Реферат: Қазақ әдебиеті | Владимир Александрович Шаталов
Владимир Александрович Шаталов (8.12.1927 жылы туылған, Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы) - ғарышкер-ұшқыш, авиация генерал-лейтенант (1975), 2 мәрте Кеңес Одағының Батыры атағын алған. 1945 жылы Әскери Әуе күштерінің арнаулы мектебін, 1949 жылы ұшқыштардың Качинскідегі әскери училищесін, ал 1956 жылы Әскери Әуе академиясын (жұмыстан қол үзбей) бітірген. 1949-63 жылы Кеңес армиясының авиац. бөлімдерінде қызмет етті. 1963 жылдан ғарышкерлер қатарында. 1969 жылы 14-17 қаңтарда «Союз-4» ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшып, «Союз- 5» ғарыш кемесімен (15 қаңтарда ұшырылған) топтасып ұшуға басшылық етті. Ол А.С. Елисеев пен Е.В.Хруновтың ғарыш кеңістігіне шығуын және олардың бір кемеден екінші кемеге ауысып мінуін қамтамасыз етіп, дүние жүзінде тұңғыш рет тәжірибелік ғарыштық станцияны құрастыруды жүзеге асырды. 1969 жылы 13-18 қазанда «Союз-8» ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшып, «Союз-6» және «Союз-7» кемелерімен топтасып ұшты. 1971 жылы 23-25 сәуірде «Союз-10» ғарыш кемесінің командирі ретінде ғарышқа ұшты. Ұшу барысында «Союз-10» кемесі «Салют» орбиталық ғылыми станциясымен түйісу операциясын жүзеге асырды. 1971 жылдан Ғарышкерлер даярлау орталығының жетекшісі. КСРО Мемлекеттік сыйығын алған (1981). 3 рет Ленин орденімен, т.б. орден және медальдармен марапатталған. Айдың арғы бетіндегі кратерге оның есімі берілген
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: