Қазақша реферат: Биология | Құстың жұмыртқа өнімі

Қазақша реферат: Биология | Құстың жұмыртқа өнімі

Жұмыртқаның қоректік қасиеті мол, өте сіңімді диеталықөнім болып есептелінеді. Адам тағам ретінде негізінен тауықтың жұмыртқасын пайдаланады. Оның құрамында 13% белок, 12% май және тағы басқа углеводтар, минералдық заттар, витаминдер (А, Д, В, Е) бар.

Құстың жұмыртқа өнімін беру уақыты олардың аналық бездерінің дамып, жетілу дәрежесіне байланысты болады. Сонымен құстың алғашқы жұмыртқа салуы оның жыныстық жетілгенін көрсетеді. Алғашқы жұмыртқаны тауықтар 120-180, үйрек пен қаз 250-300, күркетауық 200-250 күндігінде сала бастайды. Бір жылда беретін жұмыртқалар саны және орташа салмағы ­ жұмыртқа өнімінің негізгі көрсеткіштері болып есептелінеді. Әдетте, тауықтар өмірінің екінші жылында ең көп жұмыртқа береді. Ал жылына орта есеппен тауық 220-230 жұмыртқа бере алады, әр жұмыртқаның салмағы 55-65 г; үйрек 100-120 (әрқайсысының салмағы 90-100 г) жұмыртқа, қаз 25-30 (әрқайсысының салмағы 110-200 г) жұмыртқа, күркетауық 70-80 (әрқайсысының салмағы 85-110 г) жұмыртқа береді. Тауықтың және күркетауықтың ұрғашысын ­ мекин, еркегін қораз; үйректікін мекин, кежек; қаздікін ана және ата-қаз деп атайды.

Құс ас қорыту және зат алмасу ерекшеліктеріне сәйкес азықтандырылады. Жем құстың ас қорыту жолынан тез өтіп, зат алмасуы жедел жүреді, сондықтан құс құнарлы, энергия мен қоректік, минералдық және биологиялық пәрменді заттарға бай рационмен азықтандырылады. Құс өнімділігіне, әсіресе азық энергиясы күшті ықпалын тигізеді.Жалпы өнімділігінің 40-50%-ті азықтың энергиясына тәуелді, сонымен қатар азықтың желінуі де энергия деңгейімен шектеледі. Сондықтан азықтың энергетикалық деңгейі жалпы қоректілігін сипаттаумен қатар, бүкіл азықтандыру барысын нормалық жүйеге келтіретін құрал ретінде де қаралуы керек.

Құс өнімділігіне энергиядан кейін күшті ықпал ететін екінші көрсеткіш азықтың протені жалпы өнімділігінің 20-25%-ті соған тәуелді). Оның энергиясымен ара қатынасы 1 кг азытағы 1%-протеин үлесіне тиетін алмасу энергиясымен есептелінеді, бұны энергиялық протеиндік (ЭПҚ) деп атайды. Бұл ара қатынас бұзылып, протеин жетіспесе, ақ зат түзілу барысы етілмейді де, құстың өсімталдығы менөнімділігі төмендейді; ал керісінше, егер протеин тыс көп болса, ол тиімсіз энергетикалық мақсатқа жұмсалады. Протеиннің қышқылдық құрамы құс азығының витаминдік (әсіресе В-тобы витаминдері бойынша) де ықпал етеді.

Толықтырылған құрама жем жұмыртқа өндіру бағытында өсірілетін жұмыртқалағыш мекиенге тәулігіне 120 г, өндіруі үшін өсірілетін мекиенге 155 г, қоразға 160 г, күркетауық мекиеніне 260 г, қоразына 500 г, үйрекке 240 г, қазға 330 г мөлшерімен азықтандырылады.

Құсқа арналған толық рационды құрастырылған жемнің 60-75%-ті астық және бұршақ тұқымдастар дәнінен, 0-7%-ті бидай кебегінен, 5-25%-ті шроттан, 4-6%-ті жануартектес азықтардан, 3-5%-ті азықтық ашытқыдан, 3-10%-ті шөп ұнынан, 1-5%-ті минералды қоспалардан, 0-3%-ті азықтық майдан құрастырылады. Құрастырылған жемге амин қышқылдарымен қатар микроэлементтер (Әр тоннасына 50 г марганец, 50 г мырыш, 10 г темір, 2,5 г мыс, 1 г кобальт, 0,7 г йод қосылады.

Ал егер минералды заттар жеткіліксіз болса, құстың өсу процесі баяулайды, жұмыртқасының қабы өте жұқа болады немесе мүлде қабығы болмайды.

Жұмыртқаның товарлық сапасын айыру үшін оның салғанын, салмағанын, сақтау әдісін білу қажет. ГОСТ 1635-55 бойынша жұмыртқаны үш түрге бөледі: диеталық, мұздатқыштық, жаңа табылған жұмыртқа.

Диеталық жұмыртқаның салмағы 40-54 г, қоймада 5 тәуліктен артық сақталмайды, сапасы жақсы, қабығы таза, мықты, ауалық орыны 4 мм-ден аспайды, қозғалмаған сары уызды және жарық өткізетін ақ уыз болуы қажет.

Мұздатқышта бір айдан астам 1-2о температурада, салыстырмалы ылғалдығы 85-88%-те сақталған жұмыртқа жатады.

Жаңа табылған жұмыртқа ауалық орыны 7 мм-ге дейін, сары уызы ортасында, ақ уызы жарық өткізеді, жұмыртқа салмағы 47 г болады. Бұндай көрсеткіштерге сәйкес келмеген жұмыртқаларды стандартсыз деп атайды.

Жұмыртқаны микроорганизмнен сақтау қажет, ол үшін қораны, ұяны,төсеніштерін таза ұстаудың гигиеналық маңызы зор. Жұмыртқа салқындағаннан кейін ауа камерасына сырттан ауа кіреді және сонымен бірге микроорганизмдер кіреді. Жұмыртқаларды 3 аптаға дейін, ал тоңазытқышқа салынса, 3-4 айға дейін сақтауға болады. Жұмыртқаларды тоңазытып сақтауға мүмкіндік жоқ кезде ларды түрлі ерітінділерде сақтауға болады.Ол үшін тұзды су дайындауға болады: 10 л суға 50 г ас тұзын ерітеді, оған 100 жұмыртқа 3-4 ай сақтауға болады. Жұмыртқа қабығын жануар майымен, вазелинмен майлап, 6-8 ай сақтауға болады, ол үшін жұмыртқаны 120о –қа дейін ысытқан майға 5 секундке малып алады.

Құсты етке сойғанда, қанын ағызып, қауырсынын жұлады. Қауырсын түбірін жұмсарту үшін тауық пен күркетауық ұшасын ыстық 51-55о С суға 1-2 минутқа, үйректер ұшасын 3-4 минутқа, қаз ұшасын 5 минутқа батырып алады. Қаз бен үйректер қауырсынын 2-3 сағат салқындатып барып жұлған жеңіл.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
Биология пәнінен қазақша рефераттар жинағы, Қазақша рефераттар жинағы, Қазақша Реферат, Биологиядан қазақша рефераттар жинағы: Құстың жұмыртқа өнімі жұмыртқа, болады, салмағы, сақтауға, дейін, есептелінеді, күркетауық, құстың, азықтың, жұмыртқаны, қатар, Жұмыртқаның, қажет, азықтандырылады, минералдық, протеин, заттар, алады, минутқа, ұшасын, Құстың жұмыртқа өнімі қазақша реферат, құстың жұмыртқа өнімі реферат, кустын жумыртка оними казакша реферат, производство куриные яйца реферат на казахском, құстың жұмыртқа өнімі казакша реферат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]