Реферат: Тарих | ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСТЕР
ЖҰМЫСТЫҢ НЕГІЗГІ МАЗМҰНЫ
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, зерттелу деңгейі, жұмыстың мақсат-міндеттері айқындалды. Зерттеудің теорилық және практикалық негіздері мен ғылыми жаңалықтары тұжырымдалып, еңбектің сыннан өтуі мен жариялану жайы баяндалды.
"Қытайдағы қазақтардың тарихи жырларының жиналуы мен зерттелуі” деп аталатын бірінші бөлімде Қытайдағы қазақтар арасында бұрыннан сақталып келе жатқан тарихи жырлар мен кейіннен туған тарихи жырлардың жиналуы мен зерттелу деңгейі қарастырылды.
Ол үшін алдымен Қытайдағы қазақтар деген кімдер, олардың саяси-әлеуметтік жағдайы қандай? деген сұрақтарға жауап берілді.
Екіншіден, Қытайдағы қазақтардың рухани мұрасы жалпы қазақ фольклорынан бастау алады, тамырлас деп қаралып, "…кейінгі туған фольклорында өзіне тән ерекшелік бар. Екі елдің арасына шекара сызығы тартылғаннан кейін сол жақтағы жағдайларға байланысты эпикалық жырлар қайта өңделіп жырланды, жаңа эпикалық жырлар да туа бастады. Атап айтқанда "Манас”, "Сабалақ”, "Бердіқожа батыр”, "Қабанбай батыр”, "Жәнібек батыр”, "Арқалық батыр”, "Әлібек-Бор батыр”, "Әтікей-Нұржекей”, "Зуха”, т.б. батырлық, "Ахмет-Кәшім”, "Садық-Салиқа” сияқты лиро-эпостық жырлар болған 5, 328-б. – дей келе, Шыңжаң қазақтарының осы тұстан (шекара бөлінгеннен кейін) бастау алған тарихи жырларын шартты түрде бірі – сыртқы жауға(жоңғар), екіншісі – ішкі жауға(гоминдаң) қарсы күрес негізінде туған жырлар деп екі топқа бөліп қарастырылды.
Тарихи жырлардың туып, қалыптасуы турасында академик М.О.Әуезовтың: "Бұл жырлардың бәрі де, ертеде туғандары да, кейінірек шығарылғандары да – анық тарихи оқиғаларға негізделген, ал басты-басты кейіпкерлер – тарихта болған адамдар. Жырлардың авторлары – көбінесе сол оқиғаларды көзімен көрген тұстастары. Авторлар көзімен көрген, өздері бастан кешірген оқиғаларды уақытына қарай сап-сабымен баяндайды” 6, 75-б. - деген тұжырымы Қытайдағы қазақтар арасында кейіннен туған жырларда анық байқалады. Өйткені, диссертацияға негіз болған жырларда жер-су, кісі, мәнсап, ру атаулары анық сақталған деген қорытындыға келдік.
Қытайдағы қазақтар арасында сақталып келген тарихи жырларды екі кезеңге бөліп қарастырдық. Бірінші кезең – Қытай-Ресей шекаралары бөлінбеген кезде Қазақстан мен Қытайдағы қазақтарға ортақ "Қабанбай батыр”, "Арқалық батыр” жырлары туған дәуір, яғни сыртқы жауға қарсы күрес негізінде туған жырлар. Ал, екінші кезең – шекара бөлінгеннен кейін Қытайдағы қазақтардың саяси-әлеуметтік жағдайларына байланысты туған жырлар, яғни ішкі жауға қарсы күрес негізінде туған жырлар деп қарастырылды.
Бірінші кезеңдегі жырлардың жиналуы мен зерттелуі екі бағытта қарастырылды. Бұл кезеңдегі тарихи жырларды зерттеушілер Қазақстан ғалымдарымен қатар Қытайдағы қазақ фольклортанушылары болды.
Қытайда тұратын қазақтардың фольклорлық мұраларын жинап, жариялау ХІХ ғасырдың екінші жартысынан басталды. Ғалым Шоқан Уәлихановтың "Қашқарияға саяхат”, "Жоңғария очерктері” атты еңбектері алғашқы зерттеу еңбектері болып табылады. Ш.Уәлихановтан кейін Алтай аймағында тұратын қазақтардың фольклорлық мұраларын зерттеуші Г.Н.Потанин жинап, жариялады.
Қазақстанда сыртқы жауға қарсы күрес негізінде туған жырлар араға біраз уақыт салып, Қазан төңкерісінен кейін қайта қолға алынды.
Бұл тұста айта кететін бір жайт, біздің ғылыми зерттеу жұмысымызда екі елдің арасына көп тараған "Қабанбай батыр” жыры мен "Арқалық батыр” жырларының жиналу, жариялану, зерттелуі сөз етілді.
"Арқалық батыр” жыры жөнінде Қ.Қалиасқарұлы, С.Садырбаев, Б.Уахатов, М.Ғұмарова, Т.Сыдықов, З.Сейітжанов сияқты ғалымдар болды. Әйтсе де әр ғалымның өзіндік тұжырымдары бар. Мәселен, Қ.Қалиасқарұлы "Арқалық батыр” жырын батырлар жырының құрамында қараған [7, 89-б]. Ал, ғалым С.Садырбаев "Фольклор және эстетика” атты еңбегінде "Арқалық батыр” жырын батырлық, ғашықтық, ерлік, таптық тартыс, отбасылық қарым-қатынастар қатар суреттелетін тарихи жырлардың қатарында қараған.[8, Б.68-73]
Ғалым Б.Уахатов бұл жырды тарихи шындықпен салыстыра қарап, "ХҮІІІ ХІХғасырларды ала туған "Арқалық батыр” жырында сол дәуірдегі тарихи-әлеуметтік өзгерістердің шынайы суреттері бар” деген қорытынды жасаған [9, 180-б]. Тарихи шындыққа жақын келетін Ержан Ахметов нұсқасын көбірек назарда ұстаған.
Зерттеуші М.Ғұмарова бұл жырдың жиналуы мен жариялануы, идеялық мазмұны, образдар жүйесі турасында зерттеу мақалаларын жазды. "Арқалық сыртқы жау – қалмақтарға, ішкі жау - Әжіге қарсы күрескен батыр” дейді [10, 476-б].
Ал, зерттеуші Т.Сыдықов ғалымдар С.Садырбаев пен Б.Уахатовтың зерттеулерін негіз еткен [11, Б.160-162.].
З.Сейітжанов "Арқалық батыр” жырымен қоса, "Тарихи эпос” атты монографиясында Қытайдағы қазақтардың арасында айтылатын кейіннен туған тарихи жырларды алғаш рет ғылыми айналымға енгізді. Бұл жырлардың қатарында "Арқалық батыр”, "Мырзаш батыр”, "Түкібай-Шолпан”, "Шайқан – Күләш”, "Ахмет-Кәшім”, "Хасен-Жәмилә” , т.б. жырларды қарастырып, түркі-монғол халықтарының эпикалық мұраларымен типологиялық салыстырулар жасаған. Салыстырулардың нәтижесінде "… бұл жырлардағы тарихи оқиғаның негізі айқын, яғни жыр нақты өмірде болған тарихи кейіпкерлердің іс-әрекетін баяндайды, демек, бұл жырлар нақты тарихи-реалды эпос” деген тұжырым жасаған [12, 28-б].
Ал, "Қабанбай батыр” жырының жиналуы мен зерттелуіне келгенде ғалым С.Қасқабасов: "… Қабанбай туралы шығармалар батырлық эпосқа толық айналып үлгермеген, бірақ оның поэтикасын бойына сіңірген тарихи жырлар” деп қарайды. Сондай-ақ, Қабанбай дәуірінде шағын өлең, аңыз-әңгіме түрінде айтылып, жырдың кейін пайда болғанын да дәлелді түрде көрсете білген.
"Қабанбай батыр” жыры туралы зерттеу жазған ғалымның бірі Болатжан Абылқасымов болды [13, Б.91-115]. Зерттеуші "Қабанбай батыр” жырының ХХ ғасырдың бас кездерінен бастап С.Сейфуллин, М.Әуезов, С.Мұқанов, С.Аманжолов, Ә.Марғұлан, Қ.Жұмалиев, Е.Ысмаилов, Н.Смирнова сияқты ғалымдардың еңбектерінде сөз болғандығынан хабардар ете отырып, Қабанбай батыр жайында айтылатын жыр нұсқаларының жиналуы мен зерттелуі туралы мәліметтер берген. Жырдың қолжазба күйінде сақталған он үш нұсқасының жырлаушылары мен жазып алушылары туралы айта келіп, сол он үш нұсқаны қатар алып салыстырады. Тіпті, сюжеттік желідегі ірірек және мәндірек деген эпизодтарды тарихи фактымен қатар алып қарастыра келіп, "Қабанбай батыр” ХҮІІІ ғасырдағы қазақ тарихының бір сәтін бейнелейді. Әскери қақтығыс пен кейіпкерлердің өмірден алынғандығы дау туғызбайды деген қорытынды жасаған.
«Қабанбай батыр» жырын арнайы зерттеу нысаны еткен ғалым А.Ғабдуллина "Қабанбай батыр туралы тарихи жырлар мен аңыздар” деген ғылыми зерттеу еңбегінде Қабанбай батыр жайындағы барлық аңыздар мен жырларды қатар алып қарап, олардың тарихи шындыққа жанасатын тұстарын салыстырады. Мәселен жырдың тарихилығын біріншіден, ХҮІІІ ғасырда өткен қазақ-қалмақ соғысы; екіншіден, батыр жанындағы Абылай, Бөгенбай, Жәнібек, Дәулетбай, Ақтамберді, Қазыбек би, Бұқар жырау – бәрі де тарихи өмір кешкен Қабанбайдың тұстастары; үшіншіден, шайқастар өткен жер-су мен кісі, ру, ұлт, елді мекеннің аттары дәл өз күйінде сақталғанын жырдың тарихилығы деп таниды.[14]
Екінші бағытқа келсек, Қытайдағы қазақтарда фольклорлық мұраларды жинау, жариялау, зерттеу мәселесі өткен ғасырдың қырқыншы жылдарынан басталады. 1950 жылдары "Қос қобди”(1957), «Ертегілер» (1958), «Ертегілер мен аңыздар» (1958), т.б. жинақтары шығады. Алайда осы тұста, дәлірек айтқанда, 50-жылдардан бастап әртүрлі саяси науқандар жүргізіле бастады. Оның ақыры "Мәдениет төңкерісі” атты он жыл ойранға ұласады. Осының нәтижесінде халық әдебиетін жинамақ түгіл, көне мұра ретінде барлық әдеби мұралар өртеліп, көзі жойылды. Осыған орай ұзақ уақыт әдебиет пен мәдениет саласын ілгерілетудің орнына кейін шегініс жасалады. Осы қателік 1980 жылдан бастап (1979 жылғы партияның ІІІ кезекті отырысынан кейін) түзетіледі де, әдеби мұраға қайтадан назар аударылып, қоғамдық мән беріледі. Сол жылдардан бастап, яғни 1980-жылдардан Шыңжаңда қазақ фольклорын жинап, реттеу жұмысы нақты қолға алына бастады.
Бұл жағынан Үрімжідегі "Халық баспасынан” шыққан "Шалғын” журналы жаңа бастама көтерді де, аз ғана жыл ішінде ауыз әдебиетінің аса мол мұраларын жинап үлгерді. "Шалғын” журналы кейін "Мұра” журналына қосылып кетті. Ал "Мұра”журналы күні бүгінге дейін ауыз әдебиеті мұраларын жинап, жариялап келеді. 3,261 б. Сондай-ақ, әр аймақ орталығынан (Құлжа, Шәуешек, Алтай) әдеби журналдар ("Іле айдыны”, "Тарбағатай”, "Алтай аясы”) шыға бастайды және халық мұрасының көптеген үлгілері (тарихи жырлар да) жарияланып келеді. Мәселен, "Алтай аясы” журналының 1980-1984жылдар аралығында басылған тек 18 санының өзінде ауыз әдебиетінің түрлі жанрдағы үлгілері жарияланғанын, соның ішінде 31 қисса-дастан жарияланғаны туралы Камуна Жамбозұлы хабардар етеді 15,57 б..
Шыңжаңдағы қазақтардың халық әдебиетін зерттеуді бастаған ғалым – Нығмет Мыңжани болды. Ғалымның 1942 жылы Шыңжаң газетінде "Қыз Жібек жөнінде” атты тұңғыш зерттеу мақаласы Қытайдағы қазақ фольклортанудағы алғашқы ғылыми мақалалардың бірі болды. Зерттеуші жырдың тууы мен оқиға болған ортаның тарихи әлеуметтік жағдайларына талдаулар жасайды.
Н.Мыңжани ХҮІІІ-ХХ ғасырдың бірінші жартысына дейінгі дәуір турасында «Бұл дәуірді халық дастандары ең мол жырланған және сақталған дәуір деуге болады. Алдымен байырғы жырлау дәстүр-дағдысы жалғастырылды және дами түсті. Ежелден жырланып келе жатқан ескі ерлік эпостары, ғашықтық жырлары мен қиссалар жаңғырта жырланды, онан ары вариантталды» деген тұжырым жасайды 16, Б.6-7.
Ғалым "Қазақ фольклоры және оның қисса-дастан жанры жайында” деп аталатын зерттеуінде қазақ фольклоры жөнінде сөз қозғай отырып, қисса-дастандарды халық әдебиетіндегі жетекші жанрлардың бірі деп қарайды. "Бұлар мазмұнына қарай батырлар жыры, ғашықтық дастаны және қиссалар болып үш салаға жіктеледі” [17, 54-б] дейді. Бұл ретте Н.Мыңжани тарихи жырларды жеке жанр ретінде қарастырмаған.
Қазақ халық әдебиеті мұраларын жинау, реттеу, бастыру, зерттеу ісін ұдайы жүргізген әдебиетшінің бірі – Асқар Татанайұлы болды. Ол 1938-жылдан бастап Алтайда тұңғыш шыққан "Жаңа Алтай” журналына өзінің жиған халық әдебиеті туындыларымен қатар өз шығармаларын да жариялайды. Автор қазақ фольклоры саласында ғылыми еңбектер жазбаса да, қазақтың тарихи жырларын, қиссаларын көптеп жинап, олардың шығу төркіні туралы мақалалар жазған. Сол тұста "Арқалық батыр” жыры, 1947 жылы жазып алған "Дәмежан жыры” секілді үлкен эпикалық дастан жырларды қайта реттестіреді 3, 277-б.. Сондай-ақ, оның заман көріністерінен бей-жай болмағанын, көңілге түйген, естіген деректері "Тарихи дерек – келелі кеңес”18 атты зерттеу еңбегінде көрініс тапқан.
Шыңжаңдағы қазақ халық әдебиеті мұраларын жаппай жинау, реттеу, бастыру, зерттеу жұмыстары 80-жылдарға келгенде кең өрістеді. Бірақ бұғанға дейін де (60-70-жылдары) аракідік зерттеулер жазылып тұрған. Осы 80-жылдардан бастап әдебиеттану, фольклортану ғылымының қайта қалыптасып дамуына үлес қосар зерттеушілер қатары көбейді. Олардың қатарында Оразанбай Егеубаев, Ахметбек Кірішбаев, Әуелқан Қалиұлы, Зейнолла Сәнік, Бексұлтан Кәсейұлы, Тәліпбай Қабаев, Камуна Жамбозұлы, Ұйымқан, Мұқаметқазы сияқты әдебиетшілер болды.
