жаман болса,
Көрінгеннің мазағы.
Міне - үш кемдік осы.
- Қалың ел көшсе,
Көл кұлазиды.
Қаптаған мал кетсе
Бел құлазиды.
Нарқын танымаған,
Сөз құлазиды.
Қатарынан айрылған,
Шал құлазиды,
Міне - төрт құлазу осы.
-Бөрекелді, таптың балам, - депті Ақтайлақ - Енді маған жұмбағыңды айт?
Сонда Қанай: -Ажалды қарға бүркітпен ойнайды деген, мен сіздей білгір дүлдүлге жұмбақ қоя алмаймын, - депті.
Бір күндерде Ақтайлақ би ауыл сыртыңда төбенің басында отырса, көз ұшы жерде келе жатқан Жанақ ақын екенін танып, ауылда, үй сыртында тай үйретіп жүрген балалардың ішінде өзінің кенже баласы - Сабырбайды шақырып алып:
- "Балам, анау келе жатқан атақты Жанақ ақынға ұқсайды. Сен құрметтеп қарсы ал да, бір ауыз өлең айт. Жанақ бір әбігерге түссін, - депті. Жанақ ақынның мінгені дәу шұбар ат және бір атқа қобызын жеке артып алыпты. Бимен сөлемдесіп бола бергенде Сабырбай:
Бақсы екен деп ойлап ек, басын тартқан,
Ақын Жәкем екен ғой өлең айтқан.
Бәрекелді, көшіңнің сәндісіне,
Қараша інген секілді байталға артқан, -
дегенде Жанақ ақын сасқалақтап қалып, қобызды шешіп алайын деп тұра бергенде, Ақтайлақ би:
- Жәке, үйге барғанда балалар қобызды шешіп әкеледі, әзірше мына таяқты пайдалан, - деп таяғын ұстатыпты. Таяқты ала сала Жанақ:
Төмен тіннен келемін жоғары өрлеп,
Үш жүздің, баласында ақын мен деп...
Атан да алдым біреуден, жамбы да алдым,
Мына неме кездесті-ау көлденеңдеп,
- дегенде Ақтайлақ:
- Бұл біздін жаңа талап Сабырбай деген баламыз, - депті. Сабырбай Жанақтын атын кермеге байлап, қобызын шешіп әкеп қолына ұстатыпты.
Жанақ:
Айналайын балапан жас талабым,
Айтысуға мен сенен жасқанамын.
"Сөз тапқанға қолқа жоқ" дегендейін,
Өрге өрлеп, ілгері бас, қарағым, - дегенде,
Ақтайлақ: - Балам, Жәкеңмен айтысу саган оңайға түспейді. Тез үйге бар да, мал сойғыз және оңаша үй тіккіз. Жанақты шақырып келтіре алмаушы едім, бүгін дәм айдап өзі келді және саған шын ықыласымен тілек білдірді емес пе, - депті.
Ертеде Үйсінде атағына дәулеті сай, сөзге де жүйрік, азулы Нұрбек деген би өмір сүріпті. Нұрбек Ақтайлақпен замандас екен. Оның өмірі мен сөзі ел үстінен қызыл суша жүрген дейді. Күндерде бір күні Нұрбек би жасы ұлғайса-дағы өмірді қызықтау, төсек жаңғырту мақсатында кыз іздеп Үйсінмен шектес шеткерірек отырған найман елінің бір ауылына келіпті. Ауыл адамдары жолаушыларды құрметтеп аттан түсіріп, үйге кіргізіп, төрге отырғызып, меймандостық білдіреді.
Қонақтар жайланып, іргесін түріп тастаған қазақ үйде демалып жатқанда Нұрбек іргеден шолпысы сыбдыр қаққан бірнеше қыздарды көреді. Нұрбектің тілегені алдан шыққандай болып, әлгі қыздардың арасынан сұңгақ бойлы, талдырмаштау келген аққұбаша қызға көзі түсіп "шіркін белгі таққан жері болмаса, барымды берсем де осыны алсам-ау" деген ойға келеді. Ертеңінде ауыл ақсақалдары дәстүр бойынша меймандардан не бұйымтаймен келгендерін сұрапты. Сонда Нұрбек би отырғандарға бір көз тастап, өзінің жасынан атқа мініп ел басқарғандығын, әзіргі күнде ұлы, қызы қияға қонған әлді бай, атақты би, өз елінің айтулы адамдарының бірі екенін айта келіп: "Жасым үлкен болса да бала болайын деп келдім, інілеріме аға болайын деп келдім. Несін жасырамын, өзіме кішілікке балаңды сұрай келдім. Тілегім орындалса аярым жоқ. Барымды берейін деп келдім" - депті. Қыз әкесі Дәуленге сынай қарап: Ескі ауылдың әдетінше "Қыз туса, қырық жеті қақпаны бұзып кірді" дейді екен. Ауыл ақсақалдары қыз әкесімен келісіп, Нұрбекке қалаған қызын беретін болып, келген адамдар қыздың қырық жетісіне келісіп, құда түсіп қайтады.
