Реферат: Тарих | СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ

Реферат: Тарих | СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ

УДК 950/959: 930.26

ТҮРКІСТАН АЙМАҒЫНДАҒЫ СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ

Т.Н. Сериев
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
е-mail: tanat 82@mail.ru

Сыр бойындағы ірі қалалардың бірі Сығанақ болды. Ол қазіргі Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы қала еді. Бұл қала туралы алғаш рет Х ғасырдағы жазба деректерде айтылған. XI ғ. Ғұлама ғалым, түркі тілінің маманы Махмұт Қашқари өзін "Түркі тілінің сөздігі” еңбегінде жазып қалдырған. Ол сығанақ қаласын оғыз қалаларының ішінде атап өткен [1, 174 б]. Бұл қаланы әр жылдары көптеген ғалымдар зерттеген. 1862 ж П.И.Лерх, 1906-07 ж. И.А.Костанье, 1947 ж. А.Н.Бернштам басқарған археологиялық экспедициялар зерттеулер жүргізді.
1929ж. А.Ю.Якубовский "Развалины Сыганака” еңбегінде толық мағлұмат беруге тырысқан.ХХ ғасырдың 70 жылдары К.Ақышев пен К. Байпақов Сығанақ жерінде болып көптеген зерттеулер керек екенін айтты [2, 48-49б].
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "мәдени мұра” бағдарламасының негізінде қазіргі таңда Сығанақ қаласының орнында археологиялық зерттеулер қолға алынуда, ашық аспан астында музей ұйымдастыруға көптеген жағдайлар жүргізіліп отыр. Түрік өркениетінің дамуына Сығанақ қаласы өзіндік үлес қосты. Ал енді сол ортағасырдағы тарихи маңызы бар Сығанақ қаласының тарихына тоқталайық. Қазақстанның солтүстігі мен оңтүстігі-шығысына баратын керуен жолдардың қиылысында орналасқан ол XIIғ. Қыпшақ бірлестігінің орталығы болды. Қазір сығанақтың орнында сунақ-ата жұрты бар [3, 39 б].
1919-20 жылдары Жошы бастаған, монғолдар Сыр бойындағы қалаларды алма-кезек шабуылдап,бағындырып отырған. Сығанақ қаласы 7 күн бойы шабуылдан кейін ғана алынып, монғолдар түгелдей қырып тастаған. XIII ғасырдың 2 жартысында қала қайта жөнделе бастады. Сырдария өңіріндегі ірі саяси және экономикалық орталыққа айнала бастайды. Көптеген қоғамдық ғимараттар, мешіттер салынды. Сығанақ қаласын билеу үшін Темір XIV ғасырда көптеген әрекеттер жасайды. Бұл тұста оған Тоқтамыс хан көмектеседі. Әмір Темір Тоқтамысқа қолдау көрсетіп әскер беріп, Сырдарияға айдап салды [4, 16 б].
XIII-XVI ғасырлардағы Сығанақ қаласының ірі сауда орталығы ретінде халықаралық және жергілікті маңызы зор болды. Қалаға Мауереннахрдан, Қашқардан, Түркістан тағы сол сияқты қалалардан сауда керуендері келіп тұрғандықтан, мұнда тұрмыс қажеттіліктеріне керекті заттар әкелінді. XIV-XVI ғасырларда Сығанақ қаласы Түркістан қалалары ішінде саяси-әкімшілік, сауда айырбас орталықтары ретінде ең ірі қалалардың бірі болып саналды.
XIV ғасырдың алғашқы кезінен бастап Сасыбұқаның кезінде (1309-1310) Ақ Орданың астанасы болған. Қаланы кейінен Ерзен хан (Сасыбұқаның баласы) білмейді. Ерзен хан билеген тұста Сығанақ қаласы дәуірлей бастайды. Қалада мешіт-медреселер, тұрғын үй-жайлар салғызған. Ерзен хан аса бір ақылды, дана адам еді. Ол мұсылманша өмір сүріп, діни қайрымдылық ұйымдар құрған [2, 50 б]. XV ғасып ішінде Сығанақ өзінің саяси және экономикалық маңызын жоғалтпай, Дешті қыпшақта бірін-бірі ауыстырған билеушілердің астанасы болады [5, 20 б]. 1446 жылдан бастап қала "Көшпелі өзбектер” мемлекетінің құрамына кіріп, астанасы болған. Әбілхайыр хандығы ыдырағанға дейін өзінің мәртебесін жоғалтпаған. Ибн Рузбиханның жазуы бойынша Әбілхайыр хан 1468 жылы осы Сығанақтың жанында жерленген. Оның сипаттауы бойынша, хан күмбезі өте биік және күшті безендіріліп жасалған. Бұл кесенесі зерттеушілер көк-кесене мовзолейі - Әбілхайырдың қабыры деп айтады [6, 96 б]. XV ғасырдың 20 жылдарынан бастап XVI ғасыр соңына дейін Қазақ хандығы мен мауеренахр арасында ұзаққа созылған күрестер болады. XVI ғ. Басында Сығанақ қаласы өзінің бұрынғы күш-қуатынан айырыла бастайды. Оған себеп XVI ғасырдың 2 жартысынан бастап XVI ғасырдың аяғына дейін болған ұзақ күрестер еді. Сонымен қатар, Сығанақ қаласының экономикалық құлдырауының себебі, ол – Ұлы Жібек жолы тармақтарының аймақ территориясында маңызын жоғалтуы еді. Өз кезегінде Ұлы Жібек Жолы Ұлы географиялық ашуларға дейін өмір сүрген, яғни теңіз сауда жолының шығуна дейін болған. Содан соң мұхиттық сауда жолының маңызы арта түседі [6, 203 б.]. Бұл Сығанақ қаласының экономикалық құлдырауына әкеледі.
Сығанақ қаласы басқа Сырдария бойындағы қалалар секілді суармалы егіншілікпен айналысады. Ол туралы Ибн Рузбихан өзінің еңбегінде "Егістік жерлерді суғаруға пайдаланылған арықтар Сейхуннан шығарылады”, - деп көрсетеді [5, 21 б.] Сығанақ қаласының Дешті қыпшақпен етене тығыз байланыста болуы және оның түркістан аймағымен түйіскен жерде орналасуы екі жақты этникалық байланыстардың дамуына әсер етті [5, 22 б.].
Сығанақ қаласы мен оның төңірегіндегі елді мекендер аймақ пен Дешті Қыпшақ арасындағы этникалық байланыстарда үлкен маңыз атқарды. Бұл қаланың қолайлы жерде орналасуы, саяси-әкімшілік, экономикалық маңызына орай билеушілер қуатты бекініске айналдырды. Оны мына оқиғалардан байқауға болады.
XV ғ. 70-90 жылдары оңтүстік Қазақстанның қалалары үшін шайбани әулетімен арадағы соғыстар Керей ханнан кейін Қазақ хандығының тізгінін ұстаған Бұрындық хан (1480-1511жж. билік құрған) тұсында да толастамады. Сығанақ қаласы 3 ай бойы қоршауда болады [3, 72 б.]. 1457ж. Әбілхайыр ханды қалмақтардан толық талқандаудан құтқарады.
Сығанақ қаласы Қазақ хандығы үшін үлкен әскери-стратегиялық мәнге ие болды. Дешті қыпшақ тайпалары үшін Сығанақтан айырылу жартылай тәуелсіздіктерінен айырылумен бірдей болды.
Біріншіден, Сыр бойындағы жақсы қыстаулардан айырылар еді. Шапқыншылық қаупі төніп отырады.
Үшіншіден, бүкіл аймақтағы сауда айырбас Мауеренахр билеушілерінің қолына көшкен болар еді.
Қорыта келе Сығанақ қаласы өзінің пайда болуынан бастап ірі саяси оқиғалары бастан өткізеді. Ол өзінің тарихында қаңлылардың, Қыпшақ хандығының (XI-XII ғ.) Ақ Орданың (XV) Қазақ Ордасының (XVI) астанасы болған. XV-XVI ғ. Қазақ хандығы үшін экономикалық, саяси-әкімшілік орталық, әскери-тірек пункті ретінде ерекше маңызды болып саналады.



Пайдаланылған әдебиеті

1. Ә.Дербісалы "Қазақ даласының жұлдыздары” Алматы 1995.
2. Қазақ тарихы //
3. "Ұлы Дала тарихы” Ч.Мусин, Х. Маданов, 1994.
4. "Қазақ хандығының тарихы” Т.Сұлтанов. 2003.
5. "Түркістан және қазақ хандығы” Б.Кәрібай А, 1999.
6. "Ұлы Жібек жолы және Ортағасырлық Қазақстан” К.Байпақов, А.Нұржанов, - А, 1992.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ туралы реферат тарих казакша на казахском, реферат СЫҒАНАҚ ҚАЛАСЫ на казахском языке история скачать бесплатно, тарих пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар тарих казакстан дуниежузи тарихы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]