Реферат: Қазақ әдебиеті | Жаназар батыр
Абылай хан тұсындағы батыр, атақты қолбасшы. Шұбартау төлеңгіттерінің үлкен бөлігін, ел арасында «қалмақ» атымен белгілі Мамыттан тараған аталар құрайды. Мамыттан (Желденнен) тараған ұрпақ: Уанас, Қанай, Қонай, Тақай, Ақтабын (кейін бір себептермен Таз деп аталған), Сартабын, Қаратабын, Жөлке, Аю, Дейіт, Жемет, Құлтан аталатын рулардан құралады. Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда ХVІІІ ғасырдың аласапыран кезеңінде аталықтың ұрпақтарын Өмірзақ бастаса, оның сүйенегені Мамыт тұқымы Жаназар батыр болған.
Осы төлеңгіт елі жайында қазақтың асылы Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан да тарихи деректер жазып қалдырған. Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан 1866 жылы 5-наурызда Қарқаралы уезі, Тоқырауын болысының 7 - ауылында туғаны белгілі. Ал,Тоқырауын болысы Өмірзақ бабамыздың қонысы бір көрші ел, сондықтан Әлихан Бөкейханның «Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына жиылған ел», - деп айтылады» деп жазуының басты себебі осы ел жақсылары туралы тарихтың оған бала кезінен белгілі болуынан деп айтамыз.
Жаназар туралы ел аузындағы сақталған тағы бір әңгімедегі алтайлық төлеңгіттердің ежелгі сенім нанымынан бастау алатын Жаназардың екі қара шұбар жыланы туралы мифтік (тотемдік ) аңызы.Ел ішінде осы «тотемдік» астары сақталған «қарашұбар жылан» туралы ауыз екі әңгімені Шұбартаулық шежіреші Сейсенбай Бәуов ақсақал [1], Әділжан Өнербаев [2] өз баспа еңбектерінде атап көрсетеді. Ел аузындағы Жаназардың «қара шұбар жыланы» туралы аңыздың төркіні мына әңгімеде: «Бірде Абылай хан қалмаққа қарсы соғысқа аттанып бара жатқан қазақ қолын Жаназарды тосқызып екі - үш күн аялдатыпты дейді. Бұған ел наразы болыпты, азғантай адамдарды күттің деп. Жаназар суыт жүріп Абылай қолына түнде жетіп, ұйықтап қалса керек. Абылай Жаназарды шақырып келуге кісі жіберіпті. Шақырушы сарбаз келсе Жаназар шалқасынан түсіп ұйықтап жатыр екен, екі емшегін кеудесіне оралған екі қара шұбар жылан еміп жатқанының үстінен түсіпті. Қорқып кетіп Абылайға айтса, Абылай келіп көріп, әйтпесе Абылай бола ма, таң қалған жиылған жұртқа «Бұл қарашұбар жылан Жаназардың киесі екен, олай болса оң мен солын емген егіз жыландай Жаназардан аруақты ерлер туып, айдаһардай ту ұстаған ұрпағы болады» деп айтқан екен дейді. Абылай осылай деп айтып Жаназарға, «иә аруақ қолдасын» деп батасын беріпті деп айтады. Абылайдан бата алған Жаназардың соғысқа барғанда қамал бұзған ерліктерін көрген ел Абылайдың азғана қолды неге екі - үш күн тосқанын сонда барып бірақ түсінген екен. Жаназардың және қасындағы көзсіз батырлар тобының атағы содан соң көпке тараған. Бұл оқиға осы күнге дейін шындыққа еш қатысы жоқ, аңыз түріндегі ауыз екі әңгіме деңгейінде қаралып келді. Шындығында, осы мифтік жылан бейнсінде ата бабамыздың ежелгі деректерді берудегі далалық ойлау дәстүрі жатыр деп айтуға болады.
