Реферат: Қазақ әдебиеті | Сабыр Омарұлы Рахимов
Сабыр Омарұлы Рахимов [1902, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкбел ауылы — 26.3.1945, Польша, Данциг (қазіргі Гданьск қаласы), сүйегі Ташкенттегі бауырластар зиратына жерленген] — әскери қайраткер, генерал-майор (1943), Кеңес Одағының Батыры (1965)[1]. Әкесі ерте қайтыс болып, жас қалған Рахимовты шешесі (өзбек қызы) Өзбекстанға алып кеткен. 1922 жылы әскер қатарына шақырылған. Бакудегі әскери уч-щені бітірісімен (1925), Самарқанд қаласындағы атты әскерлер дивизиясында взвод, эскадрон командирі болды. 1925 — 27 жылдары Орта Азияда (Қарақұмда) Кеңес өкіметіне қарсы шыққандармен қарсы күрестегі ерлігі үшін Қызыл Ту орденімен марапатталған (1927). 1941 жылға дейін түрлі әскери мекемелерде қызмет істеді. Соғыс басталғанда полк, кейін дивизия қолбасшысы болды. 1941 жылы шілдеде жау қоршауын бұзып шыққандағы батылдығы үшін 2-рет Қызыл Ту орденімен марапатталып, полковник шенін алды. Оның дивизиясы Дондағы Ростовта, Кавказда ұрыс жүргізді. 1943 жылы Мәскеудегі Бас штаб академиясына оқуға жіберілді. Академияны бітірген соң Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысты. Соғыс жылдары ол басқарған дивизияның жауынгерлік туына 2 Қызыл Ту, Суворов және Кутузов ордендері тағылды. Рахимов Ленин, 4 рет Қызыл Ту, Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Суворов ордендерімен, медальдармен марапатталған. Ол жөнінде "Генерал Рахимов” атты көркем фильм түсірілді. Өзбекстандағы ауылдар, мектептер, Ташкенттің бір ауданы, көшесі, метро бекеті, Оңтүстік Қазақстан облысы Қазығұрт ауданы Көкібел ауылындағы орта мектеп Рахимов есімімен аталады. Ташкент қаласында Рахимовқа ескерткіш орнатылған. Польша Республикасының бір траулері генерал Рахимов есімімен аталады. [2] Қазіргі уақытта Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында Тәуке хан көшесінің бойында Жеңіс саябағында ескерткіші орнатылған
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: