Реферат: Қазақ әдебиеті | Максим Якубович Якубов

Реферат: Қазақ әдебиеті | Максим Якубович Якубов

Максим Якубович Якубов (10.3.1914, Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Тастықара ауылы — 8.7.1974, Алматы облысы Қарасай ауданы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, старшина, 836-атқыштар полкінің атқышы. Ұйғыр. Орта мектепті бітірген соң 1941 жылы қаңтарда Кеңес әскері қатарына шақырылып, 240-атқыштар дивизиясының құрамында шайқасқа катысты. 1943 жылы қыркүйекте Якубов қызмет ететін дивизия Днепрге шықты. Өзеннен өтіп, плаццармды басып алу міндетін орындау үшін 27 қыркүйекке қараған түнде атқыштар полктерінің алдыңғы қатардағы бөлімшелері өздері жасаған салдарға және кішігірім қайықтарға отырып өзеннен өтуге кірісті. Днепрден бүкіл батальон өтіп шыққанға дейін олар бір тәулік бойы жаудың қысымына төтеп берді. Днепрдің оң жағалауында берік плацдарм жасалынған. Жаудың 12 қазандағы қарсы шабуылы жойқын болды. Якубовтың ротасы ауыр ұрыстарды бастан кешіруіне тура келді. Бұл күні дивизия 200-ден астам ұшақ қатысқан жау бомбалаушыларының 18 шабуылына төтеп берді. Жасаған ерліктері үшін Якубовқа КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (13.11.1943). Ленин орденімен, көптеген медальдармен марапатталған. Алматы қаласында Якубов атында көше және мектеп бар.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Максим Якубович Якубов туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Максим Якубович Якубов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]