Қазақша реферат: Рахмадиев Еркеғали (1930 - 2013)

Қазақша реферат: Рахмадиев Еркеғали (1930 - 2013)

Дүниеге келгені: 1930 ж. тамыздың 1-і.

«Мәдениет» ауылы, Шұбартау ауданы, Семей облысы.

Рахмади Жабықпаевтың ұлы Еркеғали 1930 жылдың 1 тамызында сол кездегі Семей облысының Шұбартау ауданындағы бұл күндері «Мәдениет» деп аталатын ауылында дүниеге келген. Ол 6-сыныптан бастап «Үлгі» колхозы мектебінің интернатына орналастырылады. Еркеғали оқуда алғыр болып өсті. 1948 жылдың маусым айында концерттік ансамбльмен Нұрғиса Тілендиев, Бекен Жылысбаев және баянда ойнайтын Константин Ошлаковтар ауылға келеді. Олардың ойында Балқаш маңындағы ауылдарға өнер көрсетумен қатар, П. И. Чайковский атындағы училищеге дарынды жасөспірімдерді таңдап алу мақсаты да бар еді.

Қазақша реферат: Рахмадиев Еркеғали (1930 - 2013)Жоғары сыныптардың оқушыларын тыңдап, сынаған комиссия мүшелері олардың ішінен Еркеғалимен қоса есептегенде төртеуін таңдап алды. Еркеғали 1948 жылдың күзінде домбыра класы бойынша музыкалық училищенің оқушысы болып қабылданды. Училищені ойдағыдай тәмамдаған Еркеғали 1952 жылдың жазында емтихандарды жақсы тапсырып, консерватория студенті атанды. Ол қабылдау сынында қобызға арналған «Трио» пьесасын және «Жасыл орман» әнін орындады. Енді Еркеғали Л. Хамидидің ұсынысымен профессор Евгений Брусиловскийдің класында өнерін жетілдіруге кірісті. 1957 жылы Еркеғали Рахмадиев өзінің дипломдық жұмысы ретінде Мемлекеттік емтихан комиссиясының алдына «Қамар сұлу» операсының бірінші бөлімін ұсынды. Оның ұстазы Е. Брусиловский келешек Қазақстанның көрнекті композиторы болатындығын таныған-ды. Осы бағытта білімін дамыта түсу үшін Еркеғали Рахмадиев П. И. Чайковский атындағы Мәскеу консерваториясына бір жылдық тәрбие алуға келді.

1962 жылы Мәскеуде жас композиторлар конкурсында Еркеғали Рахмадиевтің «Балқаштағы кеш» атты хорға арналған поэмасы бірінші дәрежедегі дипломмен бағаланды. «Қамар сұлу» операның 1963 жылдың 15-сәуірінде Абай атындағы ҚМАОБ театрында қойылуы үлкен шығармашылық шабытқа жетеледі.1970 жылы композитор Еркеғали Рахмадиев оркестрдің қолдауымен трубада орындалатын «Скерцоны» вокалдық-хореографиялық «Қызыл киіз үй» композициясын, М. Әуезовке арналған лирикалық поэма-реквиемін, «Аястан» атты кантатасын және драмалық қойылымдарға арналған «Қабаған ит», «Әке тағдыры», «Сұхбаттасу» музыкаларын жарыққа шығарды. 1972 жылы опера «Алпамыс»тәмамдалды, оған ілесе шығарылған симфониялық күй «Дайрабай» композитор Еркеғали Рахмадиевке үлкен жетістік әкелді.

1980 жылы Еркеғали Рахмадиев Қ. Мұхамеджановтың либреттосы бойынша «Тың туралы» жаңа операны өмірге әкелді.1980-жылдары Еркеғали Рахмадиевтің трубалық оркестрдің қостауымен және скрипкаға арналған, оркестр демеуімен орындалатын концерттік екі шығармасы тағы да өмірге келді. Қазақстанның әйгілі скрипкашысы, талай халықаралық конкурстардың үздігі, профессор Айман Мұсақожаева, Қазақстанның халық әртісі Ю. Н. Клушкинмен бірге екі шығарманы тамаша орындады.

1990-жылдарда Еркеғали Рахмадиев өзі сүйетін камералық-вокалдық жанрға қайтадан ауысты. Бірінші концертте Шаһимардан Әбілевтің орындауында Абайдың өлеңдеріне жазылған романстар тізбегі тұтастай бірнеше театр сахналарында тыңдаушыларды баурап алды Еркеғали Рахмадиевтің Әбіш Кекілбаевтың либреттасына сүйен-ген «Абылай хан» атты эпикалық операсы екі бөлімнен тұрады. Операның мазмұны – Қалмақ, Қоқан, Хиуа хандықтарынан Отанды, жерді, елді қорғау. Мұнда Бұхар жырау мен Абылай ханның бейнесі операның негізгі тақырыбы. Композитор қандай музыка жанрында болмасын жазылған шығармаларында жаңалық әдісін, есте қалатын тың қатпарларды аударады. Оның әрбір шығармасы (опералар, концерттер, симфониялық поэмалар, күйлер, кантаталар, әндер және романстар) республиканың мәдени өмірінде айырықша орын алады. Еркеғали Рахмадиевтің мекемелердегі қызметі студенттік кезінде басталды. Қыздар педагогикалық институтында оқытушы болған-ды. Мәскеудегі мамандығын шыңдау курсынан кейін 1958 – 59 жылдары Алматы консерваториясында фольклор кабинетін басқарды, Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының жетекшісі, 1961 – 65 жылдарда Қазақ КСР-нің Мәдениет министрлігінде Көркемөнер бас басқармасының бастығы, ал 1966 жылы Абай атындағы опера және балет театрының директоры болып тағайындалды. 1967 жылы ол Құрманғазы атындағы консерваторияның ректоры, 1968 жылы Қазақстан композиторлар одағының төрағасы және КСРО композиторлар одағының хатшысы. Консерватория қабырғасында театралдық факультет және режиссерлік бөлім ашылды. Консерватория жыл сайын 170–200-дей музыка мамандарын дайындайды. Профессор Еркеғали Рахмадиевтің ұстаздығымен Ө. Несіпханов, Т. Қажығалиев, С. Еркімбеков, О. Жанияров, С. Ромашенко, В. Стригоцкий,: М. Тайменкеев және басқа да дарынды композиторлар консерваторияны тәмамдады.

1991 – 93 жылдар аралығында ҚР Мәдениет министрі қызметін атқарды. Музыка өнерінде, қоғамдық жұмыста және атқарған жемісті еңбектері үшін «Еңбек қызыл ту», «Халықтар достығы» ордендерімен, бірнеше медальдармен, Қазақ КСР-ның және Армения, Өзбекстан, Эстон республикаларының, Татар автономиялық республикасының мақтау грамоталарымен марапатталған. 1966 жылы оған Қазақ КСР-ның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, 1975 жылы Халық әртісі, 1981 жылы КСРО халық әртісі атағы берілді, ал 1980 жылы Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығы тапсырылды

Рахмадиев Абайдың «Кеңіл құсы құйқылжыр шартарапқа…», «Қалың елім, қазағым, қайран жұртым…», «Қара қатынға…», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да…», «Жаз…», «Жақсылық ұзақ тұрмайды…» деген өлеңдеріне ән-романстар жазды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
рахмадиев еркеғали туралы қазақша реферат, еркегали рахмадиев туралы казакша реферат, еркегали рахмадиев туралы казакша омирбаяны, рахмадиев еркеғали туралы қазақша өмірбаяны, реферат на казахском языке еркегали рахмадиев, биография на казахском языке еркегали рахмадиев, биография на казахском языке, еркегали рахмадиев, реферат на казахском языке, рахмадиев еркеғали туралы, қазақша реферат, рахмадиев еркеғали

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]