Реферат: Тарих | Моңғол шапқыншылығы

Реферат: Тарих | Моңғол шапқыншылығы

Татар-монғол тайпаларының саяси жағынан басын біріктіріп, монғол феодалдық мемлекетінің негізін салушы Тэмуджин болды. Ол 1155 ж. ірі ноян Есүхей батыр отбасында туылған.

Тэмуджин ер жете келе қол астына монғолдардың барлық тайпаларын біріктіреді. 1206 ж.ы көктемде Онан өзені жағасында Тэмуджинді жақтаушы монғол ақсүйектерінің құрылтайы болып оны Шыңғыс хан деген атпен монғолдардың әміршісі етіп жариялайды. Шыңғыс хан әскери-ұйымдастыру принципін мемлекеттік құрылыстың негізі етіп алады. Елдің бүкіл жері мен халқы он қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар) және орталық (гол) атты үш әскери әкімшілік округке бөліп, әрбір округте он мың адамнан тұратын бірнеше түмгелер (түмендер) болды. Олар өз кезегінде «мыңдық», «жүздік», «ондықтан» тұрды.

1207—1208 жж. қысында Шыңғыс ханның үлкен баласы Жошы Енесей қырғыздарын және Сібірдің оңтүстігіндегі басқа да «орман халықтарын» бағындырды. 1208-1209 жж. Шыңғыс хан әскерлері тұтқиылдан шабуыл жасап, танпұттық Си ся мемлекетін күйретті. Шыңғыс ханның қахарынан сескенген қазіргі Шығыс Түркістан аймағындағы ұйғырлар монғолдарға өз еркімен берілді. 1211 ж. Шыңғыс хан қолы Солтүстік Қытайға бет алды. 1215 ж. олар сол кезде Цзинь мемлекетінің астанасы болған Чжундуды (Бейжінді) бағындырды.

Қытайда монғолдар соғыс ісінің сол замандағы жоғарғы техникасымен танысты. Қытайдан көптеген қару-жарақ, қамал бұзатын машиналарын, оны пайдалана білетін адамдарды алған Шыңғыс хан жауынгерлік дайындығын күшейте берді.

Сөйтіп, ол Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алуға дайындалды. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, босқындардан мәлімет жинады.

Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жауы болған найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған Жебе ноян бастапан әскер жіберді. Жетісуды Шыңғыс хан көп қарсылықсыз басып алды. Оны бағындырғаннан кейін Шыңғыс ханның Мәуереннахрға, сол кезде Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жол ашылды. 150 мың адамдық қол Орта Азияны бағындыруға аттанды. Монғолдар Отырарға таяп келгенде монғолдардың басшысы Шағатай мен Үгедей бастапан бірнеше түменді қаланы қоршау үшін қалдырып, әскерлердің Жошы бастапан басқа тағы бір шоғыры Сыр бойымен төмен бағыттады. Үшінші шоғырға Сырдарияның жоғарғы ағысы бойындағы қалаларды бағындыру міндетін жүктеді. Шыңғыс хан ұлы Төлемен бірге әскерімен Бұхарға беттеді. Хорезм шахы Мұхаммед монғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді. Ол әскери күштерді әр қалаға бөліп ұстап отырды. Мұның өзі Шыңғыс ханға қалаларда тұрған шағын шоғырды оңай құртып жіберуге мүмкіндік берді.
Қазақстан және Орта Азия(1213 жылға дейін).PNG

1219 ж. күзінде Шыңғыс хан зор армияны Жетісу арқылы Мәуереннахрға аттандырды. Оңтүстік Қазақстан халқы қатты қарсылық көрсетті. Мысалы Отырар 6 ай бойы (1219 ж. қыркүйек — 1220 ж. ақпаны) қарсыласты. Алайда әскер басыларының бірі Қараджа түн ішінде қақпаны ашып жіберіп, монғолдарға өтіп кетті. Әскер осы қақпа арқылы қалаға кіріп, оны талқандады. Сөйтіп Отырар қамалын жермен-жексен еткен Шағатай мен Үгедей бастапан әскер Шыңғыс ханға қосылды. Бұл кезде Шыңғыс хан Бұхара мен Самарқанд арасындағы жолда болатын Сығанақ қаласы да, ашнас та ерлікпен қорғанды. 1220 ж. 4 сәуірде монғолдар Жентті алды. Сыр бойындағы қалаларды жеңгеннен кейін Шыңғыс әскерлері Орта Азияның ішіне кірді. Халық ерлікпен қорғанды. Бұхар, Самарқанд, Үргенш үлкен қарсылықпен алынды. 1219—1221 жж. Шыңғыс хан әскері Орта Азияны ойрандады. 1221 ж. көктемінен бастап соғыс хорасан, Ауғанстан және Солтүстік Үндістан мемлекеттерінің жеріне ауысты.

Монғол әскерлеріның басшылары Жебе мен Сүбедей нояндар басқарған 30 мыңдық жасақ Солтүстік Иранды басып алды. 1222 жылы Қауқазға кірді. Моңғолдар аландарды, қыпшақтарды, Қалка өзенінде орныққан орыстарды жеңді. Олар орыс жерінің оңтүстік аймағын ойрандап, Дешті-Қыпшақ даласы арқылы 1224 жылы Шыңғыс ханның Ертістегі ордасына қайтып оралды.

Сонымен, 1219—1224 жж. шапқыншылық салдарынан Қазақстан мен Орта Азия Шыңғыс империясының қол астына кірді. Шыңғыс жаулап алынған жерлерді балаларына бөліп берді. Шыңғыс хан Ертістен Орал тауларына дейінгі, онан батысқа қарай «монғол атының тұяғы тиетін жер», оңтүстікке қарай Каспий мен Арал теңізіне дейінгі жерді үлкен ұлы Жошының билігіне берді. Орта Азиядағы иеліктерінен Жошы ұлысына — Амудың төменгі жағындағы аудандар (Солтүстік Хорезм) мен Сырдария кірді. Жошының ордасы Ертіс алқабында болды.

Шыңғыс ханның екінші баласы Шағатайдың үлесіне Мәуереннахр, Жетісу мен Қашғар кірді. Оның ордасы Іле алқабында болды.

Үшінші баласы Үгедейге Батыс Монғолия мен Тарбағатай жері қарады. Оның ордасы қазіргі Шәуешек қаласы маңы.

Кіші ұлы Төле, Шыңғыс хан жұрты Монғолияны иеленді.

Сонымен Қазақстан жері монғолдың үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі — Жошы ұлысының, Оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан — Шағатай ұлысының, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі Үгедей ұлысының құрамына кірді.

1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монгол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монгол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.

1239 ж. басында монғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монголдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді монгол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды.

Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Монголия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 15 ғ. 1460 жж. кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды. Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат т.б. мекендеді. Дешті-Қыпшақ пен Еділ бойына қоныс аударған монголдар жергілікті халықпен сіңісіп кетті. Алтын Орданың орталық аймағы — Еділ бойы (Сарытаудан (қазіргі Саратов) Аштараханға дейін) астанасы Берке сарайы немесе Сарай-әл-Жадид немесе Сарай-Жүк), негізгі әскери күші — қыпшақтар.

Алтын Орда өзін билеген хандары — Бату хан 1241—1256; Берке − 1257—1266; Мөңке-Темір — 1266—1280; Төде-Мөңке — 1280—1287; Төле-Бұқа − 1287—1291 жж, Тоқа — 1291—1312 жж; Өзбек хан — 1312—1342; Жәнібек хан — 1343—1357 жж. күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату хан Монголиядағы ұлы ханға бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Батыс Еуропамен, Мысырмен, Анадолымен, Үндістанмен, Қытаймен сауда жүргізді. Ислам діні Өзбек хан тұсында үстем дінге айналды. Мемлекет құрылысы әскери негізде болды, шет аймақтарда әскери әкімшілік биледі. Қарулы күштер оң қол, сол қолға бөлініп, оларды ханзада — оғландар, түмен басы, мың басы, жүз басы, он басы басқарды. Қала мен бағынышты аймақты ұстау үшін даруғабектер, басқақтар тағайындалды.

Алтын Орда ішінде азаттық күрестер де, феодалдардың өзара күресі де күшейді. 1238 ж. Бұқарда қолөнерші Махмұд Тараби бастаған көтеріліс болды. 10 мың монгол жауынгері өлтірілді. Бірақ осы ұрыста Махмұд Тараби де қаза тапты. Монголдар көтерілісті басып тастады. 1240—1241 жж, 1270 ж. [[Кама булғарлары көтерілді. Бұл Алтын Орданы әлсіретті. 1250 ж. Ұлы Новгородта, 1262 ж. Ростовта, Суздальда]], Ярославльде болған көтерілістен Алтын Орда іргесі шайқалды.

1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.

1380 ж. Алтын Орда нояны Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскерінің тас-талқанын шығарды. Бұл Алтын Орданың құлауын тездетті.

Оның үстіне 14 ғ. соңында, яғни 1391 және 1395 жылдары Ақсақ Темір Алтын Ордаға бас көтертпей екі рет соққы берді. Осыдан кейін ел ыдырай бастады. 15 ғ. басында Тоқтамыс ханмен Едіге бидің өзара таласы Алтын Орданы өзара қажытты. 15 ғ. 1 жартысында онан бұлғарлар, Қазан мен Қырым бөлініп шықты. 1480 жылы орыс кнәздықтары монголдардан толық тәуелсіздік алды. Сол шамада Қазан, Қырым, Аштархан (Ноғай), Қазақ, Сібір хандықтары құрылды.

Монғол шапқыншылығы кезінде монголдардың жаңа жерлерге қоныс аударғандары да болды. Батыс, солтүстік Қазақстанға олар келді. Біраз уақыттан кейін монголдар түркі тілдес халықпен сіңісіп кетті. Монголдар жаулап алған елдерін уәкілдер-даруғашылар, мен тамғашылар арқылы басқарды. Монгол шонжарлары жергілікті тілде сөйлей бастады. Ежелгі дәстүр бойынша тек Шыңғыс ұрпағы «алтын ру» (төре) өкілі ғана хан бола алатын еді. Шыңғыс әулетінен тараған сұлтандар Алтын Орда құлап, жаңа мемлекеттер құрылғаннан кейін де халыққа билік жүргізу құқын сақтап қалды.

Қазақстан жеріне монголдар Шыңғыс ханның құқық нормаларын «Ұлы жасақ» енгізді. Ол бойынша жергілікті халық соғысқа қатысу үшін әрбір 10 үйден бір жауынгер беруге тиіс еді. Көшпелі малшылар копчур деп аталатын салық төледі. Оның мөлшері жүз бас малдан бір бас мал беру. Егіншілерден де астықтай салық алынды. Әрбір 10 тугар (түтін) егістен қазына пайдасына бір тугардың өнімі, кейбір жерлерде харадж (жер салығы) алынды.

Отырар апаты[өңдеу]



1218 ж. Хорезмшаһ Мұхаммедтің Отырардағы билеушісі Қайырханның әмірімен Шыңғыс хан керуенінің саудагерлері өлтіріледі. Бұл Шыңғыс ханның Орт. Азияға шапқыншылық жасауына сылтау болды. Тарихи әдебиеттерде бұл қырғын "Отырар апаты” деген атпен белгілі. 1219 ж. күзде моңғол әскерлері Отырарға жетті. Моңғол шапқыншылығы салдарынан Отырар қиратылып, қала тұрғындары қырғынға ұшырады. Бірақ 1219 жылғы апаттан кейін Отырар қайта жанданды.



1255 ж. армян саяхатшысы Отырарды Сырдария бойындағы ірі қалалар қатарында атайды. Отырар дүниежүз. саудада бұрынғысынша делдалдық рөл атқарды.

Қала туралы 1320 ж. Флоренция көпесі Пеголоттидің Азов т-нен Қиыр Шығысқа дейінгі сауда жолы туралы жазбаларында да баса айтылған.

14 ғ-да Ақ Орда хандары мұнда медреселер, ханакалар, мешіттер, кеңселер салдырды.

14 ғ-дың аяғында Отырар Әмір Темір мемлекетінің құрамына кірді. Әмір Темір мұнда бірнеше рет болып, Шығыс жорығына дайындығы қызған кезде (1405) осында қайтыс болды. Әмір Темір мирас-қорлары мен Шайбани әулетінің қазақ хандарымен күресі барысында Отырар тағдыры тағы да сынға түсті.

16 ғ-дың 2-жартысынан бастап қала қазақтардың билігіне біржолата көшіп, шамамен 18 ғ-дың басына дейін болған.

Отырарда археол. қазба жұмыстары кең көлемде 1969 ж. Қазақстан ҒА-ның К.Ақышев басқарған Отырар археол. экспед. ұйымдастырылғаннан кейін басталды.

Отырар (Тұрарбанд, Тұрар, Тарбанд, Фараб) – ортағасырлық қала орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Темір темір жол стансасынан солтүстік-батысқа қарай 7 км жерде орналасқан. Отырар 8 ғасырдың басынан Тарбанд (Трабан) деген атаумен белгілі. Бұл атау Күлтегін және Білге қаған құрметіне арналған көне түркі жазбаларда кездеседі. 8 ғ-дағы араб географы Якут "Тарбанд, Тұрар, Тұрарбанд пен Отырар – бір қала” деп жазады. Араб тарихшысы Табаридің Отырар патшасын әл-Мамун халифтың жауларының бірі деп атағанына қарағанда, Отырар 9 ғ-дың өзінде-ақ ірі қала болған. 10 ғ. жазбаларында Кедер деген орталық қаласы бар Фараб аймағы аталады. Ал Фараб Кедерден көне қала екені әл-Мақдисидің (10 ғ-дың аяғы) еңбегінде жазылған. Оның айтуынша, бас қала аймақ есімімен Фараб аталған. 10 ғ-дан кейін Кедер тарихи және географиялық жазбаларда аталмайды, оның орнына астана да, аймақ та Фараб делінген. Отырар 5 – 15 ғ-ларда Арал бойындағы көшпелі тайпалармен сауда жасайтын Иран мен Орта Азиядан Сібірге, Моңғолияға және Қытайға қатынайтын сауда жолындағы маңызды қала болды. Кейбір зерттеушілердің пікірінше, қалада сол кезде әлемдегі аса ірі кітапхана және көптеген мешіт-медреселер болған.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Моңғол шапқыншылығы туралы реферат тарих казакша на казахском, реферат Моңғол шапқыншылығы на казахском языке история скачать бесплатно, тарих пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар тарих казакстан дуниежузи тарихы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]