Өлеңдер

Ай мен Жұлдыз

 Ай мен Жұлдыз

Күн батып, шықты көктен жарқырап 
Қараңғы түн, тұла бойым маужырап 
Бұлт арасынан сәулесін төгіп жерге
Қарай берген сенің сұлу келбетіне

Айлы түні жарық жұлдыз көгімде 
Көк аспанда бұлтсыз қара түнімде
Көзге түсті жарық жұлдыз ерекше
Қарай бердім көзім тоймай көркіне 

Ай мен Жұлдыз жарасардай біріне
Бірі болмаса сұлулығы кетер ме?
Көп жұлдыздың ішінен сені тандадым 
Жерге төкті сәулесін, бар махаббатын

Екеуі жанады аспанды жарық қылып
Қараймын да, таңырқаймын үңіліп 
Ай мен Жұлдыз болмаса жер бетінде 
Аспан түні қараңғыдай өтер ме?

Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні:29.05.20ж

#Шабыт#Келгенде#
Өлеңдер
Толық
0 0

Кездестірдім

Кездестірдім

Қаншама күндер өтті іздеуменен 
Адастырды махаббат, бақыт деген 
Сағымбысын түсіме мың бір енген
Түсімде еркелетіп бағым деп жүрген

Сағындырып түсіме кіресің күнде
Сағындырып жүректі жүрсін неге?
Ояна келсем сен жоқсын жанымда 
Арман да жоқ көрсем егер алдымда

Өзіңсіз талай қанша таңым атты?
Жылдар өтіп, көктем гүлі жайқалды
Санамды сағыныш көлі толқыйды
Мейлі сағым қинай берсің жанымды

Айлы аспан, жұлдызды жарық түні
Жолықтырдым өзіңді, күзді күні
Бір сезім жүрегімді дір еткізді
Ғашық еткен нөсерлеген күз бізді

Қол жетпеген өмірдегі бағымбысын?
Әлде менім кеудемдегі сағымбысын?
Жүректегі пәк сезімім оянғанда 
Кездестірдім жібермеймін енді ешқайда 
 
Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні: 04.06.20 ж
Өлеңдер
Толық
0 0

Сүйгеніме

Сүйгеніме

Мен сені сүйемін, сүйіп өтем,
Сұлу жүзін кетпей қойды есімнен. 
Бағыма жүремін сені әркез балай,
Жүректің қамалын бұзып, кірдің қалай?

Сені сүйдім мөлдіреген көзін үшін, 
Сезіндім бе? Махаббаттын құдірет күшін. 
Бірге болу бір өзіңмен бар арманым, 
Сені ғана бақытым деп тандадым. 

Сені ойлап күндіз-түні сағынамын,
Сағынамын сенсіз жаным жабығамын. 
Қарай беріп, көзім саған тоймады. 
Мендік жүрек сені ғана ойлайды.

Авторы: Оразбеков Диас 
Жазылған күні: 11.02.20ж 23:44

#Түнгі#Шабыт#
Өлеңдер
Толық
0 0

Ұнатамын

Ұнатамын бір өзіңді  ұнатамын,
Саған қарай асығады әр кез  Жаным.
Өзіңді бір көргеннен сыр ақтарып,
Сұлу сенің жүзінді қиялдадым.

Ұнатамын мен сені шын айтамын,
Жүрегімнің  теренінде тұрақтадын. 
Жарығымсың нұр сәулесін төккен маған,
Асқақтаған армандаған сағынышым. 

Ұнатамын мен сені ұнатамын,
Ұнатуды басқаны білмепті Жаным.
Өзіңді ойлауменен атады таңым ,
Тек өзіңді өлеңменен жырақтадым 

Авторы: Оразбеков Диас 
Жазылған күні: 25.12.19 23:06


Өлеңдер
Толық
0 0

Өмір

Өмір

Кемшіліксіз адам жоқ бұл жалғанда,
Өз жолында сүрініп құлағанда.
Қателескен болсан болды адасасын,
Мақсат болса алдында  ұмтыласын.

Өмір-деген адамға келетін сынақ,
Қанша қиындықтан өтесің бірақ.
Өмір-деген сырғып өтер бір күні,
Ол туралы кеш білесің сен бірақ .

Өмір мәні жүректің тазалығы,
Өмір сүру Жаратқанның берген сыйы.
Өмір маған Ата-ана, бауыр жақын,
Құстыда, балапанды Жаратқаны.

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні:14.12.19ж 19:04

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні:14.12.19ж 19:04

#Шабыт#келгенде#
Өлеңдер
Толық
0 0

Түс

Түс

Япыр-ай бүгің көрдім тамаша түс,
Айналам сары дала, алтын күз.
Түсімде сені көрдім Жарығым,
Шие ерін, ботадай көзінен, таныдым.

Қарай бердім, сенің мөлдір көзіне,
Қарай берем нұрға толы жүзіне.
Сұлулығымен баурап алдын жанымды,
Өшірте алмас, лаулап жанған жалынды.

Түсімде қол ұстасып жүр екенбіз,
Бір-бірімізден айырылмай, біргеміз.
Білмедім түсім бе, әлде өңім бе?
Сенбедім, қарай бердім көзіңе.

Есімнен кетпеді сол бір сұлу көздерің,
Еркелеген балдай тәтті сөздерің. 
Тұрғымда келмеді, оянбағым,
Сұлулығына қарай бердім сенің, Жаным.

Авторы:Оразбеков Диас
Жазылған күні: 03.02.20ж 23:17
Өлеңдер
Толық
0 0

Сағыныш

Сағыныш 

Сағыныштан өртеніп барады Жаным,
Өртенгеніне себепші сенсін Бағым. 
Сен үшін соғады кеудемдегі Жүрек,
Сезімім саған болмаса, кімге керек? 

Күйзеліп жаным, мұн басып көңілімді, 
Леп етіп өзгерттін мына өмірімді.
Сені ойлап күндіз-түні мазам қашты,
Өмірдің қиындығы көзімді ашты.

Іштегі сезім жанымды қинайды,
Сені Жаным мына жүрек қимайды.
Сағынышымды бір өзіне айтамын,
Күндіз-түні сен жайлы ойға батамын.

Санамды басып алды қара мұң,
Сезімім айтылмаған қанша мың.
Саған арнап жаздым мен өлеңімді,
Сағындым маған айтар әр сөзіңді.

Авторы: Оразбеков Диас 
Жазылған күні:20.03.20ж 00:02

#Түнгі#Шабыт#
Өлеңдер
Толық
0 0

Ұйқысыз Түн

Ұйқысыз түн

Терезеден ай сәулесі сығалап 
Сені ойлап ұйықтай алмай жатырмын 
Сансыз ойлар маза бермей шарқырап 
Көз алдыма елестейді қылықтарын 

Таң атқанша ілінбеді көздерім 
Тек өзіңмен бір болу бар тілерім 
Ғашық еттің мөлдір қара көзіңмен 
Қаша алмадым махаббатын өртінен 

Қарап отырсам түн жарым сағатта 
Қорылдап адамдар жатыр ұйқыда 
Елестетем бейненді көз алдымда 
Өзіңді ойлап көңілім жабырқауда

Сенсіз Жаным, жүрегім жалғызсырап 
Қара түн қап-қара болып маужырап 
Жабырқаумен өткіземін әр түнімді 
Маған арман бір көру сенің жүзіңді

Авторы: Оразбеков Диас 
Жазылған күні: 15.03.20  01:21 

#Түнгі#Шабыт#
Өлеңдер
Толық
0 0

Ана

Ана

Жүрегімнің бір орында асыл адам
Сырым көп әлі де сізге айтылмаған
Дүниенің нұр шуағына бөлеген
Сіз берген махаббатқа бөленем

Ақ сүтін беріп, әлпештеп өсірген Анам
Барын беріп жоғына қанағат еткен
Анаң сенің өмірдегі бар бақытын
Сөзбен жетпес, Анаға деген махаббатым

Құрсағында тоғыз ай он күн жаттым
Келді міне дүниеге ақын жаным
Түн ұйқысын төрт бөліп, бесік әнмен 
Тербеледі самал желмен, Ана әні

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні: 01.12.19ж

#Шабыт#келгенде#
Өлеңдер
Толық
0 0