Реферат: Қазақ әдебиеті | Шақантай Жауғашарұлы
Шақантай Жауғашарұлы (1706 — 1791) — батыр. 1706 жылы, Алтай тауының Сауыр деген жерінде дүниеге келген. Руы – Абақ керей ішіндегі Жастабан. 18 ғасырда өмір сүріп, қиын-қыстау кезеңде қансыраған халқына қалқан, қорған болған. Қазақ-жоңғар соғысында қазақ халқының қас батырлары, бас батырлары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, ер Жәнібектермен бірге бірнеше шешуші шайқастарға қатысқан.Орта жүз ішінде керей тайпасынан. 14 жасынан жоңғарларға қарсы күреске бастан аяқ қатысқан. Қазақ — жоңғар соғысында Қабанбай, Жәнібек тархан, тағы басқа батырлармен бірге ірілі-ұсақты 34 шайқаста ерлік көрсеткен. 1724 ж. Қабанбай батыр бастаған отыз мың әскер Аягөз өзені бойында жоңғарлармен арадағы соғысында 18 жасар Шақантай жоңғар батырын жекпе-жекте жеңіп, батыр атанды. Шақантай 1760 ж. Жобалай, Байқотан билермен бірге Алтай, Сауыр тауларын мекендеген өзендеріне қарасты 200 шаңырақты Шұбартау жеріне, Бақанас өзенінің бойына әкеліп қоныстандырды. Шақантайдың артынан ұлағатты, өсиет сөздер көп қалған. Қартайған шағында дулығасын балалары Құлбарақ пен Байбараққа аманат етіп тапсырған. Айтыс ақыны Қалихан Алтынбаев "Ақырғы айқас”, ақын Кеңесжан Шалқарұлы "Шақантай батыр” атты тарихи дастандарын жазған. Батырдың мазары қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданына қарасты Шұбартау өңіріндегі Бақанас өзенінің бойындағы "Орта қарауыл” төбесінде орналасқан.(1706-1793).Шақантайдың әкесі Жауғашар ауқатты, бай адам болған. Шақантай жеті жасқа келгенде ол дүниеден өтеді. Оны жассынған ағайындары малын емін-еркін пайдаланып жүре берген.Қазақ айтыскері Қ. Алтынбаевтың "Ақырғы айқас” дастанында Шақантайдың ерлігі былай жырланады:
…Аякөзден асқан соң
Тарбағатай көрінді,
Есі қалмай сасқан соң
Екіге жоңғар бөлінді.
Қашқан жоңғар артынан
Қарт Бөгенбай қалмады,
Тетелес Жантай бар,
Тоқтамыс пен Мамай бар-
Көмек беріп қолдады.
Жалайырлық Жоламан
Жеткен екен ол-дағы,
Серейген биік бақандай
Керейден шыққан Шақантай
Сынған жерде найзасы,
Өсіп тұрған теректі
Жұлып алып толғады…
Шақантай Қабанбай батырдан көп кіші болғанмен, жоңғарларды қазақ даласынан біржола қуып шығатын тұста үзеңгілес болған. Оны ақын Қалихан Алтынбаевтың жыр жолдарындағы Аягөз, Тарбағатай, Тоқта, Барлық деген жер атауларынан аңғаруға болады. Шекаралас жатқан елдер болғандықтан барымта-қарымталар жиі болып тұрған.Осындай сәттерде Шақантай батыр елге ес болып, жауынан қорғаған. Ол бірнеше ауыл әскер ұстаған, олардың ат-көлігін , қару-жарағын, тамағын өзі қамтамасыз еткен.
Батыр біздің халқымыздың қатарын көбейтуге кезінде үлес қосқан ұлы демограф. Он үш әйелден тараған 22 ұлы 21 ауыл болып Бақанас өзенінің бойын мекендеген, 30 қызы болған екен. Бүгінде сол ұрпақтан өсіп-өнген жандар рулы елге айналған.
Шақантай Жауғашарұлы аруақты батыр ғана емес, артында асыл сөз қалған аузы дуалы шешен, ел бастаған көсем болған.
Өмір бақи аттан түспей, елдің тыныштығын, ұрпақ қамын ойлаған
батыр ұзақ жасап 1793 жылы 87 жасында Бақанас бойындағы Қарауылтөбе
деген жерде қайтыс болады.
Шақантай батырға үлкен күмбез — кешен 1993 жылы, яғни қайтыс болғаннан кейін 200 жыл өткеннен кейін ақ кірпіштен өріліп соғылды. Бұл күмбезді тұрғызуға даңқты композитор Е. Рахмадиев үлкен еңбек сіңірген

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: