Реферат: Қазақ әдебиеті | Саңырық Тоқтыбайұлы
Саңырық Тоқтыбайұлы (1691 — ө.ж.б.) — батыр. Ұлы жүз, ошақты руының тасжүрек атасынан шыққан, шешесі жағынан Кіші жүз Тайлақ батырға немере жиен. Қожаберген жыраудың "Елім-ай” дастанында Саңырақ есімі де аталады. Ә.Диваев мәліметтерінде де Саңырақ есімі кездеседі. Зерттеушілердің пікірінше, Саңырақ 18 ғ-да болған негізгі қазақ-жоңғар соғыстарының барлығына қатысқан. Ол Бұланты, Қарасиыр шайқастарында қазақ қолының алғашқы жеңістеріне үлес қосты. Аңырақай шайқасында садақшыларға жетекшілік еткен. Ұрпақтары Жамбыл облысының Талас, Сарысу аудандарында тұрады
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: