Реферат: Қазақ әдебиеті | Қазыбек бек Тауасарұлы

Реферат: Қазақ әдебиеті | Қазыбек бек Тауасарұлы

Қазыбек бек Тауасарұлы (1692 ж. Алматы облысы Кербұлақ ауданы – 1776 жылы Алматы облысы Күрті ауданы) – батыр. Ұлы жүздің шапырашты тайпасының асыл руынан шыққан. Кейбір мәліметтер бойынша жас кезінде шығыс елдерінде болып, мұсылманша жан-жақты білім алған. Жоңғар шапқыншылығы кезінде шапырашты Наурызбай батырдың әскерінде мыңбасы (кейбір деректерде ақылшысы) болған. Жоңғарлармен болған 1727 жылғы Бұланты шайқасына, 1729 жылы Аңырақай шайқасына қатысқан. Батыр қайтыс болған жерді халық Қазыбек тауы деп атап кеткен. Оның ұлы Қасқары батыр да жоңғарларға қарсы соғыста көзге түскен. Б.Қыдырбекұлы, Б.Нұржекеев, т.б. авторлардың пікірлері бойынша Қазыбек Бек "Түп тұқианнан өзіме шейін” – деген шежіреөтірік кітап] еңбек жазғанКіші Азияның ірі қалаларында болып, діни, ғылыми білім алған оқымысты, жоңғар басқыншылығына қарсы күресте қол бастаған батыр. Шыққан тегі — Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Әкесі Матайұлы Тауасар би болған. Баласының неге болсын қабілетті зеректігін ерте байқаған әкесі Қазыбекті бес жасында Бұхараға апарып, дін оқуына береді. Кішкентайлығына қарамай жақсы оқыған бала Қазыбек медресені төрт жылда тамамдап, елге оралады. Мұнда екі жыл ауыл балаларына дәріс бередіЕкі жыл бала оқытып, біраз адамның сауатын ашқан он бір жасар Қазыбек қасына ауылдасы, өзінен бір жас үлкен Өтеғүл байдың баласы Өтегенді (кейін Сүйінбай, Жамбыл жырлаған Өтеген батыр) ертіп, тағы да білім іздеп жолға шығады. Олар Самарқантта бір жарым жыл болып, атақты Қазы-заде Румидің ұрпағы Хафиз-задеге шәкірт болып, одан дәріс тыңдайды. Одан кейін қайта жолға шығып, Шамға, Бағдадқа, одан әрі Ыстамбұлға, Римге барып, сегіз жыл сапарда болады. Қазыбекке, әсіресе, Бағдад пен Ыстамбұлда болып, білім алған кездері өте пайдалы болып, жан-жақты өсуіне мүмкіндік алады. Араб, парсы тілдерін айтарлықтай меңгереді. Араб тілін жақсы білудің арқасында Ыстамбұл кітапханасында әл-Фараби еңбектерімен танысады, Махмұд Қашқаридің "Диуани лүғат ат-Түрк", Қожа Ахмет Яссауидің "Диуани хикмет" кітаптарын осы жерде оқиды. Қазыбек пен Өтеген бүкіл Еуропаны, орыс жерінің біраз жерін аралап, 1709 жылы елге оралады.Елге келгеннен кейін, жиған-терген дүниелерін жинақтап, "Иран шешегі" атты кітабын жазады. Бірақ, жаугершілікті заманның кітап жазып, ғылыммен айналысуына мүмкіндік бермейді. Ол амалсыз қаламын найзаға айырбастап, ел қорғау ісіне араласады. Оның бұдан кейінгі бар өмірі елдің шетінде, жаудың өтінде өтеді. Ол алғаш қалмақтармен Аягөзде болған соғысқа қатысады. Осында ол Қабанмен, Қожаберген жыраумен танысады. Осыдан бір жылдан соң, Севан Рабданға Тәуке ханның елшісі болып барады. Елдің "Ақтабан шүбырындыға" ұшырауы - ерлердің жанына қатты батады. Олар бұл күндері ат үстінен түспей, бірде босқан елдің басын қосып, ұжымдастырып жатса, бірде өкшелей қуған жауға тойтарыс беріп, шайқасып жатты. Осы бір қазақтың басына төнген қаралы күндердің ауыртпалығын Қазыбек те ел ағаларымен бірге көріп, арпалысты күн кешеді. Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай батырлар бастаған талай соғысқа қатысып, ерлік көрсетеді. Бізге Қазыбек бек Тауасарұлының "Түп-түқияннан өзіме шейін" деген жалғыз еңбегі жетті. Ол онда замандастары жайында көп деректер береді. Ел-жұртының төуелсіздігі жолында арыстанша алысып, опат болған көптеген ерлердің аты-жөні айтылып, ерліктері баяндалган, исі қазаққа әйгілі тұлғалар жайында сүйсіне жазган. Тауасарұлы еңбегінің аса қүндылығы да осында.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
реферат Қазыбек бек Тауасарұлы туралы реферат казакша на казахском, реферат на казахском языке скачать бесплатно, рефератттар жинағы жоспарымен, казакша реферат жоспар, Қазыбек бек Тауасарұлы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]