Реферат: Тарих | Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы

Реферат: Тарих | Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы

Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы
1. Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы.
2. Үйсіндер қоғамының дамуы.
Б.з.д. І мыңжылдықтың ортасында Алтай, Оңтүстік Сібір мен Шығыс Қазақстан территориясында «ғұн» деген атпен белгілі тайпа одағы қалыптаса бастады. Б.з.б. I мың жылдықтың екінші жартысынан бастап Бай-калдан Оңтүстікке қарай және Ордосқа дейін созылып жа-тқан дала және шөлейт аудандарда қарабайыр мал шаруашылығымен шұғылданған, этникалық жағынан әр түрлі тай-палар көшіп жүрді. Солардың басты бір тобы б.з.б. ІУ-ІІІ ғасырларда Солтүстік Қытайдың шекарасына дейінгі жерді мекендеген тайпалық екі одақ Сюнну және Дунху бірлестіктері еді. Қытай тілінде сюнну деген атау солтүсті-кдегілер деген мағынаны білдіреді.
Қытай деректеріне сүйенер болсақ Қазақстан территориясының Оңтүстік бөлігін Үйсіндер мекендеген деген деректер кездеседі.Олар Шу мен Талас өзендері бойында және Қаратаудың шығыс беткейлеріне дейін созылып мекендеген.Шығысында Тян-Шань тауларының шығыс бөлігін , солтүстігінде Балқаш көлінен Ыстықкөлдің оңтүстік жағалауына дейін жеткен. Біздің заманымыздың бастапқы кезінде үйсіндер 650 мыңға жете қабыл болған.Жерге таластар жиі болғандықтан оларда тұрақты әскерлері болған.
Негізгі шаруашылықтары мал шаруашылығы болған.Олар жылқы, ешкі, қой асыраған.Сонымен қатар егіншіліктің болғандығы да дәлелденіп отыр.Үйсіндер қолөнермен айналысқан.Қыш ыдыстар жасау кеңінен таралған. Темір, мыс және басқа да металдарды өндіру кеңінен қанат жайған.
2.3.Қытай жазбаларында Қаңлы елі жайында көп мәліметтер кездестіре аламыз.Қаңлылардың тайпалық одағы Сырдария өзенінің орта ағысы тұсын мекендеген.Негізгі шаруашылығы мал шаруашылығы болған. Біздің заманымызға аяқ басқан кезеңде Қаңлы елі күшті бірлестікке айналған.Ташкенттен Ферғанаға дейінгі және Қаратаудан Таласқа дейін созылып жатқан жерлерде қаңлылар мекендеген еді.
Сюннулар хунну немесе ғүндар деп аталады, әсіресе, б.з.б. III ғасырда мейлінше күшейді. Тайпалардың бүл то-бының аты қайдан шыққаны белгісіз. "Ғүн" деген атаудың өзі кейінірек сюнну (хунну) деген аттан шыққан деп бол-жам жасалынды. Ғүндар туралы тарихи деректер көрнекті Қытай тілінің мамандары Н. Я. Бичурин мен Н. Кюнердің еңбектерінде берілген. Ал олардың тарихын жазуда үлкен еңбек сіңірген ғалымдар А. Н. Бернштам, Л. Н. Гумилев, Н. И. Конрад. Ал Қазақстан ғалымдарының арасында ғүндардың тарихымен К. М. Байпақов және т. б. айналы-сып жүр.
Үйсіндер қоғамының дамуы
Тарихи деректерге қарағанда, ғүндар 24 руға бөлінген, оларды ру басылары, ақсақалдар басқарған. Рулық қүры-лыстың ақсақалдар кеңесі және халық жиналысы сияқты институттары жүмыс істегең. Олар жылына үш рет-бірінші, бесінші және тоғызыншы айларда өткізіліп, онда ру басылары мемлекеттік істерді талқылап, ат жарысы мен түйелердің жарысын қызықтаған.
Ғұн тайпаларының патриархаттық-рулық қүрылысы негізінде жаңа қоғамдық қатынастар, теңсіздік, таптарға бөліну қалыптасты. Қабірлерден шыққан заттар ғұн қоғамын-дағы мүлік теңсіздік жайын айқын сипаттайды. Обаларды қазған кезде табылған бүйымдар, қымбат маталар ғүн қоғамы үстем топтарында жиналған байлықты дәлелдейді. Қытай саяхатшысы Сыма Цянь қалдырған жазбаларда ғүн-дарда малға әулеттік және жеке меншіктік болғаны айтыла-ды. Ғүн тайпалары үжым болып көшіп жүрген және әрқай-ысының өзіне бөлініп берілген жер учаскелері болған.
Ғұндарда соғыс тұтқындарынан және бағынышты ай-мақтардың халқынан құралған құлдар болған. Олар үй қызыметшілері, бақташылар, қолөнершілер және жер жыр-тушылар ретінде пайдаланылған.
Елді шаныой басқарды, оның қолында шексіз дерлік билік болды. Шаныойдан кейін түмен басылар деп аталатын бекзадалар түрды. Олар шаныойдің үлдары, інілері не-месе жақын туысқандары болатын. Барлығы 24 түмен басы және олардың әр қайсысының көшіп жүретін өз жерлері болған. Түменбасылар өз иеліктерінде мыңба-сылар, жүзбасыларды тағайындап отырды. Ғұн қоғамында лауазымдар мен жоғарғы шендер мұраға қалдырылған. Ғұн шаньюйі елсе оның орнына інісі не үлкен баласы билікті өз қолдарына алатын болған.
Ғүндардың өмірінде мал шаруашылығы басты рөль атқарды. Олар үй жануарларынан жылқы, ірі қара, қой-ешкі өсірді, кейбіреулері түйе, есек үстаған. Негізінен көшпелі мал шаруашылығы үстемдік еткен. Шөптің қалың, судың мол болуына қарай бір жерден екінші жерге көшіп жүрген. Үй малдарының етімен тамақтанып, терісінен киім, аяқ киім тіккен, жүн мен аң терісін жамылған. Ғұндар отырықшылық пен егіншілікті кәсіп еткен. Жазба деректер бойынша олар тары өсіруді жақсы меңгерген. Өйткені тары ерте пісетін дақылдардың бірі және ол суаруды қажет етпейді. Ғұндардың егіншілікпен айналысқанын олардың қалдырып кеткен темір орақ, шойын түреидер, қол диірмендер, тас үккіштер т. б. қүрал-саймандар айғақтайды. Сондай-ақ, ғүндардың үй-жайларынаи астық сақтайтын үралар, еден, қабырғалар сылағынан, ішкі кірпіштердің арасынан сабан-ның қалдықтары кездескен.
Ғұндардың қоғамдық құрылымы ұлыстық жүйеге қарады.Сонымен бірге рулық институттар да көрініс береді.
Өз – өзін бақылауға алынған сұрақтар:
3. Үйсіндердің пайда болуынының маңызы.
4. Үйсін тайпаларының ерекшеліктері

Ұсынылған әдебиеттер:
9. Гумилев Л. Көне түріктер. А.,1994.
10. Әбілғазы Б.Түрік шежіресі. 1992.
11. Кадырбаев Казахстан в эпоху Чингиз хана и его премников ХІІ-ХІҮ вв А.,1992.
12. Масанов Н. Кочевая цивилизация казахов. М.,1995.
5. Махаева А. Көне түріктердің рухани мәдениеті. А., 2002.



Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы туралы реферат тарих казакша на казахском, реферат Үйсіндер мемлекетінің пайда болуы на казахском языке история скачать бесплатно, тарих пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар тарих казакстан дуниежузи тарихы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]