Өлеңдер

Өлең: Ақ айша (Қазақ ауыз әдебиеті)

Айналайын, қарағым, асыл айым,
Мінезімді несіне жасырайын.
Расыңмен көңіліңді берсең маған,
Бала қаздай жем беріп асырайын.

Мінген атым торы ала-ай,
Жалтарады қояндай.
Татулықтың белгісі
Қозы Көрпеш – Баяндай.
Аяңда, сәулем, аяңда-ай,
Аяңдашы аянбай.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Алматы мен Қоғалы-ай (Қазақ ауыз әдебиеті)

Дүние өтеді тағы да, дүние өтеді, ахоу,
Оймақсыздың қолынан ине өтеді, әләулім-ай.
Күлің барда күнде ойна, мынандайда, ахоу,
Сұм жалғанның түбіне кім жетеді, әләулім-ай.

Алматы мен Қоғалы-ай!
Әркімнің көңілі жоғары-ай!
Аса байлық не керек,
Ден сау болса болғаны-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Бөз жаулық (Қазақ ауыз әдебиеті)

Көк етігім қонышы тар кие алмаймын,
Әкем менен шешемді қия алмаймын, еркем-ай.

Базардан алған бөз жаулық,
Шетінен алдым бір баулық.
Айналайын туысқан,
Сіздерге берсін денсаулық.

Мен қайтейін ауылдан кетіп барам,
Бауырларым жас еді, кһп ойлаймын, еркем-ай.

Базардан алған бөз жаулық,[code][/code].....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Тұрсынғалиды қызы Күләйдің жоқтауы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Асқарым, әке, сен едің,
Балдырғаның мен едім.
Қайғымды сөзге тізбектеп,
Көз жасымды төгемін.
Есіктің алды тал шынар,
Бастарын сипап күн шығар.
Әкелеп мен жүгірсем,
Алдымнан күліп кім шығар?!
Бетімнен менің кім сүйер,
Еңсесін маған кім иер?
Жығылып кетсем сүрініп,
Қолтығымнан кім сүйер?
Әкемнің өртеп күйігі,
Мен болдым қазір бұйығы.
Әке арманын атаймын,
Асылдың болып сынығы.
Көтердің көкке басыңа,
Деуші едің ылғи: «Жасыма!»....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Балапан қаз (Қазақ ауыз әдебиеті)

Бұл өлке біздің ауыл жайлаған жер-ай,
Желіге асау құлын байлаған жер-ай.
Көзіме от жалындай көрінеді-ай,
Айқасып құлын-тайдай ойнаған жер-ай.

Ей, ақау сабаз,
Ұшырдым ұясынан балапан қаз-ай......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қанатталды (Қазақ ауыз әдебиеті)

Әндердің ұлы атасы “Қанатталды”,
Арқада аңыратып Сәтжан салды.
Талдырып, тамылжытып шырқағанда,
Үзілтіп, естігенде жұрт таңқалды.

Гүл бақша көңілді бір әсем әнді,
Тілейтін бұлбұл едім сайрағанды,.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қозыкөш (Қазақ ауыз әдебиеті)

Ауылым көшіп барады Қозыкөшке,
Қозыкөште болған іс түседі өске.

Қайырмасы:
Угай-ай, ән салшы-ай бір ғана-ай!
Қос етек, бұраң бел,
Қуалай соғар қоңыр жел.

Көш бойында, қалқам-ай,бір ән салшы,
Өмір бойы шықпастай жүрсін есте.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Көк шолақ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Мінгенім астымдағы көк шолақ-ты,
Жалы жоқ, құйрығы жоқ шоп-шолақ-ты.
Ай, қыздар, қойшысынбай өлеңіңді айт,
Тұсыңа біздей құрбың келіп қапты.

Қайырмасы:
Жылдам жүрші, көк шолақ,
Шапшаң жүрші, көк шолақ,
Олай жүрші, көк шолақ,
Былай жүрші, көк шолақ,....
Өлеңдер
Толық
0 0