Реферат: Тарих | Парламент қазақша
МIНБЕР
Парламент - заңнама және ынтымақты қалыптастыру мектебi
Қайрат АЙТБАЕВ,
ҚазГЗУ-дiң Оңтүстiк Қазақстан заңтану, қаржы және қаржы құқығы институтының ректоры, заң ғылымдарының кандидаты
Өткен жылдың 4 желтоқсанында болған Президент сайлауынан соң елiмiз жаңа кезеңге қадам басты. Халқымыз Елбасын тағы да жетi жыл мерзiмге қайта сайлады. Осы кезеңде Президент Н.Ә. Назарбаев Қазақстанды әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң қатарына қосуды стратегиялық мiндет етiп қойып отыр. Бұл күрделi әрi аса жауапты мiндет. Егер Қазақстан әлемдегi дамыған елу мемлекеттiң құрамына кiрер болса, ол дамудың мүлде жаңа сапалық дәрежесiне көтерiледi.
Елiмiздiң қазiргi және болашақтағы дамуының негiзгi ұйымдастырушысы және кепiлi Президент Н.Ә. Назарбаев екендiгi баршаға белгiлi. Себебi, Қазақстан Конституция бойынша президенттiк басқару нысанындағы мемлекет. Екiншiден, елiмiздiң Президентi болып ерекше тарихи тұлға, мемлекет басқарудың терең бiлгiрi, халықаралық деңгейде мойындалған қайраткер Н.Ә. Назарбаев қызмет атқаруда.
Елбасы өзiнiң осынау қиын да, күрделi мемлекет басқару iсiнде мемлекеттiң басқа да атрибуттары – ең алдымен Парламентке, одан соң Үкiметке, Жоғарғы сотқа, Конституциялық Кеңеске тағы басқа жоғарғы және жергiлiктi билiк органдарына сүйенедi. Соларға басшылық жасайды, олармен ынтымақтаса және ақылдаса отырып жұмыс жүргiзедi.
Республиканың жоғарғы мемлекеттiк органдарының iшiнде Парламенттiң орны бөлек. Қазiргi заманғы демократиялық үрдiстердегi мемлекеттердiң Парламентсiз қызмет етуi мүмкiн емес. Тiптi, кейбiр елдер Парламенттiк басқару әдiсiне ден қойған парламенттiк республика болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламентiнiң өзiнiң тарихи қалыптасқан жолы, үрдiсi бар. Парламент заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган. Өкiлдiк орган деп аталу себебi, ол халық сайлаған өкiлдер немесе халық өкiлдерi – депутаттардан тұрады. Ал, халық өкiлдерiмен санасу қазақ халқының тарихында ежелден қалыптасқан дәстүр.
VI ғасырдың ортасында негiзi қаланған Көне Түрiк қағанатынан бастап - кейiнгi қазақ хандарына дейiн ел басшысы халық өкiлдерiнiң жиналысында сайланған. Қазақта ханды сайлауға халықтың игi жақсылары – рулар мен тайпа басшылары, сұлтандар, жаудың бетiн қайырған батырлар мен елдi аузына қаратқан билер, ақылман жыраулар мен елге беделдi өзге де азаматтар қатысқан. Олардың көбi ханның жанындағы кеңесшi орган хан кеңесiнiң мүшелiгiне сайланған. Бұлар жоғарғы өкiлдi билiктiң алғашқы нышандары болатын.
Қазақ хандығы дәуiрiнде аса маңызды мемлекеттiк мәселелер халық өкiлдерiнiң жиындарында шешiлiп отырған. Олардың бiзге жеткен ең жарқын үлгiлерiнiң бiрi 1726 жылғы Ордабасы биiгiндегi қазақтың үш жүзiнiң өкiлдерiнiң бас қосуы. Бұл аса жоғары дәрежедегi өкiлдi жиын-тын. Осы жиында қазақтар бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығарып, ынтымақ пен бiрлiктiң асқан үлгiсiн көрсетiп, бас сардарын сайлап алып, жоңғар басқыншыларынан жерiмiздi азат етудiң негiзiн қалады. Ордабасы жиыны бұған дейiн де бас қосып келген Дала парламентiнiң ерекше бiр көрiнiсi ғана. Қазақтар Ордабасыға дейiн де, одан кейiн де тұрақты түрде жиылып мемлекеттiк мәселелердi бiрiгiп талқылап, кеңесiп-пiшiп отырды. Бүкiл қазақ өкiлдерiнiң бас қосу орны – Мәртөбе, Күлтөбе тағы басқа орындар болған. "Күлтөбеде күнде жиын” деген сөз сол кезден қалған. Бұл да халқымыздың өмiр тарихындағы өкiлдi билiк тамырының тереңде жатқандығын аңғартады.
Ал, бұдан кейiнгi Қазақстанның Ресейге бодандығы дәуiрiнде өкiлдi билiктiң нышандары былай тұрсын, оның тәуелсiздiгi де түгелдей жойылды.
Кеңестiк кезеңде қазақтың алдымен автономиялы (1920-1936), одан соң Одақтас Республика (1936-1991) түрiндегi мемлекеттiлiгi құрылды. 1920-1937 жылдар арасында Кеңестердiң бүкiлқазақтық съездерi және осы съездер құрған Қазақ Орталық Атқару Комитетi жоғарғы заң шығарушы және жоғары өкiлдi органдар рөлiн атқарды. 1937-1995 жылдар арасында бiрден-бiр заң шығарушы және ең Жоғарғы өкiлдi орган болып Қазақ КСР-нiң (1991 жылдан Қазақстан Республикасының) Жоғарғы Кеңесi саналды. Кеңес Одағы құлағанға дейiн Жоғарғы Кеңес формальдi түрде қызмет атқарды. Мемлекеттiк билiк шын мәнiнде Коммунистiк партияның қолында болды. Парламенттiң рөлiн атқарған Жоғарғы Кеңес Компартияның шылауында болып, айтқанына көнiп, айдағанына жүрдi. Сондықтан Кеңес дәуiрiндегi Жоғарғы Кеңестi бүгiнгi Парламентпен ешқандай салыстыруға келмейдi. Жоғарғы Кеңес депутаттарының саны 500-ге дейiн жеткенiмен ол тұрақты мемлекеттiк орган болмады. Оның сессиялары әрi кеткенде 2-3 күнге ғана созылды. Барлық заңдар формальдi түрде Жоғарғы Кеңес атынан қабылданып, бекiтiлiп жатты. Кеңес Одағы тұсында Жоғарғы Кеңеске билiктiң бiр тармағын беру, онымен билiктi бөлiсу принципке мүлде қайшы болды. Керiсiнше, кеңестiк өкiмет заң шығарушы және атқарушы билiктердi бiрiктiрiп жiбердi.
Қазақстан және ТМД-ның өзге елдерi де коммунистiк партия тарағанымен тәуелсiздiкке бұрынғы Жоғарғы Кеңестер арқылы қадам басты. Ол кезеңде мәселен, Қазақстанда XII-шi сайланған Жоғарғы Кеңес қызмет атқарып жатқан едi. Осы Жоғарғы Кеңес алғаш рет Қазақстанның Президентiн сайлады, Мемлекеттiк Егемендiк туралы Декларацияны, Мемлекеттiк тәуелсiздiк туралы Конституциялық заңды, 1993 жылғы Конституцияны, мемлекеттiк рәмiздердi қабылдады. 1995 жылға дейiн ол бiрден-бiр заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган болып қала бердi және осы қызметiн сақтап қалу үшiн ақырына дейiн күресiп бақты.
Дегенмен, компартия мен социалистiк қоғамның туындысы болған кеңестер жаңа демократиялық қоғамға бейiмделе алмады. Себебi, оның табиғаты бөлек едi. Ол демократиялық, нарықтық қоғам үшiн "антитело” ролiн атқарды.
Қазақстанда Жоғарғы Кеңес түрiндегi парламент екi рет үлкен дағдарысқа ұшырады. Алғашында 1993 желтоқсанда 12-шi сайланған Жоғарғы Кеңес өзiн-өзi таратқан болса, 1995 жылы наурызда 13-шi сайланған Жоғарғы Кеңес заңсыз сайланған орган ретiнде таратылды.
Мұның аяғы елдегi қоғамдық-саяси құрылысты мүлде өзгерткен 1995 жылғы жаңа Конституцияның қабылдануына алып келдi. Жаңа Конституция бойынша елiмiз Президенттiк басқару нысанындағы республикаға айналып, мүлде жаңа сипаттағы қос палаталы Парламент құрылды.
Жалпы адамзат қоғамының тарихына үңiлетiн болсақ, парламент пен мемлекет басшысының арасындағы текетiрестiң қандай қасiреттерге апарғанының талай мысалдарын көремiз. Мәселен, 1640-1648 жылдары Англияда мемлекет басшысы король мен Парламенттiң арасында қырғиқабақ келiспеушiлiк туындап, оның ақыры корольдiң басын шабуға апарып соқтырды. Осы сияқты 1793 жыл Францияның сол кездегi парламентi Конвенттiң шешiмiмен елдiң королi Людовик XYI-ның басы гильотинада шабылды. 1918 жылы қаңтарда өкiмет басына келген большевиктер Ресейдiң тағдырын шешуге тиiс жаңадан сайланған ең жоғарғы өкiлдi орган Құрылтай жиналысын алғашқы күнi-ақ күшпен таратып жiбердi. Бұл Ресейдегi төрт жылға созылған азамат соғысының басты себептерiнiң бiрi болды. Бұған ұқсас оқиғалар бүгiнгi кезеңде де кездесiп жатады.
1993 жылы қазанда Ресей Президентi мемлекеттiк төңкерiс жасап үлгерген елдiң Жоғарғы Кеңесiнiң депутаттары орналасқан Ақ үйдi танкiлермен атқылап, оның басшылығын тұтқындады. 1993 және 1995 жылғы Қазақстандағы Жоғарғы Кеңес пен атқарушы билiк арасындағы дағдарыс бейбiт түрде шешiлiп, кеңестер тарих сахнасынан бiржолата кеттi. 2005 жылдың ақпанында Қырғызстан Парламентiне сайлау барысындағы наразылықтарға орай Президент А. Ақаев тағынан кеттi. Ең жаңа мысал. Украина Президентi В. Ющенко сайлау барысында популистiк ұрандарға барып Украинаны Президенттiк Республикадан Парламенттiк-президенттiк республикаға айналдыру туралы уәде беруге мәжбүр болды және ол уәдесiн жүзеге асырды. Бiрақ, онысы өзiне соққы болып тидi. Украина Парламентi өзiне берiлген құзыреттi Президентке қарсы ұтымды пайдалана бiлдi. Украина Парламентi Президент В. Ющенко тағайындаған жаңа Үкiметтi оп-оңай отставкаға жiбердi. Мұнымен Украинадағы саяси дағдарыс бiте қойған жоқ.
Бiз ұзақ-сонар мұндай мысалдарды неге келтiрiп отырмыз? Бұлардың бәрi де тарихи жағынан сабақ боларлық жәйттер. Олар тұтас бiр мемлекеттердi шайқалтып жiберген оқиғалар. Оның басты сабағының бiрi Парламенттi саяси күрес алаңы емес, елдегi тұрақтылық пен ынтымақ үшiн қызмет ету органына айналдыру екендiгiн түсiнуде жатыр.
Биыл онжылдық мерекесiн тойлап отырған қос палаталы Қазақстан Парламентiнiң табиғаты мүлде бөлек. Оның жұмысының негiзгi принципi заң шығарушы және ең жоғарғы өкiлдi орган ретiнде мемлекеттiк билiктiң басқа салаларымен ынтымақ пен бiрлiкте қызмет ету. Билiктi тармақтарға бөлу принципiн сақтау және олардың арасында тежемелiк және тепе-теңдiк принципiне адал болу.
Парламент екi палатадан – Мәжiлiстен және Сенаттан тұрады. Бұлай ету ең алдымен заңдардың сапалы қабылдануының кепiлi. Олай дейтiнiмiз, Парламентте заң терең сүзгiден өтедi, иi қанғанша талқыланады. Мәжiлiсте талқыланған заң жобасы Сенатта тағы да талқыға түседi. Сенаттан өтпесе екi палатаның келiсiм комиссиясы қайта қарайтын болады. Осындай талқылаулардан өткен заң ғана Сенат арқылы Президентке қол қоюға жiберiледi. Осы уақытқа дейiн екi палатаның арасында принциптi келiспеушiлiк, болмаса дағдарыс бола қойған жоқ. Екi палата да бiрi жоғары бiрi төмен емес теңдей құқықтарға ие. Осының арқасында елiмiзде қабылданған заңдар әлемдiк стандарттарға сәйкес келуде. Ең бастысы Парламент саяси күрестен аулақ, оның негiзгi қызметi сапалы заңдар қабылдауға бағытталған.
Заң демекшi, заңның рөлiне де тоқтала кетейiк. Заң аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеушi, Конституцияда көрсетiлген ерекше тәртiппен қабылданатын, ең жоғары күшi бар нормативтiк-құқықтық акт. Заңнан жоғары тұратын басқа нормативтiк акт болмайды. Осындай актiнi қабылдау Парламенттiң құзыретi. Егер заң қате, қисық қабылданып кетсе ол қоғамдық қатынастарды шиеленiстiредi. Өйткенi, заң қате-қисық болса да орындауға жатады.
Қазақстан Парламентi өткен он жылда өзiнiң қарауына келiп түскен 1691 заң жобасының 1221-iн қабылдапты. Маңызды емес заң болмайды. Заң аса маңызды мәселелердi реттеу үшiн қабылданады.
Осы жерде заң жобаларын неге Үкiмет ұсынады деген сұраққа келейiк. Оның жауабы қарапайым. Мынаған қараңыз. Бiлiм туралы заңның бүге-шiгесiн Парламент депутаты терең бiле ме әлде бiлiм беру саласының мамандары бiле ме? Әрине, бiлiм беру саласының қызметкерлерi сол саланың мамандары ретiнде өз саласын кiмнен болса да артық бiледi, қандай мәселенi заңмен реттеу қажеттiлiгiн терең түсiнiп, оны жетiлдiру туралы ұсыныс айта алады. Ал, бiлiм беру органдары Үкiметтiң құзыретiнде. Қорғаныс саласы да, iшкi iстер, денсаулық т.б. салалар да Үкiмет арқылы басқарылады. Оларды басқаратын әрбiр министр Үкiмет мүшесi. Осы тұрғыдан заң жобасын Үкiметтiң ұсынуы объективтi құбылыс. Бiрақ, Үкiметтiң де өз мүддесi бар. Сондықтан кейде заң жобалары көбiрек Үкiметтiң мүддесi мен көзқарасы тұрғысынан ұсынылып жатады. Әйтсе де Парламент ол мүдделердi жалпы мемлекеттiк мүдделермен ұштастырады.
Егер заң жобаларын жасауды тек Парламентке берiп қойсақ, онда да асығыстық пен сыңаржақтылыққа жол берiлер едi. Себебi, Парламент депутаттары заң жобасын жасаушылар емес, оны електен өткiзiп, қабылдаушылар. Осындай қарапайым ақиқатты кейбiреулер дұрыс түсiнбейдi. Олардың ойынша заңдар жобасын Парламент өзi жасап, өзi қабылдауы тиiс.
Парламенттiң заң шығару қызметiнен өзге жоғарғы өкiлдi орган ретiндегi басқа да құзыреттерi жетерлiк. Ол мемлекет басшысы Президентке импичмент жариялай алады. Президенттiң орнынан мерзiмiнен бұрын кету мәселесiн шешедi.
Сенат төрағасы Конституция бойынша мемлекеттегi Президенттен кейiнгi екiншi, Мәжiлiс төрағасы үшiншi тұлға. Бұлардан соң - Премьер-Министр. Парламент Президенттiң, Премьер-Министрдiң қызметiне кандидатураға келiсiм бередi, немесе керi қайтарады. Парламент Үкiметтiң бағдарламасын бекiтедi, немесе бекiтпейдi. Ол мемлекеттiк бюджеттi бекiтедi әрi оның орындалуы туралы Үкiметтiң есебiн тыңдайды. Ата Заңымызда Парламенттiң басқа да өкiлеттiктерi бекiтiлген.
Елiмiздiң қос палаталы Парламентi өз қызметiнiң мүмкiндiктерi мен өкiлеттiктерiн Президент, Үкiмет тағы басқа Жоғары мемлекеттiк органдармен текетiрес бағытында емес, ынтымақтастық бағытында пайдаланып келедi.
Парламенттiң тағы бiр ерекшелiгi – оның кәсiбилiгi. Кәсiбилiктi екi тұрғыдан түсiнуге болады. Бiрiншiден, Парламент негiзiнен заң шығарумен айналысатын өзiнiң құрылу табиғатынан кәсiби орган. Екiншiден, Парламентте депутаттар салалық комитеттерге, партиялық фракцияларға, депутаттық топтарға бiрiккен. Парламент заңдарды талқылағанда әр саладан бiлiктi де кәсiби мамандарды тартып, олардың пiкiрлерi мен қорытындыларына сүйенедi. Қазiргi кезде Қазақстанда кәсiби Парламент қалыптасты деген пiкiрлер айтылып жүр.
Парламенттiң тағы бiр ерекшелiгi, онда түрлi әлеуметтiк топтардың, саяси партиялардың, аймақтардың өкiлдерi бар. Сенаттың 7 депутатын Елбасы тағайындайды. Сенат төрағалығына кандидатураны Президент ұсынады. Олар – Елбасы мен Парламент арасындағы ынтымақтың негiзгi дәнекерi. Бұған қоса Парламент палаталарында Президенттiң өкiлдiктерi жұмыс iстейдi.
Қазiргi кезең Парламенттiң өкiлеттiктерiн кеңейтумен сипатталады. 2005 жылы Президент "Қазақстан Республикасы Конституциясының мүмкiндiктерiн одан әрi пайдалану туралы” Жарлыққа қол қойды. Ол бойынша Парламент палаталарының рөлi нығайтылды. Әлеуметтiк-экономикалық саланың министрлерi Мәжiлiс пен Сенаттың арнайы комитеттерiнiң мақұлдауымен тағайындалатын болды. Парламенттiң басқа да құзырет-мүмкiндiктерi артты.
Болашақта Парламент депутаттарының санын арттыру және саяси партияларға берiлетiн мандаттардың санын көбейту сияқты өзектi мәселелердi шешу туралы ұсыныстар айтылуда.
Қос палаталы Қазақстан Парламентi өткен он жылдықта өзiнiң өмiршеңдiгiн көрсете бiлдi. Елбасы Н.Ә. Назарбаев Парламенттiң қызметiн жоғары бағалап, оның 10 жылдығына арналған құттықтауында: "…Бүгiнде бiз заңнамалық функцияларды жүзеге асыратын жоғары өкiлдi орган ретiнде кәсiби қос палаталы Парламент iске асып қана қойған жоқ, сонымен бiрге уақыт сынынан ойдағыдай өттi деп нық сенiммен айта аламыз”,- деп атап көрсеттi.
Бүгiнде Парламент елiмiзде жүргiзiлiп жатқан ауқымды реформаларды құқықтық тұрғыдан қамтамасыз етуде өз мiндетiн атқарумен қатар, өзге де маңызды мемлекеттiк мәселелердi шешуге белсене атсалысып келедi. Оның мемлекет пен халықтың алдындағы сiңiрген еңбегi мен қызметiн тарих бағалайтын болады.
РЕЗЮМЕ
В статье, посвященной десятилетию Парламента РК, рассматриваются актуальные вопросы становления парламентских традиций в Республике Казахстан. Правовые основы парламентаризма нашей страны имеют свою историю, которая представлена определенными историческими периодами, обусловленными общественно-политическим строем.
SUMMARY
In this article, which is devoted to the tenth anniversary of the Parliament of the republic of Kazakhstan, the author examines actual questions of the settlement of the parliament traditions in the republic of Kazakhstan. Legal basis of the parliamentary of our country have its own history, which is represented by great historical periods, conditioned by the social-political system.
ӘДЕБИЕТТЕР:
Қазақстан Республикасының Конституциясы. Алматы, 2003.
Мұхамеджанов О. Өркениетке жетелеген он жыл. Егемен Қазақстан газетi. 2006 жылғы 19 қаңтар.
Әбiқаев Н. Қазақстан Парламентi: Тарихи дәстүрлер және қазiргi заман. Егемен Қазақстан газетi. 2006 жылғы 20 қаңтар.
Президент, Парламент және оның депутаттарының мәртебесi, Үкiмет, Республикалық референдум, Сайлау туралы Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары. Алматы. Жетi Жарғы, 78-бет 1999.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Құқық | Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
» Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың ұйымдастырушылық құрылымы
» Реферат: Саясаттану | Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
» Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасындағы Президенттік институттың қалыптасуы
» Реферат: Экономика | Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы

Іздеп көріңіз: