Қазақша реферат: Шыңғыс хан (1155-1227)

Қазақша реферат: Шыңғыс хан (1155-1227)

Шыңғыс хан, Тэмуджин, Темучин (1155 ж. ш., Онон өзені бойындағы Делиун-Болдак шатқалы – 25.8.1227, Сися мемлекетінің жері) – Азияда біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туылған. 12–13 ғасырдың басында монғол тайпасының өкілі Тэмуджин Орта Азия тайпаларын біріктірді, сөйтіп ол Орта Азия даласындағы ең құдыретті жаулап алушыға айналды. Өзінің әскери дарынының арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183 – 1204 жылы өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын (Меркіт тайпасының көсемі Тохтадан бастап, Найман тайпасының басшысы Таян (Даян) ханға дейін) талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыру нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, "Шыңғыс хан” (түрікше "теңіз, мұхит” деген сөзден шыққан) лауазымын алады. Ішкі саясатта Шыңғыс хан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын Қазақша реферат: Шыңғыс хан (1155-1227)"мыңдық” деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды). Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді. Империя әскері үш бөлікке бөлінді: оң қанат (барунғар), сол қанат (жоңғар), орта қанат (гол). Мемлекет ішіндегі наразылықты басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты: сәл кінәлі немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді, Шыңғыс хан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы топтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т. б. әдістерді қолданды. Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (яса) ережелерін бекітті. 1207 – 11 жылы Шыңғыс хан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211 жылы Цзинь мемлекетiне жорық жасады. 1215 жылы Пекинді алды. 1217 жылы Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 жылы Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Моңғол әскерінің Солтүстік Қытай мен Корея патшалығына жорықтарын ірі қолбасшы, әмір Мұқылай Гауин Жалаири басқарды. Қытайға қарсы шабуылдан кейін Шыңғыс хан әскерінің бір тобы 1218 – 19 жылы Жетісуды, 1219 – 21 жылы Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алды. Басып алған жерлерді Шыңғыс хан ұлыстарға бөлді де, ұлдарын үлестіріп берді. Кіші ұлы Төлеге Моңғолияның өзі, үшінші ұлы Үгедейге батыс Моңғолия, жоғарғы Ертіс пен Тарбағатай аймағы, екінші ұлы Шағатайға шығыс Түркістан, Жетісу мен Мауераннахрдың көп бөлігі, үлкен ұлы Жошыға Ертістен батысқа қарай Жетісудың солтүстік бөлігін және төменгі Еділ бойына дейінгі жерді қоса бүкіл Шығыс Дешті Қыпшақ бағындырылды. Қазақстан аумағы Шыңғыс хан империясының үш ұлысының құрамына: үлкен (далалық) бөлігі – Жошы ұлысына, оңтүстік және оңтүстік-шығыс Қазақстан – Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік-шығыс бөлігі – Үгедей ұлысына кірді. Шыңғыс ханның тірі кезінде ұлдарын бөліп берген жерлер олар үшін тек қана пайда көзі болды, бірақ империя басшысына бағынышты болып қала берді. Шыңғыс хан өлген соң басшылық жорықтарын оның мирасқоры, Шыңғыс әулетінің хандары азды-көпті үзілістермен үсті-үстіне жүргізе берді. Бірақ күшпен, зорлық-зомбылықтың арқасында құрылған бұл ұлыстардың арасында ешбір саяси, экономикалық, этникалық байланыс болмады. Шыңғыс хан ұрпақтарын өз әулеттерін толығымен дербес етіп алуға, ал ұлыстарды тәуелсіз иеліктерге айналдыруға тырысуынан империя бірнеше мемлекетке ыдырады (Ақ Орда, Алтын Орда, Шағатай ұлысы).

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шыңғыс хан туралы қазақша реферат, чингисхан туралы казакша реферат, чингисхан туралы казакша омирбаяны, шыңғыс хан туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке чингисхан, биография на казахском языке чингисхан, биография на казахском языке, чингисхан, реферат на казахском языке, шыңғыс хан туралы, қазақша реферат, шыңғыс хан

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]