Болған тарихи оқиғаларды жазба дүниесі жоқ ата бабаларымыз далалықтарға тән эпостық жыр, ертегілік, шежірелік аңыздар түрінде көркем сөз бен мифтік образдар арқылы, ұрпақтан ұрпаққа, ғасырдан ғасырға сақтап жеткізіп келді. Осы ел аузында сақталып келген тарихи естеліктегі, батырдың екі емшегін кеудесіне оралып емген «екі қара шұбар жылан» туралы мифтік сюжет - Жаназардың киесі екі жылан болған, сонымен қатар «емшекті емудегі» оқиға ататегіміз Айдаһар жыланнан тарадық деген, яғни «тотемдік» ежелгі алтайлық төлеңгіттің нанымдарын анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен екі жыланның ұйқыдағы батырдың денесін орап алып жатудағы оқиға мәнісі - ата баба рухының жылан кейпінде көрінуі, яғни аруақтың қолдауы деп те түсінуге болады. Қазақта бұл сөзді «аруақ қонды», яғни «аруақты адам» деп те айтады. Осы оқиғаны талдай отырып, аңыз желісін былай деп түсіндіреміз: бұл кезеңде Жаназардың аруақты батыр кейпінде елге танылмал болғанын және оның қол астындағы төлеңгіт сарбаздарынан басқа «айдаһардай ту» көтерген жаудан беттері қайтпайтын, ержүрек екі «қарашұбар жылан» бірге туған ағасы Ерназар мен інісі Кұназардың да айтылуын байқаймыз. Жаназарда осындай қауқарлы күш болғанын аңыздағы Абылайдың жауға аттанарда Жаназар қолының келуін күтіп, қазақ қолын екі үш күнге аялдатты деген мәліметте жатыр. Мұнда: «Жаназар батыр қарамағында ержүрек екі мың төлеңгітімен, Қабанбай батыр бастаған қазақ қолынан төрт есе көп болған қытайлардың тас-талқанын шығарып, Абылай ханның мəртебесін үстем еткен болатын» деген 1757 жылдың жазында Аягөз жерінде болған соңғы қазақ - шүршіт соғысы туралы тарихи деректің сарқыны сақталған. Жаназар өмірінің отыз жылын ат үстінен түспей елін қорғаған. Жау шетіне тигенде - деп рух батасында берілгендей, елін жаудан қорғаған аруақты батыр бабамыз Жаназармен қазақтың жауларына қарсы соғыстарда оның бірге туған ағасы Ерназар батыр мен інісі Кұназар батыр және туысқандары Боздақ, Тақай, Өтеулі, Аю сияқты көптеген батырлар Абылаймен бірге болып, тізе қосып соғысқан, талай жеңіске жетіп отырған. Жаугершілік кезеңде қазақ баласы Мәуреннахр қалалары үшін де, Ертіс пен Еділ арасындағы кең байтақ өлке үшін де, Үстірт пен Маңқыстау үшін де соғысты. Осы соғыстардың бірінде батырлығымен жұртың көзіне түскен Ерназар батыр бір соғыста қалмақтардың қолына түсіп қалады. Өзінің иесі бар адам екен, қолға қапыда түскен мұны, егер көзін жоймасақ, егер қашып кетсе басымызға заман ақырды осы орнатады деп, Ерназар батырдың отырған киіз үйінің айналасына отын үйгізіп, тірідей өртеп жіберіпті.
Сонымен қатар біз үшін ең басты мәселе, Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхан бабаларымыз туралы жазумен бірге, осы материалдағы жер пайдалану картасына да Өмірзақ бабамыздың жатқан жерін «Өмірзақ бейіті» - деп белгілеп көрсеткен. 1840 жылы Ресей империясының әскери бас штабтың топографиялық карта негізінде жасалған бұл мемлекеттік жер пайдалану картасы түскен. Картадағы Өмірзақ бейіті Шұбартау мен Тоқырауын болыстарының шекарасындағы түйіскен Бектау ата тауы баурайындағы Еспе өзенінің бойында жатыр, яғни Балқаш қаласынан Қарағандыға қарай автокөлік жолының 41 км-ен оңға бұрылғанда (оңтүстік- шығысқа) Еспе өзеніне қарай 7 км қашықтықта орналасқан. Бабамыздың бейіті осы хатталған деректердің арқасында, бүгінгі күнге дейін белгісіз боп келген бабамыздың басы 2011 жылдың маусым айының басында ғана ұрпақтарына белгілі болды. Жүйелі зерттеудің нəтижесінде, 2011 жылы Еспе өзенінің бойындағы Қоңыратта Өмірзақ оның қияметтік досы Жаназар батырдың бірге жерленгені анықталды. Жаназар батырдың өзін, оның өсиеті бойынша Өмірзақтың жанына жасырын жерлегендіктен, оның зираты көпке дейін қай жерде екені белгісіз болып келген. Оған басты себептерінің бірі – туыстары оларды жасырын жерлеп, сүйектерін жауларына қорлатпуды ойлаған. Қабанбайдың, Ер Жəнібектің де денесі жасырын жерленгені белгілі. Міне, осы айтылған тұлғалар тəрізді Жаназар батырдың да өлімі мен зираты əдейі жасырылған, тек жақын адамдары ғана білген. 2011 жылы ата ұрпақтары Балқаш көлінен 41 шақырымдағы Еспе өзені бойындағы Жаназар батыр мен Өмірзақ аталықтың мəңгілік мекендеріне тағзым етіп, қос тұлғаға ескерткіш белгі қойған болатын. 2013 жылдың шілде айында, Өмірзақ баба мен Жаназар батырдың төрт құлақты мазарын жаңартып, (8х8 м жəне 3х5 м) қайта көтеруге шешім қабылданып, қыркүйек айының аяғында ойдағыдай аяқталды. Мазарға қажетті құрлыс материалдары - «ақ тас» блоктарын, құрал – жабдықтарды Маңғыстау облысы, Ақтау, Жаңаөзен өңірлерінен алынды. Мазар композициясы əсемділігімен, тылысымдатылған, ертегілік «ақ түсімен» көз тартады. Ақ таспен өрілген қабырғаларының əр қыры əшекейлі оюлармен өрнектелген. Мазар кіреберісінің аркасы 6 метр биіктікке көтерілген, ұшар басына жарты ай белгісі қондырылған. Арка ішіндегі құран оқуға арналған орынның (3х5 м) жоғары жағы бүріліп, күмбез формасымен аяқталған. Әрине жоққа жәрдемші, барға ақылшы болған Өмірзақ пен Жаназар екеуінің күйзелген елге арқа болған еңбегіне бас иген жұрт, бабаларымыз бақиға аттанарда жанынан табылғанына, өсиеттерін алып, төлеңгіт құрама елін сақтауға ант еткеніне сенеміз. Нақты осы себептен де бабаларымыздың жамбастарының жерге тиген жердің табылуы да осыны дәлелдейді.
