Өлеңдер

Отан

Отан

Отаным туған елім, Қазақстан.
Осы сұлу жерде күндік қаным тамған,
Мен оның өзен-көлін, гүлін сүйемін.
Өзінді жырлауға еш ерінбеймін.

Оның әрбір тау-тасы қымбат маған,
Ата-бабамыз елі үшін жанын аямаған.
Отаным менін жерім, менің жүрегім,
Жан-дүниемді ұялайды ыстық сезім.

Қазақстандай өлкемді мақтан тұтам,
Сұлулығын қарашы байтақ далам.
Гүлін болып егілемін жеріне,
Туған жер сен ыстықсын біздерге!

Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні: 19.12.19ж 1:22


Өлеңдер
Толық
0 0

Ата-Анама


Ата-Анама

Ата-ананы барында құрметтейік, 
Еңбегіне баға беріп, сый етейік.
Баласына махаббаты шексіз берген,
Ата-ананы нұрландырып, жыр етейік.

Ата-ана ең асыл қазына,
Қадірлейік олар бүгін барына.
Бес күндік мына жалған дүниеде,
Бармақ тістеп, қалмайық күйінуде.

Ата-Ана мөлдір өзен, асқар тауым .
Оларсыз атпас таным, батпас күнім
Ата-ана барына шүкір етіп
Оларға арналады осы әнім

Авторы:Оразбеков  Диас
Жазылған күні:09.12.19. 23:45

#Түнгі#шабыт#
Өлеңдер
Толық
0 0