Осы тұста фольклор мұраларын жинап, зерттеуге үлес қосқан әдебиетші Оразанбай Егеубаев "Қазақ халық дастандары” атты мақаласында эпикалық жырларды мазмұнына қарай үш топқа бөліп қарастырады. Олар: батырлық дастандары, ғашықтық дастандары, қиссалар. Бұл арада автор тарихи жырларды жеке жанр ретінде қарамаған. Оларды батырлық эпостардың құрамына қосқан.[19]
Әдебиетші Ахметбек Кірішбаев та қазақ халық әдебиетін соның ішінде тарихи жырлар жайында еңбек жазғандардың бірі. Бірақ, А.Кірішбаев та тарихи жырдың жанрлық сипатын ашпаған, тарихи жырлардың ХҮІІІ ғасырда туғандарын батырлар жырының қатарында, ХІХ-ХХ ғасырларда туған тарихи жырларды қиссалар құрамында қарастырған.[20]
Шыңжаң қазақтары фольклорын зерттеу ісіне араласып келе жатқан зерттеушілердің бірі - Әуелқан Қалиұлы. Ғалымның халық әдебиеті жайында жазған "Қазақ ауыз әдебиеті” 21 атты монографиясы алғашқы зерттеу еңбектерінің бірі болды. Әйтсе де ғалым эпикалық жырларды дастандар деп алып, батырлық жырлар, ғашықтық жырлар, қиссалар деп үшке бөледі. Көріп отырғанымыздай Әуелқан Қалиұлы да дастандарды тек үшке бөліп, ғалымдар Н.Мыңжани, А.Кірішбаев, О.Егеубаевтар сияқты тарихи жырлардың ХҮІІІ ғасырда туғандарын батырлар жырының қатарында, ХІХ-ХХ ғасырларда туған тарихи жырларды қиссалар құрамында қарастырған.
Халықтың фольклорлық мұраларын жинау, реттеу, бастыру, ғылыми мақалалар жазу жұмысында Зейнолла Сәніктің де елеулі еңбегі болды. Бірақ, З.Сәнік те "Қабанбай батыр” жырын батырлар жырының құрамында қараған. Көріп отырғанымыздай, зерттеушілер тарихи жырлардың жанрлық сипатын анықтамаған. [22]
Зерттеуші Жақып Мырзақанұлы[23] да, Тоқтархан Ахметжанұлы[24], Омарқан Асылұлы[25], Ж.Маман[26] болсын бәрі де тарихи жырлардың жанрлық сипатын анықтамаған. Қытайдағы қазақтар арасында кейіннен туған тарихи жырлардың жиналып, жарияланғаны болмаса, бұл жырлар турасында З.Сейтжановтың ғылыми зерттеуінен басқа бірде-бір арнайы ғылыми зерттеу еңбегі жазылмады.[12]
Қорыта келгенде, Қытайдағы қазақтар арасында халық әдебиетінің жанрлық түрлерін тереңдеп зерттеу жұмыстары, соның ішінде тарихи жырлар туралы да арнайы ғылыми зерттеулер жазылмады. Шыңжаңдағы қазақ фольклорын зерттеп, пікір айтқан әдебиетші, ғалымдар тарихи жырларды бірде батырлық жырлардың құрамында қарастырса, бірде қисса-дастандардың (қисса-зарлар) тобына қосқан. Сөйтіп, тарихи жырды жеке жанр ретінде қарастырмағандықтан, олардың өзіне тән ерекшеліктері ашылмады. Бұл – Шыңжаңдағы қазақ фольклортану ғылымының ғылыми-теориялық деңгейінің әлі де төмен екендігін байқатады деген қорытындыға келдік.
"Тарихи жыр мен шындықтың арақатынасы” деп аталатын екінші бөлімде Демежан, Зуқа, Жақыпберді, Елісқан сынды батырлардың өмірін өзек еткен "Демежан батыр”, "Зуқа батыр”, "Жақыпберді батыр”, "Үркін-қорқын” жырларының тарихи шындыққа жанасымдылығы қарастырылды. Аталған жырлардың бәрі де ұлт азаттығын көксеп, елі үшін басын бәйгеге тіккен асыл ерлер жайында. Бұл жырлардың қай-қайсысын алсақ та, жыр кейіпкерлері тарихи өмір кешкен ерлігімен дараланған қарапайым жандар. Мысалы, "Демежан батыр” жырындағы Демежан – керей, найманның үш мың үйлі жанын билеген, айналасындағыларға өте сыйлы болған жан, әрі мәнжүр-қытай отаршылдарының озбырлығына, ел ішіндегі жемқор, мәнсапқұмар басшылардың кері әрекеттеріне қарсы күрескен өз дәуірінің саяси қайраткері болған. Әке-шешеден ерте айрылып, нағашы жұртында тәлім-тәрбие алған. Жастайынан өжет, қайсар болып өсіп, ел ісіне ерте араласады. Отаршыл үстем тап өкілдері шонжарларының талап еткен ауыр алым-салығына, озбырлығына қарсы күреседі. Осы тұста қазақ пен мәнжүр, сібе, солаң, дағұр шонжарлары арасында бір-бірімен қырғи қабақ жиі болып тұратын. Мал үшін, жер үшін дау-дамайдың өрбіп тұрған дәуірі еді. Мұның үстіне мәнжүр билеушілерінің қазақ пен қазақтың арасына іріткі салып, бірін-біріне айдап салу тәсілін қолданып отырғанын қазақтар өзара білмей, түсінбей қырқысып жатқан заман болатын. Демежан осы екі қыспақтың екеуін де көрген, әсіресе, мәнжүр билеушілерінің әділетсіз айла-сұмдығына қарсы күрескен халық қаһарманы, ел ардағы. Ел қорғаны бола білген асыл ер әділетсіз басшылардың тарапынан дарға тартылып өлтірілген. Зерттеуші Зейнолла Сәнік: "Архивте Демежан 1861жылы дүниеге келіп, 1908 жылы шаһит болғандығы мәлім. Бұл деректі Тарбағатайда өткен үлкен ағартушы Сұлтан Қанапин өзінің "Демежан үкірдай хақында естелік” деген қолжазбасында да анық жазып кеткен. Қолжазба Шәуешектің бұрынғы "ортақ тіл” деп аталатын аралас тілінде жазылған, онда былай делінеді: Демежан 1908 жылы 47 жасында өлтірілді. Сүйегін консул көшесінде тұратын Жақыпжан ақсақалдың қорасына (өзбек) әкеліп, денесінен қан шығып кеткендіктен имам-моллалары "шаһит” деп бағалап, жаназасын шығарып, қанды киіммен қойды 27, Б.192-193” – деп көрсеткен дерегіне сүйенеді. Ал зерттеуші Мәкен Баймоллаұлы: «Демежан 1907 жылы қазанның 9-ы күні өлтірілді» - деп жазады. 28,166-б. Қалай болғанда да:
- Ойласам өз күнімді бүйтер ме едім,
Қайғысыз рахатта өтер едім.
Жамандық ардан безіп ойлағанмен
Дүниеден өлмей тірі кетер ме едім.
Жұртым-ау, ел сасқанша жан қияйын,
Өлместей із қалдырып, сөз болайын.
Берсем егер жеріңді сұрағанда
Берсем егер малыңды тілегенге
Абырой бұдан артық табар едім.
Мәтендер қияр жанын мен дегенде.
Қорғадым қорқаулардан байлығыңды,
Жүргіздім қайтпай қарсы билігімді.
Ел үшін өлсем шейіт боламын деп
Сақтаймын өле-өлгенше ерлігімді 29 -
деп өткен Демежанның артында қалған ұрпағы әке ерлігін мадақ тұтып, зерттеушілерге құнды мәліметтер беріп келеді.
Демежанның тарихи өмір кешкен ел азаттығы үшін өмірін қиған асыл ер екенін батырдың тұстасы, жақын жүрген досы Әсет пен Әріпжан ақындардың жоқтауларынан көруге болады. Әсет ақын:
Ассалаумағалейкум, беу Қарағаш,
Саяңа шұбырған ед тамам алаш…
…Жәйіліп төрт тарапқа даңқы кеткен
Кешегі ер Демежан иең қайда?
…Қарадан хан боп туған қайран Декем,
Бір саған қас қылғанды құдай атар.
Жарасқан ақ ордаға қайран Боздақ,
Көшірді-ау құдайдан соң солаң қозғап.
Ханым мен ханыша болған қатын-балаң
Қолында әлде кімнің кетті-ау боздап…
27, 111-б.
- деп жоқтаса, Әріпжан Жанұзақұлы жанына жара салған қайғылы қазаға өкінеді. Демежанды халықтың қалаулы азаматы ретінде жоқтайды:
Сабазым, артық туған кемеңгерім,
Солаңның тұмсыққа ұрған жемеңгерін.
Көре алмай төрт үкірдай болды күндес
Мәртебең дутыңменен теңелгенін.
Ханзудың ерте біліп тіл мен заңын,
Халықтың жоқтап едің мұң мен зарын.
Түбінде маған сенен бір зауал деп
Түбіңе жетті ақыры Мәтен залым.
Жазықсыз дарға асып төкті ғой қан,
Қайысты қабырғасы естіген жан.
Ат байлап ағашыңның саясына
Жоқтаған күңіреніп мен Әріпжан, -
деп ақын өз күйінішін білдіреді.
«Зуқа батыр» жырының бас кейіпкері Зуқа қажы да нақтылы өмірде болған адам. Тарихи деректерге сүйенсек, ХХ ғасырдың 20-жылдарының аяқ шеніне келгенде Алтай өңірінің қоғамдық жағдайы тіпті де асқына түсті. 1928 жылы жазда Алтайдың дау иыңы (қосымша қорғаныс елшісі) болып Ви Жыңго дейтін біреу келді. Ол келе сала Алтай халқына қанды шеңгелін салды. Халықты қан қақсатты. Әскери күшпен озбырлық жүргізіп, алман-салықты шектен тыс ауырлатып, елді ерекше қатты күйзелтті. 3,86 б. Ви Жыңгоның бұл зұлымдығына шыдамай қарсы күрескендердің бірі – Зуха Сәбитұлы болды. Зуха Сәбитұлы 1866 жылы шығыстағы Қалба тауының етегінде дүниеге келген. Абақ керейдің Ителі руынан шыққан ол - аталарының жолын қуып, діни дәріс алған. Атасы Нұрмұхаммед бүкіл орта жүзге таныс абыз атанған. Өз әкесі Сәбит те абақ керейдің ішінде мешіт-медресе салып, бала оқытқан, «Дамолла» деген атақ алған діни оқымысты адам болған. Солтүстік Шыңжаңның ұлан-ғайыр елінде 40 жылға жуық имамдық жолында ұстаздық еткен. Төрт ұлы - Зуха, Білжай, Дәкен, Шәкірат әкеден жастай қалып, көзі ашық, көкірегі ояу шешесі татар қызы Бәтиманың тәрбиесінде өседі. Зуха 1903 жылы Меккеге қажылыққа барып, сонда біраз жүріп, 1906 жылы 40 жасында қажылықтан оралады. Қажылықтан кейін 23 жыл өмір сүріп, 1929 жылы басы алынып шейіт болған.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: