Реферат: Қазақ әдебиеті | Шапшаев Иван Леонтьевич

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шапшаев Иван Леонтьевич

Шапшаев Иван Леонтьевич (1910, Ресей, Хабаровск өлкесі, Новоспасск селосы - 2.10. 1967, Ресей, Калинин облысы Тверь қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, полк командирі, подполковник. Орыс. Орта мектепте оқып, Бурсинск көмір шахтасында жұмыс істеді. 1933 жылы Кеңес әскері катарына шақырылып, 1941 жылдың шілдесінен ¥лы Отан соғысына қатысты. Шапшаевтың бүкіл майдандық өмірі даңқты Панфилов дивизиясымен байланысты. Ол дивизияның барлық шайқасына қатысты, басынан зақымданды, 6 рет жараланып, ротаның саяси жетекшісінен атқыштар полкінің командирлігіне дейінгі жолдардан өтті. Шапшаев тамыз айында 19-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Риганы азат етуге, жаудың Курляндиядағы тобын талқандауға қатысты. 26 наурыз күні таңертең жаудың 15- ке жуық артиллериялық және минометтік батареясы 19- және 30-гвардиялык полктердің жауынгерлік сапына шабуыл жасады, полктер қоршауға түсіп, бір-бірінен бөлініп қалды, дивизия штабымен тек радио арқылы ғана байланыс жасалды. Шапшаев жауынгерлерін бірнеше рет шабуылға бастап, өзі ауыр жараланды. Соңында дивизияның барлық атқыштар полкі өзара күш біріктіріп, жау қоршауын бұзып шықты. Сан алуан шайқастарда жеке ерлік көрсеткені үшін Шапщаевқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (15.5. 1946). Ленин, 3-рет Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Шапшаев Иван Леонтьевич туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Шапшаев Иван Леонтьевич

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]