Реферат: Қазақ әдебиеті | Николай Иванович Ященко

Реферат: Қазақ әдебиеті | Николай Иванович Ященко

Николай Иванович Ященко (31.10.1919, Ресей, Новосібір қаласы - 8.1.2001, Ресей, Челябі қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, генерал, полк командирі. Орыс. 1941 жылы Қазақтау-кен металлургия институтын (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Кеңес әскері қатарына Алматы әскери комиссариатынан шақырылған. Алматы жаяу әскер училищесін бітіргеннен кейін (1942) 3-Украина майданы 57-армия 73-гвардиялық атқыштар дивизиясы 214-гвардиялық атқыштар полкі құрамында Ұлы Отан соғысына қатысқан. Сталинград, Курск доғасы, Днепр, Дунай өзендері бойындағы ірі шайқастарға, сонымен қатар Румыния, Болгария, Венгрия, Югославия және Австрия жерлерін азат ету жорық жолдарынан өтті. 1944 жылы 12 қарашада Дунай өзенінен өтуде Я-ның полкі жаудьщ 12 қарсы шабуылын тойтарды. 13 күнге созылған қиян-кескі соғыста жаудьщ 13 танкісі, 20 бронетранспортері мен автокөлігі, 1,5 мыңдай әскері жойылды. Ященкоға Дунайдан өтуде көрсеткен ерлігі үшін КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (24.3.1945). 1948 жылы Мәскеу Әскери академиясын бітірді. 1980 жылы запасқа шыққан. 2 рет Ленин, Қызыл Ту, 1- және 2- дәрежелі Отан соғысы, 2 рет «Қызыл Жұлдыз» ордендерімен, медальдармен марапатталған

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Николай Иванович Ященко туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Николай Иванович Ященко

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]