Екі жақ алыс-берісті аяқтағаннан кейін тоғыз күн тойын, он күн ойын жасатып, қыз ұзатылады. Көп уақыт өтпей-ак жаңа түскен жас тоқалға азулы бәйбіше астамшылық көрсетіп, теңсіздікте ұстап, отырса басқа, тұрса аяққа ұрып, шектен тыс зәбір көрсетеді. Осы қорлыққа шыдай алмаған келіншек жайлау үстінде, қараңғы түн жамылып, Нұрбектің белдеуде тұрған жүйрігіне мініп, ауылым қайдасың деп тартып береді.
Жас келіншегінің аман-есен төркініне барғанын естіген Нұрбек екі ұлын қосып, бірқанша адамдармен Сауға шешенді аттандырады. Жол ортасына жеткенде ауа райы өзгеріп, аспанды қара бұлт торлап, жаңбыр жауып, күн күркіреп, найзағай шатырлап, бір биік тар кезеңнен асып келе жатқанда кенеттен жай түсіп. Сауға шешен жан тапсырады. Бара жатқан жолы қайғылы сапарға айналған соң, бұлар Сауғаның сүйегін алып кері қайтыпты.
Келер жылы жазда Нұрбек би бастап жолаушылап, он бес адам жолдасы бар, найман еліндегі қыз әкесі Дәулен ауылын шабады. Нұрбектің де тайынан атқа қосылған шешен екендігін білетін ауыл адамдары мұнымен сөйлесуге кім лайықты болар екен деп ақылдасқан екен. Сонда жасы тоқсанға келген, төсегінен әрең тұрғызып көтерген, ұзақ жасап, көпті көрген қария отырып "Балалар сендер Ақтайлақ биден ақыл сұрандар. Соның алдында өткен істің арманы болмас" - депті. Қарияның ақылын алған Дәуленнің үлкен баласы қасына жолдас ертіп, Балтақара мен Қайрақты өзендерінің түйілісінде Сарыарқаның көк қойнаулы жасыл шалғынды самал-салқын жайлауында отырып, әкесі Байғараға зират соқтырып жаткан Ақтайлақ ауылына ат басын тіреген екен.
Келген адамдар істің мән-жайын түсіндіріп, Ақтайлақтың дауға бітім айтып, билік жасауын өтінеді. Ел жұмысы, жұрт тағдыры, басына бостандық аңсаған қыз үміті, бәрі өзіне қарап тұрған соң Ақтайлақ өтінішті қабылдап, зират соғуды басқаларға тапсырып, Дәулен ауылына сапар шегеді. Дәулен ауылы Нұрбек би бастаған қонақтарға арнайы үй тігіп, сойыс сойып, ерекше күтімге алып, құрметтеп отырған кезде Ақтайлақ та келіп жеткен еді. Ереңінде ауыл сыртындагы кең жазықта отырып сөз басталады. Екі жақ ақыл жарыстырып, сөз сайыстыруға баталастыруға кіріседі. Алғашқы сөз бастаған Нұрбек би:
Кеден-кеден болды,
Кеден неден болды.
Ебелең, елден болды,
Зобалаң жолдан болды.
Жерің ала болды,
Бұлт шала болды.
Біздің елде жай түгіл.
Жауын да жоқ,
Бұл өлім сенен болмай,
Неден болды? -
деп, әуелі Сауғаның құнын сұрапты. Сонда ой толғап отырған Ақтайлақ би:
Ебелең елден болса,
Зобалаң жолдан болса,
Айменен амандас
Күнменен құлақтас.
Бұлтпенен бүландас,
Жермен жақындас болдық па?
Шап деп қылыш берсек,
Ат деп мылтық берсек,
Оғын салып берсек,
Шақпағын шағып берсек,
Жасырын сөйлесіп,
Өлтір деп тілек білдірсек,
Өзіңнен жақсы қыл да құнын ал,
- депті.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: