Реферат: Тарих | ЖӘҢГІР ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Реферат: Тарих | ЖӘҢГІР ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

УДК 94/99/95

ЖӘҢГІР ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

Н.Құрманбекова, С.Байтілен, К.Мәкенов
Диқан орта мектебі, Байзақ ауданы, Жамбыл облысы, Тараз мемелкеттік педагогикалық институты, Тараз қ.

Күні кешеге дейін еліміздің, тарихынан кесіп тұрып орын алатын қазақтың біртуар ірі тұлғаларының атын атап олардың есімдерін құрметтеу былай тұрсын оларды ескеруден де қалдық. Оған себеп жетпіс жылдан астам билік құрған кешегі Кеңестік идиологияның әсері болатын. Шындығында да олар ескеруге лайықсыз ба еді? Осындай тарихи тұлғалардың бірі Жәңгір хан Бөкейұлы еді. Жәңгір хан кім? Қандай саясат ұстанды? Халқына қайыр- шапағаты тиді ме ?- деген сауалдарға жауап іздеген болсақ оған тарихи деректер былай деп жауап береді. Тарихи деректер Жәңгір ханның отарлаушылар саясатынан халқын қорғаушы , еліне мәдениет пен білім, мұсылман дінінің нұрын себуші хан ретінде көрсетеді. Сонымен Жәңгір хан кім? 1845ж Бөкей хан өлгеннен кейін ханының тағын өз баласы Жәңгірге өсиет еіп қалдырды, ал ол кәмелетке толғанға дейін уақытша басқаруда өз туған інісі Шығай сұлтанға тапсырды. 1823 жылғы 22 маусымда патша Жәңгірді ішкі Орданың ханы деп тану туралы грамотаға қол қойды, ол 1824 ж 26 маусымында Оралда ертедегі рәсім сақтала отырып патшалық өкімет орындарның бақылауымен ол хан болып жарияланып, 20 жылдан астам уақыт билік етті.[1]
Әр нәрсенің әділдігі керек, патша үкіметі Жәңгірге, оның балаларына да орысша білім, тәрбие беріп көп үміт артты. Қазақ даласын отарлауда жан-жақты білімді, ақылды, мәдениетті Жәңгір сияқты тұлғаны қолға ұстаудың қаншалықты пайдалы екендігін патша да генерал-губернаторлар жақсы біледі. Сол үшін де Жәңгір атақ-абыройдан кенде қалған жоқ. Хан тағына отығызу салтанатында 48 дүркін зеңбіректен оқ атып, Орал даласы дүр сілкінді. Салтанатқа қатысқан зиялы қазақтарды сый-құрметтен құралақан қалдырмады. Жәңгірге 20 сәйгүлік тарту етті. Бірнеше ординдермен хан өңіріне жарқыратты.Қазақтың тұңғыш генералы дәрежесіне көтерді.
Бұлардың барлығы отарлау саяасатының мүддесі үшін істелген айла екендігі белгілі. Осындай айла жұмысқа тәсілдерді саналы түрде өткізе отырып, Ішкі Орданы басқаруды отарлаушылар өз мүддесіне сәйкес хан кесенесінің кеңесшісі етіп Ресей сыртқы істер министірінің өкілі Г.С.Карелинді тағайындады. Ол Ішкі Орданың тыныс тіршілігін күн- сайын Орынбор Шекаралық комиссиясына хабарлап отырды . Ақырында отарлау саяасатынын асқынғандағы соншалық, бұған дейінгі Ішкі Орда ханының басқан қадамын бақылап отырған Ресей сыртқы істер министрлігінің Азия департаменті, Ресей Мүлік министрлігінен бастап Астрахан, Орынбоор генерал-губернаторларымен Орынбор Шекаралық ккомиссиясы, Орал,Астрахан полкымен, қалмақ кордондарынын бақылауынын үстіне енді хан кеңсесі іс басқарушысынан бастап, қойма меңгерушісіне дейін түгел орыстандырып, әр бір әрекетін есепке алып отырды.
Ішкі Орда қазақтары бірте-бірте шұрайлы аймақтардан ығыстырылып құмға қуылды. Жайылымға, қыстауға қолайсыз жерге ығыстырылды. Қолайлы жерлер, өзендері мен көлдері, шабындығы мол аймақтар казактар мен қалмақтарға берілді. 1873 жылы 21 маусымда Орынбор шекаралық комиссияның төрағасы Г. Ф. Генстің бұйрығы бойынша үлкен және кіші өзен бойынан қазақтардың шөп шабуына тыйым салынды. [2]
Бұл жағдайларға наразылық білдіріп Жәңгір Астрахан генерал- губернаторы А. С. Осиповке: « Киргизам остались обнаженные степи, пески, солонцы,...- деп хабарлап воспретить кордонным казакам Уральского войска открытою силою действовать против прибрежных киргизцев »-деп казактардың жөнсіздіктеріне тыйым салуды талап етті.
Жәңгір халқының ауыр тағдырын император Николайдың өзіне де жеткізді, көмек сұрады. Амал не отарлау саясатының көрігін басып өз аузымен тапсырма беріп отырған әміршіден тегеурінді шешім болмады.
Тарихи құжаттар отарлаушылардың сенімін Жәңгірдің ақтамағандығын анықтайды. Жәңгір, халқын сатпады, халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтады.
1823 жылы Жәңгір ішкі Бөкей ордасында хан сайланғаннан бастап қазақтың ұлттық мәдинетінде, оның ішінде ұлттық білім жүйесіне ерекше мән берді. Оның басты себептерінің бір:Жәңгірдің өзі орысша білім алған және осындай білімнің Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында өте қажет екенін түсінді. Ол Ресей империясының Еуропалық білім жүиесі арқылы көптеген салаларды жетістіктерге жеткенін жақсы білді.
Жәңгір хан қазақ халқының сауаттылығын, ұлттық мәдениетін дамытатын әрі толықтыратын жаңа білім жүйесі «Еуропалық үлгідегі жаңа мектептер мен орта және жоғарғы оқу орындары» деп түсінді. Оны Жәңгір ханның осы білім жүйесінде қазақ балаларын оқытуды арман етіп, білім саласын дамытуға бағытталған саясатынан көруімізге болады. Жәңгір хан алғашқы болып Қазақстанда оның ішінде «Ішкі Бөкей Ордасында ұлттық білім жүйесін » қалыптастырумен айналысқан.[3]
Жәңгір ханның ағартушылық саясаты Ресей империясының саяси билігінің ықпалы арқылы жасалған жоқ. Дегенмен жаңа Еуропалық білім жүйесі Ресей арқылы келгені, бұл тарихи шындық. Осы білім жүйесін дамытуды Жәңгір хан Ресей империясы көмегімен жүзеге асырды. Бірақ, Ресей империясы отарлау саясатын жүргізгенімен жаңа Еуропалық білім жүйесін жалпы Қазақстанға, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында қалыптастыруға арналған арнайы ағартушылық саясаты болған жоқ.
Сондықтан тек Жәңгір ханның өтініштерімен ғана отарлаушы Ресей империясы білім саласына өзінің көмегін жасап отырған. Жәңгір ханның өтініштерінен кейін Ресей қазақ балаларының оқу-тәрбие алуына мән берген. Жәңгір ханның ағартушылық іс-әрекетінің арқасында. Қазақстанда,оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында тұңғыш рет ұлттық білім мен тәрбиенің негізі қалыптасып, одан әрі өркендеген.Ресейдін қазақстандағы ағарту ісіне мән беруіне елін дамыту үшін оқу тәрбие керек екенін түсінген Жәңгір хан мен балаларының болашағы үшін оқу мен білімнін қажет екендігін сезген қазақ ата-аналары түрткі болды. Сондықтан Ресейдің оқу орындарында оқуға деген тілектерін жүзеге асыру үшін Жәңгір хан басшылығымен жасалған Бөкей Ордасы қазақтарының өтініштерін Ресей империясы еріксізден қанағаттандыруына тура келді. Қазақ балаларына орысша және орыстық рухта тәрбие беру, христиандық дінге шоқындыру Ресейдің басты саясаты болған. Мұндай мәліметтерді мұрағаттық материалдар дәлелдейді.
Мұрағат деректері бойынша христиан дінінің миссионерлері (дін таратушылар) қазақ балаларын шоқындыру саясатын жүргізген.Қазақ балаларын шоқындырудан құтқару үшін Жәңгір хан бастапқы оқу-тәрбиені ислам мәдениеті негізінде беру үшін мұсылман мектептері мен медреселерін ашты. Мұндағы Жәңгірдің ойы қазақ балаларының бойында ұлттық және ислам мәдениеті арқылы ұлттық рухты дамытуды қолға алу болды. Жалпы қазақ халқының бойына көптеген ғасырлар бұрын ислам мәдениеті қалыптасқанын айта кеткен жөн. Жәңгір хан тұсында ислам діні мемлекеттік дін мәртебесін алғаны тарихи деректерден белгілі.[4]
Ең басты айта кеткім келетіні:ұлттық мәдениет пен имандылықтан ұлттық рух,патриоттық сезім, солар арқылы ұлттық идеология жас ұрпақ бойына қалыптасуы, жан тәні мен психологиялық сана-сезімінде ұлттық оқу-тәрбие арнауы бала қаншалықты орыстық рухта білім алса да, бастапқыда қалыптасқан ұлттық тәрбиені жеңе алмайды, қазақ балаларының бұзылуына жол бермейді. Осыны Жәңгір хан жақсы түсінген еді.
Сондықтан ұлттық мәдениет пен ислам мәдениеті арқылы ұлттық идеологияны соған негіздеп, Қазақстанда алғаш рет ұлттық білім жүйесін құруды ойластырды. Осы саясатын іске асыру үшін Қазақстанда,оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында білім саласында тұңғыш рет«Жәңгір білім реформасын»жасап, оны жүзеге асыруды қолға алды. Бұл ұлттық білім реформасы бойынша Қазақстанда алғаш ет ұлттық педагогиканың негізі қаланып, дами бастады. Мұндағы басты шараның бірі – Жәңгір ханның Қазақстанда, оның ішінде Ішкі Бөкей Ордасында Еуропалық үлгідегі тұңғыш ұлттық мектепті ашуы. Ол алғашқы ұлттық мектеп 1841 жылы 6 желтоқсанда Хандық ордада (ставкада) ашылған болатын. Оның мұсылман мектептері мен медреслерден үлкен айырмашылығы сол, бірінші қазақ-орыс мектебі болды. Бұл алғашқы ұлттық мектептің тікелей ықпалымен XIX ғасырдың алпысыншы жылдары Батыс Қазақстанның басқа да жерлерінде білім ордалары ұйымдастырыла бастады. Олар жаңа Қазан мен Қамыш – Самарда, хан ставкасынан (Ордадан) 12 шақырымда Нарында, Тал мен Тоғында ашылды. Ордаға ұлттық мектептердің ықпалымен 1860 жылы Түркістан өлкесіндегі №1 орта ( Қазалыда), Перовскіде №2 орта алғашқы ұлттық мектептер құрылды. Бұл мектептерде 455 қазақ балалары оқып 221 оқушысы басқа да халықтың өқілдері болды . Қырқыншы жылдардың ортасында Ордада орыс-қазақ мектебінде 25 оқушы оқыды. Сөйтіп,алғашқы мектепте Жәңгір ханның білім жүйесінің іргетасы қаланды. Оқу жылы қазан айында басталып, мамыр айының аяғында аяқталатын. Жыл сайын 6 желтоқсанда оқушылардың ата-аналары шақырылып, олар ханның басшылығымен жүретін емтихандарда оқушылардың алған білімінің нәтижелерін бағалауға қатыстырылатын. Бұдан біз хан ставкасындағы (Ордасындағы) білім беру ісі тікелей Жәңгір ханның басшылығымен жүргізілгенін көреміз. Оған қоса мектепте өткізілетін әр түрлі шараларға міндетті түрде хан қатысатын еді. Мектептегі сабақтардың жүргізілуін, оқушылардың білімін бақылау істерін, емтихандарды, оқу бағдарламаларын, оқу жоспаларын хан қадағалап отырған.[5]
Бұл білім мен тәрбие жүйесін қазіргі жаңа білім жүйесінің негізі мен іргетасы деп айтқан жөн. Өйткені, осы кәзіргі жаңа білім жүйесіне сол кездегі білім жүйесі өте ұқсас екенін айта кету қажет. Мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда демократиялық, идеялардың да іске асырылғанын көруге болады. Бұл тәжірибені қазіргі кезде де пайдалануға болатын оң тәжірибе деп айтуға болады.Ефимцев Жәңгір хан мектебінде оқытылған келесі пәндерді атап көрсетеді: татар,араб, орыс тілі, арифметиканың алғашқы ережелері, жазу, сызу, тарих, географияның қысқаша жинағы, алғашқы дәрігерлік көмектің ережелері. Осы пәндерге қоса негізгі пән-мұсылмандық имандылық сабағы жүргізілген. Хан кейін ұлттық мектепті училище деп атап,білім саласы үшін арнайы ғибрат үй салған және мұғалімдерді байқау қазіргіше айтсақ конкурс арқылы таңдалатын әдістемелік орталыққа айналдырылған. Мектептерді бітірген оқушылар Орынбордағы Неплюев кадет корпусында одан әрі оқуын жалғастырған. Бұл білім ордасында мектептің арнайы бекітілген оқу жоспарлары оқыту бағдарламалары, жүйелі оқыту әдістемесі болған. Осылардың бәрі Жәңгір хан ашқан ұлттық мектеп қазіргі кездегі Қазақстан білім жүйесінің бастауы болғандығын көрсетеді.
Жәңгір хан ашқан «ұлттық мектеп» кейіннен дами келе «Жәңгір училищесі»деп аталып, әрі қарай өз жалғасын тапты.Еуропалық үлгідегі білім реформасын жасаудағы Жәңгір ханның ағартушылық саясаты осылай жүзеге асырылды.
Жәңгір хан мектебінің ең бірінші мұғалімі дәрігер Ольдекир Константин болды. Алғаш рет сабақты қазақ тілінде жүргізетін мұғалім Шығыс тілдерінен дәріс беруші Әминов Сәдудин еді. Ішкі Бөкей Ордасындағы Жәңгір ашқан алғашқы орыс-қазақ мектебі Орталық мектеп деп аталған.[6]
Орталық мектепте қазақ балаларына орыстық білім мен мәдениетті және Ресейлік үлгідегі білім жүйесімен оқу-тәрбие берген, білімге деген ынтасын көтерген.Бұл орыстық білім қырғыздарды(қазақтарды)орыс пен қырғыздың жақындауында үлкенді-кішілі жетістіктерге жеткізеді.
Бұл орталық мектептің нәтижелерін орыстық білім мен орыстық мәдениет арқылы жетістіктерге жетті деуге болмайды. Орыс білімі мен орыс мәдениеті арқылы Еуропалық үлгідегі білім жүйесі Бөкей Ордасында Жәңгір хан саясатымен енгізіліп қалыптасты және ол бүкіл қазақ жеріне Бөкей Ордасы арқылы тарады деген дұрыс. Білім алуға қазақ балаларының ынтасы жоғары болды. Тарихтан мәлім Ресей білім жүйесі еуропалық білімге негізделіп жасалып, орыс жерінде тарала, сол білім жүйесі арқылы Ресей жәңгірдің білім саясатына қолдау жасап, көмектесіп отырды. Жәңгір ханның білім саласындағы саясаты ғана қазақ халқының оқуға деген сана сезімін оятты, қазақ балаларының білімге деген ынтасын арттырды. Бұл орыстың рухына, мәдениетіне деген ұмтылыс емес екенін түсінген жөн. Қазақ балаларының ойлары жаңа үлгідегі оқу – тәрбйе алу болды. Қазақ балаларының сол ұмтылыстарын іске асыруда Жәңгір хан ашқан мектеп сол кездегі мүмкіндіктерді пайдалана білді. Мен өз ғылыми жұмысымның басында Жәңгір хан өзіне дейінгі бірде бір хан істемеген істерді істеген деген едік. Ол қандай істер еді? Олардың әр қайсысы өзекті әңгімеге арқау боларлық күрделі іс болғандықтан қысқаша мыналарды айтамын.
Ең алдымен Ішкі Орда халқы астық іздеп, малын айдап Ресей қалаларына шұбырмасын деп Антонов постысында орыс көпестердің астық қоймаларын ұйымдастырды. «Жас құста» жәрмеңке ашты.
Халықтың – мұң мұқтажын талқылап, шешіп отыратын хан ордасын, онда қызмет ететін қазақ, орыс, татарлар үшін тұрғын үй салды. Хан ордасында өз қаржысына халқының мүддесі үшін мектеп,дәріхана,аурухана ашты. Хан қаржысымен Ресей оқу орындарында қазақ жастарын жіберіп оқытты. Жыл сайын оқуға жіберілетін жастардың санын анықтауға қол жеткізді.
Қазақ тарихында тұңғыш қазақ қару жарақтарының мұражайын ұйымдастырды. Әрбір 170 үйге бір молда есептеп, қазақ жастарынан 139 молда даярлап Ішкі Ордада мұсылман дінінің терең тамыр жаюына ықпал жасады. [7]
Алайда коммунистік партияның ызғарлы желі есіп тұрғанда Жәңгірдің халқына еткен еңбегі, саяси көзқарасы, отарлаушылыққа қарсы күрескені ақыл парасаты, халқы үшін еңбек сіңірген қайраткер екендігі жоққа шығарылды. Халықтан бүркемеленді. Біздіңше бұл қазақ тарихына, Жәңгір рухына жасалған қиянат. Себебі, Жәңгір халқына адал еңбек етті. Елдің экономикасынын, мәдениетін, білімін, дінін, тілін көтеруде зор еңбек етті. Жәңгір хандық құрған 22 жылдың ішінде қазақ хандарының бір де бірі істемеген істерді қазақ тарихында өшпес игіліктерді мұраларды өмірге келтірді.
Жәңгірдің халқына еткен мұндай игілікті істеріне көз жібергенде оның суылдаған Нарын құмына өзі айтқандай, «су сеуіп», гүл бақшаға айналдыруға, халқын мәдениетті, білімді, таза дінді, ұлттық намысы бар қасиетті қазақты тәрбиелеуге бар ақылы мен күшін жұмсаған қайраткер екендігіне ден қоюға болады.[8]
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні айтсақ Бөкей, Жәңгір секілді қайраткерлер Ішкі Ордада табан тіреп отарлаушыларға қарсы әрекет істемесе, ол жерлерге орнықпаса онда қазіргі Батыс Қазақстан, Атырау облыстары Астрахан, Сарытау, Құлынды даласы секілді Ресей жерінің бір пұшпағы болып кетуі күмәнсіз еді.Бөкей де, Жәңгір де халқы үшін қабырғасы қайысқан қайраткерлер. Халқымен тағдырлас, халқымен мұңдас. Тарихи деректердегі ақиқаттар осыны көрсетеді.

Пайдаланған әдебиеттер
1. Қазақстан Ұлттық энциклопедия, 638- бет.
2. Ж.Қасымбаев « Жәңгір хан », 15 –бет.
3.Ж.Қасымбаев «Жәңгір хан», 18- бет.
4. // Қазақстан мектебі № 56 2004 мамыр7
5. Зиманов с. Россия и Букеевское ханство. Алматы, 1981, 143-бет.
6. Еврейнов А. Указанное сочинение. 63-бет.
7. Букеевской Орде 200 лет. «Өлке», Алматы,2001, 169-170 бет.
8. ОМӘТА. КСРО, 162-бет.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат ЖӘҢГІР ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ туралы реферат тарих казакша на казахском, реферат ЖӘҢГІР ХАННЫҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ на казахском языке история скачать бесплатно, тарих пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар тарих казакстан дуниежузи тарихы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]