Реферат: Тарих | Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы
Кейкі (Нұрмағамбет) Көкембайұлы (1871-1923 ж.), 1916 жылғы Торғай көтерілісінің батыры. Орта жүз құрамындағы Қыпшақ тайпасының Құланқыпшақ руынан шыққан. Тұрмыс тапшылығын ерте көрген Кейкі Жыланшық болысының алпауыты Р. Шашамбайұлының малын қорып, дұшпандарына аттандыратын жігіті болған. Жастайынан аңшы, мергендігімен, өжеттігімен аймаққа танылған. Оның құралайды көзге атқан мергендігіне сай ел аузында «Амангелдінің көзі мерген, Кейкінің қолы мерген» деген сипаттама сақталған. Ресей патшасының 1916 жылғы маусым жарлығы себеп болған Торғай қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісіне алғашкы күндерден-ақбелсене араласып, оның негізгі қарулы күші — мергендер жасағын басқарды, көтеріліс штабынын, ең кауіпті тапсырмаларын орындап, жиі-жиі барлауға шығып тұрды. Күйік қопасындағы соғыста, Торғай қаласын қоршау кезінде және жазалаушы отрядқа қарсы соңғы ұрыс — Доғал шайқасында ерекше ерлік көрсетті. 1919 ж. 13 мамырда Торғай ояздық соғыс комиссары, халық батыры Амангелді Иманов өлтірілгеннен кейін Кейкі қудалауға ұшырап, Ұлытау, Қызылқұмға бой тасалауға мәжбүр болды. Бұл сүргін Торғайда Кеңес өкіметі орнағаннан кейін де толастамады. Ақыры, 1922 жылдың көктеміңде комиссар Александр Токаревті атып кеткен Кейкіні 29 наурызда қызыл әскерлер айуандықпен өлтірді. Олар мергеннің екі қолы мен басын кесіп алып, басын бір ай бойы Торғай қаласының орталық аланына сырыққа шаншып қойды. Кейін мергеннің бас сүйегін Орынборға, ал 1926 ж. республика астанасы Қызылордаға көшуіне байланысты, Санкт-Петербургке алып кеткен. Ол қазір Санкт-Петербургтегі антропологиялық қордың кунсткамерасында сақтаулы. Кейкі мергеннің ұрпақтары Қостанай облысының Амангелді аудандағы Ақтас, Тасты елді мекендерінде тұрады. 1996 ж. батырдың 125 жасқа толуына байланысты ас беріліп, ескерткіш орнатылды. Жазушы А. Нұрмановтың «Құланның ажалы» романындағы Құлан, Ғ. Мүсіреповтің «Амангелді» пьесасындағы Кете батырлардың көркем тұлғалары осы Кейкі мерген өмірінен сомдалған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша реферат: Кейкі батыр (1871–1923)
» Қазақша презентация (слайд): 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
» Қазақша презентация (слайд): 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
» Сабақ жоспары (ұмж): 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Реферат: Тарих | Аманкелді Үдербайұлы Иманов
» Қазақша реферат: Кейкі батыр (1871–1923)
» Қазақша презентация (слайд): 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
» Қазақша презентация (слайд): 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс
» Сабақ жоспары (ұмж): 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс неліктен бүкілхалықтық қозғалыс болды? (Қазақстан тарихы, 9 сынып, І тоқсан)
» Реферат: Тарих | Аманкелді Үдербайұлы Иманов
Іздеп көріңіз: