Реферат: Қазақ әдебиеті | Жанкісі би

Реферат: Қазақ әдебиеті | Жанкісі би

Жанкісі би шамамен 1770-72 жылдары Ұлытау өңірінде туып, 1848-49 жылдары Сыр бойында қайтыс болған деседі. Би, әрі ақын Жанкісінің әкесінің аты түрлі жинақтарда әртүрлі айтылып жүр. Бірде Өтеміс, енді бірде Басыбайдың баласы делінеді. Бидің артында «Қоқан ханына айтқаны», «Қожыққа айтқаны» тағы басқада айтқандары ел есінде. Бірсыпырасы жинақтарда жарияланған.

«Қоқан ханына айтқаны» деген тегеурінді өлеңі алғаш рет 1875 жыл «Записки Оренбургского отделения РГО» журналында жариялаған. Екінші рет 1885 жылы Орынбор қаласында ғалым, профессор Н.Веселовскийдің құрастыруымен «Образцы Киргизской поэзии» деген кітапқа енген. Осы кітабында ғалым Веселовский жырдың авторы Жанкісін «Сыр бойылық Найман» дегенді ғана жазған екен.

Әрі би, ақын Жанкісі Қоқан хандығының қазақ жұртшылдығына жасап жүрген озбырлығы туралы, өткір тілмен ашына баяндап, айыптау, қарсылық сөзімен айтқан.
Жанкісіні осы өлеінің соңында:

...Ел ішінде ажарлы,
Қыз-қатынды қоймайды.
Жақсыларды сөгеді,
Ат үстінен тебеді.
Жүрексініп отырмын,
Айтар сөзім көп еді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Жанкісі би туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Жанкісі би

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]