Реферат: Қазақ әдебиеті | Уәлі Итенұлы
Уәлі Итенұлы (1798, қазіргі Қызылорда облысы, Құмкөл өңірі - 1881, Қорқытата қорымы) - би. Ресей патшасының қазақ жерін отарлау саясатына сай туған жерінен ығыстырылған қазақ ауылдарымен бірге әкесі Итен де балаларын алып, қазіргі Ақтөбе, Қостанай облыстарының жеріне көшкен. Қазір де Қостанай өңірінде «Құлтының қара моласы» деп аталып кеткен жер бар. Ағасы Құлты қайтыс болғаннан кейін Уәлі өзіне қарасты ағайындарымен Сыр бойына қоныс аударып, осы күндері Жайлау, Байзақ, Сүйінқара, Шоңмұрын, Жапырақты, Шақпақты аталатын тоғайларға орналасқан. Уәлі алтын руынан шыққан Тобжан, Әлібай сияқты халыққа қадірменді кісілермен бірігіп, елдің тұтастығын, татулығын сақтауда белсенді қызмет атқарды. Уәлі Кенесары Қасымұлы бастаған қазақ халқының ұлт- азаттық қозғалысын қызу қолдады. Оның өткір де батыл сөздері халық арасында кең тараған. Қарақұмда мал жайылымын игеру мақсатында құдық қаздырып, ол бүгінде «Уәлі құдығы» аталып кеткен. Ақын Асқар Тоқмағамбетов Уәліні жырға қосқан. 1996 жылы ұрпақтары «Уәлі құдығы» басына ескерткіш-белгі орнатты
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: