Реферат: Тарих | Ферғана көтерілісі

Реферат: Тарих | Ферғана көтерілісі

Ферғана көтерілісі - 1875 жылғы жазда Ферғана өңірінде Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған халық қозғалысы. Оған Қоқан хандығының соңғы билеушісі Полат хан басшылық етті. Ол көтеріліске бүкіл Түркістан өлкесі халқын тарту мақсатында өзінің сенімді өкілдері арқылы қауырт үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Ферғана өлкесінде тұратын өзбектерге қоса, қырғыздар мен Шымкент және Әулиеата аймағындағы қазақтар да көтеріліске қатысуға ниет білдірді. Қазақтар қырғыздың солты және сарбағыш руларымен бірігіп, өздерінің қолбасшысы етіп Қожа датқаны тағайындады да, Полат ханға келіп қосылды. Көтерілісшілердің жалпы саны 50 мың адамнан асты. Көтерілісшілер жасақтары орыс отаршыларының әскери бекіністеріне жиі-жиі шабуыл ұйымдастыруды қолға алды. Түркістан өлкесінің генерал-губернаторы көтерілісті басу мақсатымен Ферғана өңіріне Ташкенттен генерал Головачев пен полковник Скоблев бастаған жазалаушы отрядтарды аттандырды. 22 тамызда Махрам елді мекенінің маңында 2500 адамнан тұратын жазалаушылар көтерілісшілермен шешуші шайқас бастады. Нашар қаруланған көтерілісшілер жеңіліске ұшырап, 1200-дей адамынан айрылды. Жазалаушылардан бар-жоғы 6 адам қаза тапты. Көтерілісшілер оңтүстікке қарай шегініп, тау шатқалдарын паналады. Сол арадан орыс әскерлеріне тұтқиылдан шабуылдар жасауды жалғастыра берді. Алайда көп ұзамай көтеріліс бәсеңдеп, тоқтатылды. Бірақ бұл Ферғана өңірінің отаршылдық саясатқа мойынсұнуын білдірмейтін еді. Бұл өңірдегі осындай кезекті ірі көтеріліс 1898 жылы болып өтті

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Ферғана көтерілісі туралы реферат тарих казакша на казахском, реферат Ферғана көтерілісі на казахском языке история скачать бесплатно, тарих пәні рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар тарих казакстан дуниежузи тарихы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]