Жаназар батыр рухының батасы
Өмірзақ Шұбартау жеріне қазақтың атақты төресі Әбілпейіз сұлтанды бастап келген, қалың елге құт болған атақты адам. 1757 жылғы Түркістанда болған хан кеңесінің шешімімен Шығысқа – қазақтың көшін бастаған Әбілпейіз сұлтан туралы мақала жазған Ж. Артықбаев Әбілмәмбет ханның төлеңгіттерімен араласып кеткен Сайдалы Арыстан аталықтың Мамадайыр («Үш арыс – Мамадайыр» – Өмірзақ, Жалаң, Боран), Мамашықтың батыр ұрпақтары Шұбартау тобын құрайды деп, Ә. Бөкейханның «Әбілмәмбеттің кенже үйі – қарашаңырағы Шұбартау елінде, күнгей Саяқта» деп жазғаны сол тарихи кезеңдерге қатысты дейді. «Қарашаңырақты қорғауды міндетіне алған топ өзінің міндетін абыроймен орындады, солардың арқасында біз кәзір Жетісу, Алтай мен Тарбағатайға иелік етіп отырмыз» – деп жазады[3]. Көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Әлихан Бөкейхан жазып қалдырған «Жаназардың туына, Өмірзақтың құтына» деген тіркес ел аузында. Ата-бабалары Шыңғыс ханнан алған деп айтатын Жаназардың қара ала туы осы күнгі ұрпақтар ұғымында да «ата – баба аруағы қонған» киелі зат. Өкінішке қарай, Жаназар батырдың ұстаған туы бүгінгі күні қолда жоқ, қайда екені белгісіз. Бір анық жайт - Жаназар батырдың туындағы негізгі элемент, найза сабына кигізілген жалбыраған қара айғырдың құйрық-жалы екені. Жаназар батыр туралы ел аузындағы, қазақтың ежелгі сенімінен өрбитін бір әңгіме – Жаназардың екі қара шұбар жыланы. Екі жыланның ұйқыдағы батырдың денесін орап алуы – баба рухының жылан кейпінде көрінуі, аруақтың қолдауы. Қазақта бұл сөзді «аруақ қонды» яғни «аруақты адам» деп те айтады.
Қалқаным бар, сауытым,
Найзамда бар, оң қолда.
Талай жауды түйрегем,
Ел шетіне басқанда.
Дүрліктіріп елімді
Қанға бөгіп тастардай,
Келіп жеткен жауларды,
Ығыстырдым ырқынан,
Шығарып бір жерімнен.
Ата баба талайлар,
Бірге жүрген тізелес.
Талай батыр оң қолға
Сегізін бірдей жайратып,
Жүре берер едік біз,
Жау шетіне тигенде.
Жаназардай бабаңды,
Іздеп талай жер бастың,
Аяғыңның ізі бар,
Өтіп кетіп жүрдің ғой.
Жүрегіңе нұр толып,
Балаларым тұрсың ба
Бүгіндері берейін
Келген басқа батамды.
Аруақты қадірлеп,
Қастерлеп жүрген балалар,
Қамықпаңдар, жатқан бір
Осы жерде дара бір
Тұлға болған бабаң бар
Бабаңның берер батасын
Алып бүгін қайт балам
Тұмар қылып тағып ап,
Биікке қойып сақтарсың
Айтқан сөзін жекелеп
Берейін бүгін бабаңнан
Артымнан ерген ұрпағым.
Батырдың ұрпағы деп бүгінде
Алыңдар жеке бір бірлеп
Жақсылық болсын қашанда
Батырлық жетсін бәріңе
Батыр болып, ел қорғап
Бабаңнан қалған өрендер
Жалғасын талай өмірде
Жеткерсін қазақ жерлерін
Биіктеген аспанға.
Заңғар көктен нұр шашып,
Нұрлансын мынау ел бүгін.
Жерге төксін жаңбырым,
Жабырқамай жүріңдер
Жүректе мұң тоқтатпай.
Елді сақтап қалған бір
Аталарың болған бір
Балалары тұрсыңдар
Әрі қарай жалғасып,
Өмірді өмір сүріңдер.
Халыққа қызмет қылыңдар,
Тайсалмай, мендей боп,
Жауға қарсы жүріңдер.
Жолатпаңдар жеріңе,
Қалқан болып тұрыңдар.
Қашанда бір қасқайып,
Мынау тұрған еліңе.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: