Реферат: Қазақ әдебиеті | Байғозы Наймантайұлы

Реферат: Қазақ әдебиеті | Байғозы Наймантайұлы

Байғозы Наймантайұлы[1] (1705 — 1803, Қарағанды облысы Шет ауданы Көктіңкөліауылы) — батыр. Руы — тарақты. Әкесі Наймантай батыр Сүтемгенұлы Тәуке ханның бас батырларының бірі болған (бейіті Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің іргесіндегі қорымда). Әкелі-балалы батырлар есімі жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінде қатар шыққан. Байғозы Наймантайұлы жоңғарлармен арада болған Қарасире, Аңырақай, Хан тауы, Қызылтау, Ыстықкөл, Ерейментау, Түркістан, Қарқаралы төңірегіндегі шайқастарда ерлік көрсеткен. Байғозы Наймантайұлының қызы Қойсанадан Шұбыртпалы Ағыбай батыр, немере қызы Шәкіден әйгілі күйші Ықылас Дүкенұлы туған. Байғозы Наймантайұлының бейіті тұрған жер "Батыр басы” деп аталады.[2]
Байғозы Наймантайұлы (1705-1803) - қазақ халқының елдік пен еркіндікті қорғау жолында жоңғар шапқыншылығына қарсы жүргізілген Ұлы Отан соғысында ерен ерліктер жасап, исі қазаққа даңқы жайылған батырлардың бірі. Байғозы батырдың туып-өскен жері Арқаның Ортау, Қызылтау деп аталатын сілемді тауларының арасы. Топырақ бұйырған жері Қарағанды облысының Жаңаарқа және Шет аудандарының жапсарындағы Жаман Сарысу өзенінің бойы. Батырдың бейіті тұрған жер "Батыр Басы" деп аталады. [3]
Байғозының батырлық тұлғасын Қожаберген жыраудың мынадай жолдары да аша түсетіндей:
"Тарақты Ер Байғозы қолдың басы,
Бұл күнде жиырма алтыға келген жасы.
Ол-дағы Кіші жүзге күйеу екен,
Сыйлаған оны да елдің кәрі-жасы." (Ақселеу Сейдімбековтің жеке қоры)
Байғозы батырдың шешесі - Шолпан, Кіші жүздің Жетіруын билеген тархан Есет батырдың (1667-1749) туған қарындасы. Байғозы батырдың Баяу деп аталатын жақын әпкесінен Қанжығалы Бөгембай батыр туады. Байғозы батыр өз кезінде Болат, Әбілмәмбет, Әбілқайыр, Абылай сияқты хандардың алдын көрді. Төле, Қазыбек, Едіге, Бұқар сияқты би-жыраулардың ұлағатты сөзін естіді. Бөгенбай, Қабанбай, Жәнібек, Жаңатай сияқты батырлардан тәлім алды. Керей Жарылғап, Әлтеке Жидебай, Шапырашты Наурызбай сияқты батырлармен төс тигізген дос болды. Байғозы батырдың Шәкі деп аталатын немере қызынан әйгілі қобызшы Ықылас Дүкенұлы туылған екен. Ал батырдың өзінің Қойсана деген қызынан Шұбыртпалы Ағыбай батырдың анасы өмірге келген екен.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Байғозы Наймантайұлы туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефераттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Байғозы Наймантайұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]