Реферат: Қазақ әдебиеті | Дәуіт Асауұлы
Дәуіт Асауұлы (туған-өлген жылы белгісіз) - батыр. 19 ғасырдың 50-жылдарында Орынбор ведомствосына қарайтын табын руының қарақойлы бөлімшесінің басқару- шысы болған. 19 ғасырдың 40-50-жылдарында Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы Кіші жүз қазақтарының көтерілістеріне Есет Көтібарұлымен бірге жетекшілік жасағандардың бірі. 1855 жылы Орынбор өлкесінде Есет Көтібарұлы мен Дәуіт бастаған шектілер мен табындардың наразылығы болды. Көтерілісшілер қазақ даласына жазалау отрядтарын жіберуді тыюды, қазақ қауымынан түйе жинауды тоқтатуды, түтін салығын жоюды, Жем, Елек, Қобда, Жайық өзендерінің бойларына көшіп- қонуға мүмкіндік жасап, шаруаларға жайылымдық жерлерге еркіндік беруді талап етті. Қазақтардың Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсылығы кейін де жалғасты. Дәуіт Ресей үкіметінің 1867-68 жылы жүргізген әкімшілік және сот реформаларына наразылық білдіріп, 1869 жылы Орал мен Торғай облыстары қазақтарының көтерілісіне басшылық жасағандардың бірі болды
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: