Отырмын көп ішінде мен де тыңдап, Көңілім қырға шауып, ойға құлдап, Музыка Ұлы Отанның күйін тартып, Шешендер жұрт жігерін жатты шыңдап. Сайрандап жауды алған ел шебін бұзып, Думандап тойдай тобын, дүкен қызып, Картасын қара жердің қайта жасап .....
Биссимилла еді сөз басы, Әлемнен асып озбашы. Қайғылы болған сұм басым Іштегі шерді қозғашы. Әуеден ұшқан сұңқарым, Жылқыда жүйрік тұлпарым. Еркінім сенен айрылып, Түгемей кетер мұң-зарым. Тізем бір отыр бүгіліп, Қабырға-қолым сөгіліп. Арманда кетіп жас есіл, Көзімнің жасы төгіліп. Қолымда тұрған асылым, Артықша туған нәсілің. Жалындап туған қас жүрек, Су сепкендей жасуын.....
Өлең деген немене өнерпазға, Өлең тұрмақ сөз қиын, ал, жаным-ай, ақылы азға-ай-ау. Көтерелік көңілді өлең айтып-ау, Кім бар, кім жоқ ендігі, ал, жаным-ай, келер жазға-ай-ау.
[Қайырмасы] Ал, жаным-ай, Аман-есен болса екен, мал жаның-ай.....
Жаз жайнатып, күн күлдіріп, Біз лагерьге барамыз. Асыл жібек гүл үстінде, Аунап ойнақ саламыз. Орман таудың арасында, Көрінді әне, ақ шатыр, (Онда қызыл ту ұстаған, Біз пионер — жас батыр. Жалындасын жас жігерлер, Бойда қайнап — күш-қуат, Біздің заман сонша қызық, Біздің тұрмыс рахат.......
Қазақта көптен жүрген мен бір тауық, Шырағым, емдеймісің емін тауып. Қаттырақ жауырынымнан қыса түссе, Жүрекке болмас па екен үлкен хауіп? Емдетпей, ерлік етіп жүре берсем, Кетпей ме тұла бойға түгел шауып?....