Реферат: Қазақ әдебиеті |Николай Степанович Чуриков
Николай Степанович Чуриков (23.12.1910, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жұмат ауылы - 4.6.1997, Орал қаласы) - 2-дүниежүзілік соғысқа қатысушы, кіші лейтенант, взвод командирі. Орыс. Ата- анасынан ерте айырылып, балалар үйінде тәрбиеленген. Жұмысшы факультетінде оқыды. Соғысқа дейін Ч. Осоавиахимнің Орал қаласы кеңесінің төрағасы қызметін аткарды. Соғыс басталысымен майданға аттанған. Сталинград шайқасында зеңбірек нысанашысы, сержант Чуриков жаудың 79 әскерін жойды. Осы ұрыстарда ауыр жараланып, госпитальда болды. Кейін офицерлік курсты бітіріп, қайта майданға аттанды. 1944 жылы 27 маусымда 2-Беларусь майданы 49-армия 95-атқыштар дивизиясы құрамындағы Чуриковтың взводына Днепрден (Могилев ауданы Колеснице маңы) өтіп, кейін шегінген жауды талқандау үшін өткелді бұзу тапсырылды. Қараңғылықты жамылған взвод батыс жағалауға өтіп, күтпеген жерден жауға оқ жаудырды. Өткелдегі аз ғана топ шабуылға шығып, тапсырманы орындады. Днепрден өту кезіндегі айрықша ерлігі үшін Чуриковқа КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді (21. 7.1944). Соғыстан кейін туған жеріне оралып, облыстық өсімдіктер қорғау станциясының бастығы қызметінде болды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы институтын бітіріп, агроном- энтомолог мамандығын игерді. Ленин орденімен және «Сталинградты қорғағаны үшін», т.б. медальдармен марапаттапған
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: