Өлеңдер

Өлең: Ықсанның бәйбішесі Бәтимәнің жоқтағаны (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ұядан жалғыз сұңқарым,
Мыңнан озған тұлпарым,
Жатып бір қалды-ау қабірде-ай!
Бәйшешегім қуарып,
Тасыған дариям суалып,
Қалғаным ба, апырым-ай!
Қыршыным менің, бағланым,
Аузына күпір кірмеген.
Бозбалалық мінезге
Елігіп әсте ермеген.
Ақылы дана данышпан,
Кеудеге сыймай кернеген.
Жеткіншектер жеткенше,
Лажым бар ма Аллаға,
Ілгері өмір бермеген.
Қайран да мырза, жас манап,
Көңілімнің сәулеті.
Бабаңа қонған қызыр кеп,
Дулаттың дария суаты.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жұмағали Саин (Аждаһа — Гитлер)

— Ей, аждаһа!
Мыстан кемпір
Кейпіне
Түскен залым!
Екі көзің,
Екі ұртың қан,
Жеген етің
Жас баланың
Сен, сұм Гитлер!
Көзің салшы
Алдындағы
Табағыңа!
Қолыңдағы
Тамағыңа!
— Не қолыңда?
Жасырма, азғын.
Қорегің мен.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Абайкөк (5 ­нұсқа) (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сылаң қаққан сипатын көрмегендей, Абайкөк,
Денесі мен мүсіні сөйлегендей, ай-ай деп.
Сұлу сымбат жайдары балбыраған, Абайкөк,
Еш адамға көз қиып бермегендей, ай-ай деп.

Қайырмасы:
Бар тілеуім көңілімдегі
Жалғыз ғана сіз-ай деп.
Ойдан өмір кетпейтұғын
Сіздің ақша жүз-ай деп.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ықсанды жоқтау (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бісмілладан айтайын,
Бәрәкалла сөз басын.
Мұңлық болған Күнімқыз
Перзентінен қозғасын.
Мінәжәт қылып сөз сөйлеп,
Шариғаттан озбасын.
Әуелі Құдай қалаған,
Асыл нұрдан жаралған.
Алладан әмір болған соң,
Алтыннан терек құлаған.
Молдаларды көргенде,
Шариғат сөзін сұраған.
Бала да болса халайық,
Үлкенге басын балаған.
Бауырымның парасы,
Екі көзім қарасы.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ғаяр қатын (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ертегi ертедегi кәрi күйге,
Жiбiне сабақталып отыр ине.
Бетiңнiң бедерiне жұқпалы екен,
Опалап жаға берсең, шiркiн дүние!
Ертектiң ертегiсiн құрайын да,
Шықпаса елден құрақ сұрайын да.
Дастанбай деген кiсi бай боп өткен,
Туысы Түркiстанның кiрайында.
Дейдi екен қошаметпен әркiм «Дастан»,
Түркiстан қаласынан байлығы асқан.
Қайыры қарындасқа мол кiсi екен,
Әркiмге қарайласып қажет ашқан.
Байлықпен сегiз күмет үй салдырған,
Төбесi көк қаңылтыр, көз талдырған.
Алтыннан босағасын әшекейлеп,
Iшiне асыл тартып от жандырған.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Сені сағынсам

Сені сағынсам

Аңсаймын мөлдір қара көздеріңді, 
Түнімен ойлауменен бір өзіңді.
Өмірімнің Бақыты, мақсаты сен,
Бір өзіңе арнаймын өлеңімді.

Кеттің алыстап менін жанарымнан,
Табылмай қалай бердің қасымнан. 
Сағыныштан сарғайып мына жаным
Сезермісін жүректің сыздағаның?

Жүрегім өртенердей сағыныштан, 
Елестетем күндерімді сағынысқан.
Сені ойлап, өткізгенмін түндерімді,
Ұмытпаспын ешқашан бұл күндерімді.

Авторы: Оразбеков Диас Өміртаев Бейбарыс
Жазылған күні: 06.04.20ж 23:20

#Түнгі#Шабыт#
Өлеңдер
Толық
0 0

Сен кеттің

Сен кеттің...

Шын сүйдірдің жүрегімді несіне,
Ғашық еттің мөлдір қара көзіне. 
Өзің берген махаббаттын жылуын,
Өзің алып кеткенің бе? Сұлуым.

Саған арнап жаздым мен соңғы өлең,
Махаббатымды түсінесін батсан терен.
Сені Жаным бақытым деп жүргенімде, 
Қол ұстасып басқаменен кеткенің бе?

Есімің жазылып қойған жүрегімде,
Несіне күнәртамын күзге неге?
Өткен күнді алып елестетіп есіме,
Бүгін кірдің тағы менің түсіме.

Есіңде ме? Болған еді қанша арман, 
Арман, мақсат барлығы енді жалған.
Құс болып ұшып кеттің жанарымнан,
Сезімімді қайтаршы қымбат маған.

Басқаның көңіліне шаттық сыйлап,
Кеттің бе? Жүрегімді жаралап.
Енді сені ойлауды доғарамын.
Одан басқа қалды ма? Амалым.

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні: 26.07.20ж 18:02

#Шабыт#Келгенде#


Өлеңдер
Толық
0 0

Сүйе алмаспын өзгені

Сүйе алмаспын өзгені

Бір өзіннен басқаны сүйе алмаспын,
Сезімім бар махаббат деп аталатын. 
Қимаймын өзіңді басқа ешкімге,
Мәңгі қалсын есімің жүрегімде.

Суыта алмас сезімді жаным барда,
Мейлі арамыз тым алыс болсада.
Ойымда өзіннің бейнен сақталғанда,
Сүйемін, сүйе беремін өзіңді ғана

Сеннен басқа жанды мүлде таппадым 
Жүрегімнен өшпес бұл махаббатым
Құс болып ұшып кетсен қанат қағып
Қаласын бақытым болып байланып

Авторы: Оразбеков Диас
Жазылған күні: 09.06.20ж

#Шабыт#Келгенде#
Өлеңдер
Толық
0 0