Реферат: Қазақ әдебиеті | Шабай батыр, Шабай Қонысұлы

Реферат: Қазақ әдебиеті | Шабай батыр, Шабай Қонысұлы

Шабай батыр, Шабай Қонысұлы (1768, Маңғыстау, Сам өңірі — 1846) — батыр. Кіші жүз адай руының құнанырыс тармағынан шыққан. Әкесі Қоныс, аталары Мыңбай, Лабақтар да батыр болған. Шабай батыр Орал казактарымен, Еділ қалмақтарымен, Хиуа жасақтарымен және түрікмендермен болған шайқастарда ерлігімен көзге түскен. Өшіккен жау бір күні көп әскермен келіп, Шабай батыр ауылын өзі жоқта шапқан. 78 жастағы батыр жаман хабарды естіп, жігіттерімен Итібай құдығы деген жерде жауды қуып жетіп, мал мен жанды түгел қайтарады, алайда өзі қаза тауып, осы жерге (Маңғыстау мен Қарақалпақстан шекарасы) жерленеді. Шабай батырдың балалары Сүгір мен Есен де батыр болған. Ұрпақтары Бердәулет (1842 — 1915) және Жоламан (1855 — 1926) батырлар көне Үргеніш қ-ның базарында жергілікті билеуші Әлімқұл ханды атып өлтірген. Осы тақырыпқа ақындар жырлар мен толғаулар арнаған. Шабай батыр мен оның ұрпақтарын Қалнияз Шопықұлы жырға қосқан

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Шабай батыр, Шабай Қонысұлы туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Шабай батыр, Шабай Қонысұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]