Реферат: Қазақ әдебиеті | Анфилофий Петрович Шилков
Анфилофий Петрович Шилков (14.3.1917, Ресей, Түмен облысы Исет ауданы Турушево селосы - 1990, Екатеринбург қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, аға сержант, батарея командиpi. Орыс. Қаржы-экономикалық техникумын бітіріп, Амур облысының Благовещенск қаласында бухгалтер болып жұмыс істеген. Кеңес әскері қатарында 1938 жылы және 1941 жылдан әскери борышын өтеген. 1938 жылы Хасан көлі маңындағы кақтығысқа қатысқан. Ұлы Отан соғысына 1942 жылдың ақпан айында келді. 624-жаяу әскер полкінің (Беларусь майданы, 42-армия, 137-жаяу әскер дивизиясы) зеңбірекшілер командирі Шилков Беларусьтің Гомель облысы Жлобин ауданы Доброгоща державасы үшін болған шайқаста танкіге қарсы ататын гранатамен батареяға баса көктеп келе жатқан жаудың ауыр танкісін жойды. Жараланған батарея командирінің орнына басшылық жасап, айналдыра қорғаныс ұйымдастырды. Шилков басқарған артиллерия батареясы бекініс шебін үш тәулік бойы қорғап, жаудың тағы екі танкісін жойды. Осы ерлігі үшін оған КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы және Ленин ордені, «Алтын Жұлдыз» медалі берілді (16.5.1944). Госпитальда ұзақ емделген Шилков 1949 жылы запасқа шығып, Шымкент қаласында жұмыс істеді. Кейіннен Екатеринбург қаласында тұрды. 1- дәрежелі Отан соғысы, «Қызыл Жүлдыз», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. 2005 жылы 9 мамырда Түмен облысының Исет селосындағы Халықтық өлкетану мұражайында Шилковқа бюст орнатылған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: