Өлеңдер

Өлең: Жігіт пен қыздың жұмбақ айтысы (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жігіттің жұмбағы:
Тағы да отырмын мен жұмбақ ойлап,
Дүлдүлді сахараға қойдым байлап.
Басында бұлбұл отыр үйдің сайрап,
Бір гауһар қойнында тұрар жайнап.
Дарияның жағасында құрағы бар,
Жел тисе жанып кетер өрттей қаулап.
Азар білгіш болсаң да бір сасарсың,
Тауып бер жұмбағымның бәрін ойлап.

Қыздың шешуі:
Болғанда – ақыл дария, кеудең – дүлдүл,
Басында сайрап тұрған тілің бұлбұл.
Қойныңнан шыққан гауһар – екі көзің,
Соққан жел дауылдатып айтқан сөзің.
Дарияның жанып кеткен құрақтары,....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Қадыр Мырза Али (Явалықтар көтерілісі)

Ашу мен кек іркіліп,
Бойға қуат құя ма?!
Джунгли боп бір күні
Бас көтерді Ява.
Ұран тастап әр үйге
Қару алды ер кіндік.
Өмір қымбат, әрине,
Одан гөрі еркіндік!
Бұзып заман түрмесін,
Буырқанып, қақ дабыл!
Отаршылдық іргесін
Солқылдатты көк дауыл. .....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ақ саусақ, қыпша бел /2-нұсқа/ (Қазақ ауыз әдебиеті)

Сен дегенде сәулежан, ей, ойым бөлек,
Он жасымнан өлеңге болдым зерек.
Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.

Бағаласам бағаңа жан жетпейді,
Айналайын көзіңнен дөп-дөңгелек.

Ақ саусақ, қыпша бел,
Сағынсаң, сәулем, мұнда кел.....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Үрей)

(Хемингуейдің «Климанджаро қарын» оқығанда)

Пері ме әлде шаштары бұрқыраған,
Сырқат па әлде сүйегі сырқыраған.
Қара түннің ішінен қалтырап кеп,
Шығады бір ащы үн шырқыраған.

Тынысынан айрылып ғұмыр әні,
Қара түннен іздейді....
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Жамбыл Жабаев (Одақтас)

Он жетіге жас толып,
Басына шаттық бақ қонып,
Елім жігіт болғанда;
Ақыл, күші ер жетіп,
Көңілінен шер кетіп,
Айдай балқып тұрғанда,
Домбырасын қолға алып,
Жыр ағызып толғанып,
Жырдан жаңбыр жауғызсын
Елдің қарты Жамбыл да......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Күләш Ахметова (Кеніш)

Қызғанамын бөтені, бөгдесінен,
Келем дейді біреулер кеудесімен.
Алам дейді біреулер теңгесімен —
Даласына бабамның қадалады,
Қандай амал табайын енді осы мен?!
Көзім көрді алғанды, тасығанды,......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Еркежан (Қазақ ауыз әдебиеті)

Жанымды толқын болып тербеп едің,
Алдымда ақ ботадай еркеледін.
Алқынып жете алмадым сағым қуып,
Жасқанып жар ниетін бермеп едің.

Қайырмасы:
Жалын атқан жас жүректен
Жан ұнатқан бір сен едің,сенші,сәулем,
Еркежаным менің сенші сәулем......
Өлеңдер
Толық
0 0

Өлең: Ғашық етші

О Раббым, ғашық етші иманды жанға.
Жұбататын сөзіммен мұнайғанда,
Ғашық етші арманға жетелейтін.
Әр нәрсеге өкпелеп....
Өлеңдер
Толық
3 0

Өлең: Қасым Аманжолов (Жамбыл тойында)

Жастық қып, шынтаққа алып Алатауды,
Келтірмей тобығынан Атырауды,
Отырды шалқып тасып
Жамбыл жырау,
Той - жабдық жасап жатты Жамбыл аулы.
Ай үзік, жұлдыз уық, күн түндікті,
Тойға арнап Жамбыл аулы бір үй тікті.......
Өлеңдер
Толық
0 0