Реферат: Қазақ әдебиеті | Михаил Павлович Фролов

Реферат: Қазақ әдебиеті | Михаил Павлович Фролов

Михаил Павлович Фролов (27.9.1916, Ресей, Алтай өлкесі, Поспелиха поселкесі - 9.11.1991, Украина, Ялта қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, лейтенант, танк ротасының командирі. Орыс. Алматы қаласында орта мектепті оқып, 1939 жылы Барнаул педагогикалық институтын бітірген. Орта мектептің директоры болған. 1940 жылы Кеңес әскері қатарына шақырылып, 1941 жылдың маусымында Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1943 жылы Сталинград танк училищесін бітірді. Осы жылдың жазында, неміс-фашист басқыншыларына қарсы Курск және Орел қалалары түбінде ұрысқа қатысты. Воронеж майданының әскерлері Белгородқа және Харьковтың солтүстік-батысы мен Сумы қаласының оңтүстік-батысына қарай шабуылды өрістетті. Фроловтың танк ротасы 10-танк корпусы 178-танк бригадасының жаяу әскерлерімен өзара қимыл біріктіре отырып, Гапоновқа мен Братск елді мекендері үшін ұрыстар жүргізді. 14 тамызда жаудың 1 батальоны 25 танк пен өздігінен жүретін 6 зеңбірекке тосқауыл жасап, 3 артиллерия батареясынан оқ атып, танк бөлімінің жауынгерлік сапына қарсылап қойды. Осы ұрыста Фролов өзінің «отыз төртіншісімен» шебер айла-амал қолдана отырып, жаудың танкісін, 7-Т6 ауыр танкісін, 8 автокөлігін өртеп, 7 зеңбірегін шынжыр табанымен жойды. Соңғы ұрысты тойтарар кезінде ержүрек танкист қатты жараланды. Осы жасаған ерліктері үшін Фроловқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды (10.1.1944). 2-рет 1-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен және медальдармен марапатталған

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Михаил Павлович Фролов туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Михаил Павлович Фролов

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]