Реферат: Дүние жүзі тарихы | Унковский елшілігі
Унковский елшілігі- Ресей өкіметінің 1722 жылы Жоңғар хандығына жіберген елшілігі. Орыс артиллериясының капитаны И.Унковский басқарған бұл елшілікке жоңғар билеушісінен Ресей бодандығына мойынсұнатындығы жөнінде ант қабылдау және Жоңғар хандығы жерін картаға түсіру міндеті жүктелді. Елшілік 1722 жылы 26 қарашада Севан Рабдан қабылдауында болып, оған Ресей патшасы жіберген сыйлықтарды табыс етті. Севан Рабдан Ресей бодандығын қабылдау Цин әскерлерінің Шығыс Түркістанға басып кіруіне тосқауыл қояды деп санады. Бірақ бодандық мәселесін шешу үшін ол жоңғар ақсүйектерімен 6 айдан астам уақыт бойы кеңес жүргізді. Севан Рабданның ұлы Шоно-Лоузан мен лама шіркеуінің ақсүйектері Ресей бодандығын қабылдауды жақтады. Ал әскери жасақтардың басшылары Ресей бодандығын қабылдауға мүлде қарсы шықты. Осыған орай Севан Рабдан Унковский елшілігіне Ресей бодандығын қабылдауға ант беруден бас тартты. 1723 жылы қазанда ештеңе шеше алмаған елшілік Ресейге қайтты. Елшілік барысында капитан Унковский күнделік журнал жүргізді. Онда сол дәуірдегі Орталық Азиядағы саяси жағдай, соның ішінде жоңғар-қазақ қарым-қатынасы жөнінде көптеген деректер қамтылған
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: