Реферат: Қазақ әдебиеті | Тойшыбек Қасаболатұлы
Тойшыбек Қасаболатұлы (1783, қазіргі Алматы облысы Жамбыл ауданы Таран а. - 1860, қазіргі Жамбыл облысы Қордай ауданы Қақпатас а.) - би, батыр. ¥лы жүздің дулат тайпасының ботбай руынан. Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысына қолдау танытқан. 1849 жылы Алматы қаласына таяу маңда, Ақсай және Қарасу өзендерінің түйіскен тұсында бекініс салдырды. Бекініс қабырғасының ұзындығы 85 м, биікт. 5 м болған. Патшалық Ресейдің Жетісу өңіріне енуіне қарсылық танытып, оған қарсы күресте Қоқан хандығына арқа сүйеді. Осы мақсатта өзінің бекінісінде қоқандық Аққұлы бек басқарған әскери горнизон ұстады. 1850 жылы 19-23 сәуірде Ресей армиясының капитаны Гутковский 2 зеңбірегі бар 300 әскермен Тойшыбек бекінісіне шабуыл жасады. Бірақ Тойшыбек бастаған жасақ Гутковскийдің шабуылына тойтарыс беріп, бекіністі талқандауға жол бермеді. Шабуылда Т-тің жасағынан 200-ден астам адам қаза тапты. Ресей өкіметі Т. бекінісін алу үшін 1851 жылы маусымда 1 мың 370 адамнан тұратын, полк. Карбышев бастаған экспедицияны аттандырды. Тойшыбек күштің тең еместігін байқап, өзін қолдаған қазақтармен қоқандықтар ықпалындағы Шудың бойына бет бұрды. Мұны пайдаланған полк. Карбышев Т. бекінісін талқандауға бұйрық берді. Т. баласы Байсейітпен бірге қырғыздар мен қоқандықтардың көмегіне сүйеніп, орыстардың иелігіне айналған Іленің сол жағалауына жиі шабуылдар ұйымдастырып, орыс әскерлерін шығынға ұшыратты. Бұған жауап ретінде 1854 жылы жазда ¥лы жүз қазақтарының приставы Перемышльский 2 зеңбірегі бар 160 әскермен Тойшыбек ауылына тұтқиылдан шабуыл жасады. Шабуыл кезінде Т. ауылынан 40-тан астам адам қаза тауып, және бидің үлкен ұлы Жанғазы бала-шағасымен тұтқындалды. Перемышльский бастаған орыс әскері Т. ауылынан 753 жылқы, 118 түйе және 66 ірі қара малды айдап әкетті. Осы жылғы күзде Т. қырғыздың Орман, Жаңғараш, Жантай манаптарымен және қоқандықтармен бірлесіп патшалық Ресейдің билігін мойындаган Іле бойындағы қазақтарға шабуыл ұйымдастырды. Шабуыл кезінде екі жақ та көптеген шығынға ұшырады. Т. өмірінің соңғы жылдарын орыс үстемдігі орныға қоймаған қоқандықтар ьщпалындағы Пішпекке (Бішкек) таяу маңда өткерді. Алматы қаласында Т. есімімен аталатын көше бар
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: