Реферат: Қазақ әдебиеті | Шәкіров Астанқұл
Шәкіров Астанқұл (1.4. 1922, Өзбекстан, Әндіжан қаласы - 11.1.1945, Украина, Калининград облысы Нестеров ауданы Калинин поселкесі) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушы. Қазақ. Кеңес әскері қатарына 1941 жылы желтоқсан айында шақырылды. 75-гвардиялық атқыштар полкінде (З-Беларусь майданы 11 -гвардиялық армия 26-гвардиялық атқыштар дивизиясы) 111. 1944 жылы 15 шілдеде алғашқылардьщ бірі болып Алитус қаласының оңтүстігінде Неман өзенінен өтті. Оң жағалауда бірден ұрысқа кірісіп, басқа бөлімшелердің өзеннен өтуіне кедергі жасап, үздіксіз оқ атып жатқан жау пулеметін жойды. 1945 жылы ұрыста қаза тапты. Шәкіровке КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). Ленин, «Қызыл Жүлдыз», 3-дәрежелі Даңқ ордендерімен, медальдармен марапатталған. Әндіжан қаласындағы алаңда Шәкіровке бюст қойылды. Осы қаладағы №10 мектепке және көшеге есімі беріліп, мектеп қабырғасына мемориалдық тақта орнатылды
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: