Реферат: Тарих | Орхон-Енисей ескерткіштері
Орхон-Енисей ескерткіштері
Көне Түркі жазуы (басқаша Орхон-Енесей жазуы) — V ғ. б.з.б. — X ғ. б.з. түркі тайпаларының жазуы. Бірінші табылғаны Орхон өзенінің бойында (Екінші түркіт қағандығы) және Енисей өзенінің жоғарғы ағысында (Қырғыз қағандығы). Кейде руник жазбасы дейді, алман руналарынынан жанасым табып (кейбір нышандар кескіні дәл келіп тұр, дауысты мағынасы да жақын). Азиялық түркі руналары соғды жазуының негізінде VIII ғ. бұрын жасалған деп есептеледі. Оның әліпбиінде 40-қа жуық графема бар. Көне түркі руника жазуы ерекшелігі - онда негізгі велярлық және палаталдық дауыссыздарға арналған бірнеше жұп дербес әріптер бар. Көне түркі руника жазуы жұмбағын 1893 жылы В. Томсен шешкен. Орхон ескерткіштерінің тұңғыш тәржімаларын 1894 жылы В.В. Радлов жасаған.[1]
Көне Түркі жазбасымен жазылған Теңрі сөзі
Мазмұны
1 Жазу әдісі
2 Көне Түркі жазуларының зерттелуі
3 Дала жазуларының тарихы
4 Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
5 Көне Түркі жазуларының мазмұны
6 Орхон-Енисей жазбалары
7 Көне түркі жазба ескерткіштері
7.1 Табылған аймақтары
7.2 Қазақстан жерінде
8 Нышандар кестесі
9 Оқу мысалы
10 Unicode
11 Жазу тарихы
12 Кездесетін аумағы
13 Тағы қараңыз
14 Сыртқы сілтемелер
15 Дереккөздер
Жазу әдісі
«Алтын ғасыр» кезіндегі (VIII ғ. б.з.) әліппеге 38 таңба және сөзбөлу нышаны кіреді. Жазу бағыты дерелей, оңнан солға. Жіңішке мен жуан дыбыстылары жазуда айырылмайды, дыбыссыздардың бір бөлшегі артынан жіңішке не жуан дыбысты келгенін сыңар нышандармен белгіленген.
Сөз бөлу нышаны сөз арасына қойылады, сөйлем соңы белгіленбейді. Бас-кіші әріпке айырылмайды.[2]
Көне Түркі жазуларының зерттелуі
Сібір және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды «Руна жазулары», яғни скандинавия тілдерінен алғанда «құпия, сыры ашылмаған» таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жаулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
Дала жазуларының тарихы
Б.з.б. 8 ғасырларда көшпенділер даласына Брахми және Кхарошхи жазулары таралған. Бұлар Көне Үндістаннан келген. Ғұн заманынан қалған қысқа жазуларды оқу мысалы, Қытай жазбаларындағы «шаньюй» (Моде шаньюй) деген сөздің Ғұн тілінде «Сеңгір» деп дыбысталатынын анықтап берді. Бұл – «биік», «асқақ», «жоғары» деген мағына береді де қазіргі Түркі тілдерінде, мысалы Қазақ тілінде «Сеңгір таулар», «Заңғар көк» сияқты тіркестерде кездесіп отырады. Көне Қытайлықтардың б.з.б. дәуірлердегі «Хунну жазуы» деп отырғаны осы жазу. Кейін б.з.б. 3 ғасырлардан бастап далалыққа Соғды жазулары тарады. Ол ежелгі Қаңлы мемлекетінде б.з.б. 3 және б.з. 5 ғасырлары аралығында кеңінен қолданылған. Мысалы қазіргі Қазақстанның оңтүстігінен табылып отырған «Күлтөбе жазулары» б.з.б. 2-1 ғасырларға жатады.
Көне Түркі жазулары негізінен 6-10 ғасырлар аралығында Ұлы Түркі қағандығы және Көк Түркі қағандығы, Хазар қағандығы кезінде қолданылған. Таралу аймағы Моңғолия-Сібір далаларынан Тибет жеріне дейін және Еуропадағы Венгрия, Чувашия аймақтарына дейін кездесіп отырады. Көне Түркі жазуларының орнына далалыққа көне Ұйғыр жазулары келді. Бұл жазуларды кейде манихей жазулары деп атайды. Оның таралуы Манихей дінінің таралуына байланысты болды. Кейін бұл жазуларды Ислам дінінің ықпалымен енген Араб жазулары ығыстырып шығарды. Кейін осы Араб жазуларының орнына қазіргі Түркі халықтары Латын және Кирилл әліпбилерін қолданады.
Көне Түркі жазуларының жалпы сипаттамасы
Көне Түркі жазулары немесе Көне түркі алфавиті - дыбыстық жазу түрі, яғни сөздегі дыбыстарды таңбалап жазады. Негізінен 6-10 ғасырларда үлкен аймаққа таралған Көне Түркі жазуларын ғалымдар үш топқа бөліп қарайды:
Енисей ескерткіштері.
Талас ескерткіштері.
Орхон ескерткіштері.
Орналасу жері болмаса, бұлардың қолданылған жылдарының айырмасында және жалпы жазу таңбаларының қолданылуы арасында елеулі айырмалар жоқ. Алайда Түркі жазбаларының жазылу мерзімдеріне қарағанда алғашқы Енисей-Лена бойынан, Сібірден, Байкал аймағынан Моңғолия далаларына, Орхон жеріне, одан Қазақстан мен Қырғызстан, Шыңжаң жеріне қарай біртіндеп таралғанын көрсетеді. Ал жазылу үрдісі, таңбаларының қолданылуы ұқсас, оқылуы біркелкі.
Енисей ескерткіштеріне Енисей бойынан және Тува, Хакас, Алтай республикаларының (бәрі де Ресей құрамындағы Түркі республикалары) аймағынан және Ресейдің батыс сібірде орналасқан Жаңасібір (Новосибирск) облысы мен Ертіс бойынан табылған жазулар жатады. Оның қолданылған, жазылған жылдары 5-7 ғасырлардың аралығы. Бұл аймақтан табылып отырған көне Түркі жазба ескерткіштердің жалпы саны қазіргі кезде шамамен 150-дей.
Талас ескерткіштері. Бұл аймақтағы жазулар Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Сыр бойы мен Қырғызстан аймақтарына таралған, соның ішінде көп шоғырланған жері қазіргі Жамбыл облысында. Қолданылған мезгілі бірыңғай 8 ғасыр. Ескерткіштердің жалпы саны шамамен 20 шақты.
Орхон ескерткіштері. Моңғолиядағы Орхон, Селенг, Тола өзендерінің бойынан және Ресейдегі Минусинск ойпатынан табылған ескерткіштер жатады. Қолданылған мезгілі 7-8 ғасырлар. Ескерткіштердің жалпы саны 30 шақты. Алайда ең көлемді, ұзақ мәтінді жазбалар осы топқа жатады. Бұның ішінде тарихи құндылығы жағынан «Құтлығ қаған», «Білге қаған», «Күлтегін», «Тоныкөк», «Күлі Чор» және «Мойын Чор» ескерткіштерінің орны ерекше. Яғни Көне Түркі жазулары 5-8 ғасырлар аралығында Сібір, Моңғолия, Шыңжаң, Қазақстан, Қырғызстан және Оңтүстік Ресей жерінде кеңінен қолданылғаны туралы қорытынды шығаруға болады. Бұл көрсетіліп отырған тарихи мезгіл (5-8 ғасырлар) мен оның таралған үлкен аймағы Ұлы Түркі қағандығы, одан бөлінген Батыс және Шығыс Түркі, Түргеш, Хазар қағандықтары мен Көк Түркілер (Екінші Түркі қағандығы) мемлекеттерінің аумаы мен өмір сүрген дәуіріне сәйкес келеді. Бұдан басқа қазіргі ғылымға Көне Түркі жазуларының Тибет аймағындағы және Еуропалық даладаларғы нұсқалары белгілі.
Көне Түркі жазуларының мазмұны
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары – Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, Әзірбайжан зерттеушілері қосылды. Кейде "руна (руникалық) жазулары" деп аталады. Оның себебі жазудың құпиясы ашылмай тұрғанда, бұл жазулар бір қарағанда ежелгі скандинавия халықтарының жазбаларына ұқсайтын еді. Алайда ғылыми зерттеулер Түркі жазулары екенін анықтады. Томсен ең алғаш рет "Түрік" және "Теңрі" сөздерінен бастап оқыған екен.
Бұл жазулардың жалпы көлемі ұзақ. Қазіргі өлшеммен алғанда орта көлемдегі кітапты құрайды. Көптеген тарихи, мәдени, жағраппиялық, саяси деректер бар, сол кездегі халықтың өмірінен, таным-түсінігінен, дүниетанымы мен салт-дәстүрінен хабар береді. Тарихи оқиғалар тізбегі Ұлы қағандардың жорықтары жыраулық-жорықтық үлгідегі әдемі, көркем тілмен баяндалған. Сондықтан көптеген зерттеушілер оларды Көркем шығармаларға жатқызады. Жазбаларды Көне Түркілер мен Көк Түркілер діуіріндегі болған оқиғалар сипатталып, жағрапиялық атаулар, сол кездегі тайпалардың атаулары мен оналасу, таралу аймағы көрінеді. Өкініштісі, Түркі жазба ескерткіштері манихейшіл Ұйғыр қағандығы кезінде аяусыз қиратылған.
Жазбаларда ең алдымен 5-8 ғасыр аралығындағы Ұлы даладағы тарихи оқиғалар көркем тілмен баяндалған, айналып келетін оралымдары мен ішкі ұйқастары, композициялық тұтастығы бар. Сондықтан оның ең алдымен жанрын айқындасақ – жылнама не шежіреден гөрі, бұлар – тарихи дастандар. Жазудың сипаты түркі тілдерінің дыбыстық ерекшеліктерін, соның ішінде үндестік заңдарын жақсы береді. Жазудың ерекшелігі оңнан солға қарай оқылады және негізінен дауыссыз дыбыстар таңбаланады. Олардың жуан және жіңішке түрлері бар, олар жеке-жеке бөлек таңбаланады.
Көне Түркі жазуларының сыртқы түрі бізге тасқа қашалған түрде, "баспа әріптері" түрінде жетті. Оның жазбаша түрі қандай болғаны туралы мәлімет жоқ. Себебі маталарға, өңделген терілерге жазылуы мүмкін жазба әріптер бұл материалдардың төзімсіздігіне байланысты бізге жетпеді. Алғаш көрген адам адам бұл жазуларды бір қарағанда қазақ руларының таңбаларына ұқсатады. Яғни жазулар «жебе таңбалар», «ай таңбалар» және «тұмар таңбалар» мен «көз таңбалар», «аша таңбалар», «балық таңбалар» сосын «тарақ таңбалар» мен «сырға таңбалардан» құралады. Орхон-Енесай жазбасы — Орхон және Енесай өзен бойларында табылған көнетүркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар.
Орхон-Енисей жазбалары
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз.
1893 жылғы қарашаның 25-күні Дания корольдік ғылым академиясының мәжілісінде Вильгельм Томсен ғылыми әлемді дүр сілкіндірген мәлімдеме жасады. Ғалым Орхон мен Енисей өзендері бойынан табылған ескерткіштердегі құпия жазуды оқудың кілтін ашқандығын хабарлады. Ғалымның ең алдымен оқыған сөздері «тәңірі» және «түрік» деген сөздер екен.
Дәл осы кезде академик В.В.Радлов та өз бетінше ізденіп, руна жазуының он беске жуық әрпін анықтап алған еді. Арада көп уақыт өтпей, В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы мәтінді толық оқып, аударып шықты.
Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі.
Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін Түрік қағанатының күш қуаты артты, жері барынша кеңіді, ел тұрмысы түзелді.
Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған, Бөгі қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.
Орхон жәдігерліктерінің ерекшеліктері туралы соңғы кезге дейін өзара қарама қайшы екі түрлі көзқарас орын ала келді. Бірі – Күлтегін және Тоныкөк жәдігерліктері көркем әдебиетке, соның ішінде поэзияға ешбір қатысы жоқ, Түрік қағанатының дәлме дәл жазылған тарихы деп қарады.
Орхон жазба жәдігерліктерінің ішінде «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өзінің идеялық мазмұны, композициялық құрылысы, көркемдік бейнелеуі жағынан қазақтың ерлік пен елдікті жырлаған қаһармандық жырларының алғашқы үлгілері болып табылады.
Көне түркі жазба ескерткіштері
Көне түркі жазба ескерткіштері, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Табылған аймақтары
Көне түркі жазба ескерткіштері табылған аймақтарға Сібірдегі Енисей, Лена өзендерінің аңғарлары, Моңғолиядағы Орхон, Онгин, Селенга өзендерінің алқабы, Орта Азия мен Қазақстандағы Талас пен Сыр бойы, Ертіс пен Іле қойнауы жатады. Орыс этнограф-ғалымы Н.М.Ядринцев 1889 жылы Моңғолиядағы Орхон өзенінің құйылысынан қос тілдік жазуы бар ерекше үлкен екі тас тапты. Кейіннен біреуі Білге қағанға (735), екіншісі оның інісі Күлтегінге (732) қойылғаны белгілі болып, мазмұны толық анықталды. Бұл ескерткіштердің бір қырына Қытай иероглифтері ойылған, ал үш қырына ойылған жазу таңбалары «Сібір руналарына», Енисей бойынан табылған жұмбақ жазуларға (бұл жазулар сыртқы көрінісі жағынан Скандинавия руналарына біршама ұқсас болғандықтан «руникалық» немесе «руна тәріздес» деп те аталды) ұқсас. Финн және орыс ғалымдары жүргізген арнаулы зерттеулер нәтижесінде Орхон және Енисей ескерткіштерінің нұсқалары (фотосурет, эстампаж) жинақталып жарияланған атластар жарық көрді. Сайып келгенде Дания лингвисі В.Томсен 1893 жылы түркі руникалық (Орхон-Енисей) таңбаларының дыбыстық мағыналарын негізінен дұрыс анықтап, академик В.В.Радлов 1894 жылдың қаңтарында көне түркі тілінде жазылған Күлтегін ескерткішіндегі руникалық жазудың тұңғыш аудармасын берді. Ғылымда ашылған бұл жаңалық – тіл білімінің тарихи салыстырмалы бағытын белгілеп, түркітану ғылымын жүйеге келтіру ісінде мықты қазық болды. Мұнан кейін Көне түркі жазба ескерткіштері тек тастарға ғана қашалмағандығы, металл (алтын, күміс, қола) және саз балшықтан жасалған түрлі бұйымдарға ойып жазылғандығы да айқындала түсті. Моңғолиядағы, Сібір мен Азиядағы айқындалған түркі руникалық ойма жазуларының жалпы саны әзірше екі жүзге жуық. 20 ғасырдың бас кезінде Шығыс Түркістандағы түркі руникалық жазуының шамандық, манихейлік, буддалық дін және заң мазмұнында қағазға жазылған нұсқалары (8–10 ғасырлар) айқындалды. 1932 жылы Талас алқабынан ағаш таяқшаға ойылған руникалық жұмбақ жазу табылды. С.Е.Малов, Х.Н.Оркун, А.М.Щербак, т.б. таяқшалардағы жазудың түркі руникалық таңбаларымен ұқсастығын көрсетіп, оны көне түркі тілінде оқып көрді.
Иссык жазба ескерткіш— сақ дәуірінен қалған жазба ескерткіш (б. з. д. 5—4 г.). 1970 ж. Ӏле өңірінің тау бектеріндегі Есік қаласы іргесіндегі Сақ заманынан қалған үлкен қорымнан алтынға бөленген жауынгер мәйіті және оның түрлі заттары, сонын ішінде жұмбақ жазуы бар күміс тостағанша табылған. Оның сырт жағына руна тәріздес 26 таңба ойылып жазылған. Ескерткіштің құндылығы — біріншіден, ертедегі Қазақстан жерін мекендеген сақ тайпаларының тілі көне түркі тілі екендігін, екіншіден, бұдан 2500 жыл бұрын түркі тектес тайпалардың әліпбилік жазуы болғанын дәлелдейді:
Могoилян жазба ескерткіш — Орхон өзені бойынан табылған көне түркі ескерткіші (7 ғасырдың соңы). Ескерткіш Құтлұғ(Қабаған) қағанның баласы Могилянға арналған, мәтінін жазған Иоллығ Тегін, оны тапқан Н. М. Ядринцев, алғаш рет оқыған В. В. Радлов. Жазуда Могилянның, Күлтегіннің, Тоныкөктің жорықтары баяндалған.
Мойунчур ескерткіші — Орхон-Енисей көне түркі жазуымен 759 ж. жазылған ескерткіш. Оны Солтүстік Моңғолияда 1909 ж. тапқан Г. И. Рамстедт. Ол — ескерткіш мәтінін немісше аударып, 1913 ж. жариялаған. Бұл еңбекті Н. Оркун түрік тіліне, С. Е. Малов 1959 ж. орыс тіліне аударып жариялаған. Ескерткіш "Селенге тасы" деп те аталады. Мойун-чур сол кездегі ұйғыр мемлекетінің ханы болған. Ескерткіш мәтінінде жер-су, адам, тайпа, халық (ұйғыр, оғыз, тоғыз, татар, қырғыз, түркеш, түрік, соғды, қыпшақ т.б.) атаулары кездеседі. Ескерткіште әңгіме оғыз тайпасының өкілі атынан баяндалады.
Орхон ойма жазулары — Моңғолияның Орхон, Селенге өзендері бойынан табылған көлемді әдеби мұралар, хан әулетінің құлпытастары, 7—8 ғғ. жазылған көне түркі руникалық ескерткіштері болып табылады. Оған Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк, Күлі-чур, Мойун-чур т.б. ескерткіштер жатады. Ескерткіштер мен ондағы жазбаша деректерді ашып жариялаған — Н. М. Ядринцев, В. Томсен, В. В. Радлов.
Қазақстан жерінде
Соңғы отыз жыл ішінде Қазақстан жерінде де көне түркі жазба ескерткіштерінің бар екендігі анықталды. Талас бойынан (Жамбыл облысы) төртбұрышты тас мөр мен дөңгелек тастың жарты сынығына бедерленген руникалық ойма жазулар, Іле бойынан (Алматы облысы) жартастарға қашалған руникалық жазу үш жерден табылды. Осы өңірден жүзіктегі руникалық жазу да анықталды. Сыр бойында (Оңтүстік Қазақстан облысы) ескі кенттердің орнынан табылған саз балшықтан күйдірілген дөңгелек алқа, құмыра сияқты ойылған руникалық жазулар белгілі болды. Ертіс өңірінен екі қола айнадағы руникалық ойма жазудың (Шығыс Қазақстан облысы) бірін А.Н.Бернштам 1948 жылы жариялады. Сондай-ақ 1985 жылы Шығыс Қазақстаннан жартасқа қашалған руникалық жазу, ал 1987 жылы бауға тағылған мөрдің табанына ойылған руникалық жазу табылды Жайық өңірінен (Ақтөбе облысы) анықталған қола айнадағы руникалық жазу 1986 жылы жарияланды. К. т. ж. е-нің тілін зерттеп, зор үлес қосқан ғалымдар – Томсен, Радлов, П.М.Мелиоранский, В.Банг, Г.И.Рамстед, А.Габэн, С.Е.Малов, В.М.Насилов, И.А.Батманов, А.Н.Кононов, Дж.Клоусон, Т.Текин, т.б.[3]
Жазу тарихы
Ең ежелгі (V—III ғғ. б.з.б.) жазбалар Қырғызстанда (Иссык, Талас, Балыкчи т.б.) табылған.
Қызыл (Тыва) қаласындағы тасжазба
Жазу түп-тегі анықсыз. Көп нышаны таңбалармен сәйкестігін белгілейді, дыбыс мағынасы акронимнен шыққан деп. Кейбір нышандарға (қырлы келген, жазу бағысы, дыбыс мағынасы сәйкес) қарап ерте семит жазуына туысқандығы ұйғарылып тұр: Библос жазуы және Пүн (финикиялық) жазуы.
Орхон-енесай жазбаларын бастапқы кезіндегі зерттеуінде кейбіреулер осы жазу сұғдақ доғал жазуынан шықты деп болжалаған, немесе тіпті қытай жазуының дыбыс белгілейтін нышаншадан шықты деп болжалаған.
Соңғы кезде кейбір зерттеушілер кһароштһи жазуынан, немесе бір тамырдан түп-тегін болжалаған.
Моңғол басымы кезіне (XIII ғ) дейін әліппе араб, тағы басқа түркі жазуымен қысып шығарылған.
Көне Түркі жазуынан басқа көп руника жажулар шыққан - бұлғар руналары, Сәркел қаласындағы (Хазар қағандығы) саз жанғышақтардағы жазбалар, мажар жазуы, талас жазуы және т.б.
Ғылыми зерттеуінің негізі XIX ғ. аяғында құрылған. 1893 жылы 25 қазан айында дания лингвисті Уильям Томсон жазу мұқамын шешкен. Бірінші таныған сөз — Теңрі (Тәңірі).
Дереккөздер
Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Лингвистика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-235-9
Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
Жоғарыға көтеріліңіз ↑ Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақ тілі пәнінен қазақша рефераттар жинағы: Жинақтық сан есімнің сөзжасамы
» Реферат: Тарих | ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІ ЖӘНЕ ОНЫҢ КӨЗДЕРІ
» Реферат: Тарих | Радлов Василий Васильевич
» Реферат: Тарих | ЕЖЕЛГІ ДӘУІР ӘДЕБИЕТІ
» Реферат: Экология | Жергілікті жердің гидронимі

Іздеп көріңіз: