Реферат: Тарих | Теңіз жаяу әскерлер
Теңіз жаяу әскерлері - теңіз десанттары құрамында ұрыс қимылдарын жүргізуге, сондай-ақ әскери -теңіз базаларының, порттардың Қорғанысы мен басқа да міндеттерді орындауға арналған және арнайы дайындалған әскери-теңіз флоты күштерінің түрі. Алғаш рет Англияда (1664), кейіннен Еуропаның басқа елдерінде (18ғасырдың 1-жартысы), АҚШ-та (1775) құрылған. Ресейде Петр І-нің бүйрығымен құрамында 1365 адам бар алғашқы Теңіз жаяу әскер полкі 1705 жылы жасақталды. Алғашында Теңіз жаяу әскері абордажды ұрыстарға, кемеден мылтықпен атыс жүргізуге және қарауыл қызметін атқару үшін қолданылды. Кейіннен теңіз десанттарын түсіруге, флот базаларын күзету мен қорғау үшін қолданыла бастады. Кеңестік Теңіз жаяу әскері Азамат соғысы жылдарында (1918-20) пайда болды. Барлық флоттар мен өзен және көлдегі флотилияларда десанттар құрамында әрекет жасау үшін әскери теңізшілерден жасақтар, батальондар және бригадалар құрылды. 2-дү- ниежүз. соғыс жылдарында АҚШ пен Ұлыбританияның әскери-теңіз күштерінің Теңіз жаяу әскері едәуір дамып, олардың саны АҚШ-та 485 мың адамға, ал Ұлыбританияда 80 мыңға дейін жетті. Кеңес Одағы да көптеген Теңіз жаяу әскерінің бригадалары мен жеке батальондары жасақталып, ондағы адам саны 150 мыңға жетті. Қазіргі Теңіз жаяу әскер кұрамына бөлімшелермен қатар танк, артиллерия, инжылы, т.б. бөлімшелер кіреді. АҚШ-тың Теңіз жаяу әскерінің құрамына бұлардан басқа жойғыш және шабуылдаушы авиация бар. Теңіз жаяу әскері автоматты атыс қаруымен, танкілермен, артиллериямен, танкіге және зенитке қарсы қондырғылармен, бронды транспортермен қаруланады. Тактик, теңіз десанты ретінде түскен Теңіз жаяу әскері бөлімдері мен құрамалары өз бетінше, ал қажет жағдайда флоттың қоса берілген арнайы бөлімшелерімен бірге аралдарды, әскери-теңіз базалары мен порттарды, жағалау маңындағы аэродромдарды, теңіз жағалауы бөлімдерін басып алды. Сондай-ақ Теңіз жаяу әскері флоттың базаларын, т.б. әскери нысандарды күзетуге және қорғауға, барлау- диверсиялық мақсаттағы тапсырмаларды орындауға, теңіз жағалауындағы аудандарда әрекет жасауға да тартылады
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Николай Иванович Ященко
» Реферат: Дүние жүзі тарихы | Түркістан әскери округі
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Анфилофий Петрович Шилков
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Петр Васильевич Томасевич
» Реферат: Дүние жүзі тарихы | Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Николай Иванович Ященко
» Реферат: Дүние жүзі тарихы | Түркістан әскери округі
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Анфилофий Петрович Шилков
» Реферат: Қазақ әдебиеті | Петр Васильевич Томасевич
» Реферат: Дүние жүзі тарихы | Тоғыз жүз тоқсан екінші авиациялық түнгі бомбалаушылар полкі
Іздеп көріңіз: